Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті



бет28/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   67
Байланысты:
қә 11 1-1

«Тарауда» деген алтыншы тарауда Балқыбекте сияз болады. Арыз-шағым көп түскендіктен, Лосовскийдің өзі тағы келеді. Тіпті жер мәселесіне байланысты ақын Көкбай Жанатайұлының да үстінен түскен арыз бар. Абай арыз-шағымды өзі тексеріп, кімнің сөзі рас, кімдікі өтірік екенін басын ашып, айтып береді. Көкбайды ақтап алады. Дәркембайдың отыз қара малын қайтартқызады. Салиқа мен Байгөбектің мәселесін шешеді. Ертеңінде сыбан, керей, уақ, тобықты, сақ-тоғалақ, арғын бастатқан екі дуан бас қосқан сиязда болады. Болыстардың бәрі төбе би болудан үміткер. Абай төбе билікке өз туыстарын емес, халық өкілі Асылбекті сайлатқызады. Осы арқылы қалың ел арасында Абай турашылдығы аңызға айналады. «Абай - адам да, азамат та» деген сөз тарайды. Абай балаларын орысша оқуға бере бастайды. Өзі шығармашылыққа біржола ден қояды.
«Биікте» деген жетінші тараудың «Татьянаның сахарадағы әні» деген тағы бір аты бар. Бұл тарауда Абайдың А.С.Пушкиннен аударған «Евгений Онегин» поэмасы туралы сөз болады.
Эпилогта Татьянаның әні жұрт арасында кеңінен тарайды. «Алда - өмір, тартыс. Сол тартыста бұл жалғыз... бір қуаты, бір үміті бар... Қуаты - ақындық, үміті -халық».
«Абай жолының» бірінші кітабынан үзінділер

Қайтқанда
I



Үш күндiк жолдың бүгiнгi, соңғы күнiне шәкiрт бала барын салды.
Қорықтан күн шыға атқа мiнейiк деп асыққан-ды. Бұны қаладан алып қайтқалы барған ағайыны Байтасты да таң атар-атпастан өзi оятып тұрғызып едi.
Күнұзын аттан да түспей, өзге жүргiншiлерден оқ бойы алда отырған. Кей-кейде өзiне таныс Көкүйiрiм мен Буратиген, Тақырбұлақ сияқты қоныс-құдықтардың тұс-тұсына келгенде бала оқшау шығып, астындағы жарау құла бестiсiн ағызып-ағызып та алады.
Арттағылар – Байтас пен жорға Жұмабай:
– Мына баланың ауылға асығуын-ай!
– Сорлы бала қыстай iш құста болып қалған-ау, – деседi. Шәкiрт бала ұзап кеткенде бұлар да ерiксiз желе шоқырақтап шауып отырып қуып жетедi. Жорға Жұмабайдың тақымында қара шоқпары бар. Байтастың да аяғының басына iлген ұзын қайың сойылы барды. Тақырбұлақ тұсына келгенде Байтастар баланы жеке шабудан тежеп:
– Ендi бiзден кетпе! Анау Есембайдың жырасын бiлесiң ғой! Ұры жатады…– дедi.
– Сенi мен бiздi манадан көрiп отыр!»қоқырақтап жалғыз шабатын неме екен, түсiрiп атын әпкел өзiнiң!»– дейдi де, сенi төбеден бiр-ақ нұқып, мына бәйге бестiңдi алады да кете барады, – дедi Жұмабай да.
– Е, сендер ше? Сендер берiп жiбересiңдер ме?
– Ойбай, бiзде не қауқар бар? Бiз екеу-ақ.
– Олар самсаған сары қол. Бұл Есембайда ұдайы жау жатады. Тек бiздi өзiмiздiң елдiң адамы деп аман қалдырмаса, жер жаман, – деп Жұмабай шошыта сөйлегiсi келедi.
Баланың қытығына тиетiнi. Осы жерi.
– Әйтеуiр сендерден дәрмен жоқ екен, ендеше бiрге жүрдiм не, жеке жүрдiм не? Ал кеттiм!– деп, соқтырта жөнелдi. Бұл – Тақырбұлақтан өте бергенде бастағаны едi.
Содан жаңағы қауiптi деген Есембайға жеткенше, артына бiрде-бiр қараған жоқ. Көз ұшына кетiп ұзап алып, ылғи жапа-жалғыз шауып отырған.
Жолдың бұл тұстары ылғи белес-белес болатын. Осы қазiргiдей боп жұрт Шыңғысқа, жайлауға қарай көшкенде елсiз боп қалатын жер. Алыстан жолды бағып отыратын тұрғылары бар. Тақ иекартпадан, өкпе тұстан жүргiншiге жауды қоян-қолтық, құшақтастыра түсiретiн ұры сай, жасырын жыралары да бар.
Бұдан бұрынғы екi күндiк жолда үлкендер жылдам жүрмей, баланың шыдамын әбден тауысқан-ды. Ол сондықтан, бүгiн ауылға жететiн күнi үлкендердi ерiксiз қатты жүргiзудiң айласын тапқанына дән ырза. Күнi бойы осылай етуге байлаған.
– Бала деген қорқар болар едi. Ес бар ма өзiңде, пәруәрдiгер, – деп Байтас бабын таба алмай басын шайқайды.
Жұмабай әбден болмаған соң:
– Қап мынаның баласы! «Мен бөрiнiң бөлтiрiгiмiн» деп келедi-ау! Қой, не де болса қалмайық ендi. Байтас, жүр!– деп шаба жөнелдi. Екеуi де жарыса бастады.
Байтастың мiнгенi Құнанбайдың қара жал бурыл аты, дәмелi бәйге аттың бiрi едi. Жұмабайдың астындағы да сол Құнанбайдiкi – Найманкөк деген үлкен ақ көк ат болатын. Екеуi жарыса жөнелгенде, амалсыз егеске түсiп, «мен озам, мен озаммен» тепкiлесiп, созыла бердi. Бiр белден асып екiншi белдiң өрiне қарай тоқтамай жарысып келе жатты. Осы өрде бурыл ат есiк пен төрдей алға түсе берiп едi. Белге шығып алып шауып келе жатып қарағанда, бала көрiнбедi. Бұлар тағы да сiлтесе бермек болды. Сөйтiп, осы белдiң ойына қарай құлай бергенде, жорға Жұмабай арт жағынан, сол иығы тұсынан тасырлатып кеп қосылған бiр дүсiрдi есiттi. Дәл Есембай биiгiнiң тұсы. Және дәл Есембай жырасының өзi екен.
– Әй, кәпiр, содан қосылған болды-ау. Баланы алып, бiздi баққан екен-ау!- деп ақ көк атты тепкiлей бердi. Артына қорқақтай қарап, шала бұрылып, көз қиығын тастап көрдi.
– Мас көзiңдi., мас!- деп, әзiрейiлдей төнiп келе жатқан бiрдеме. Атын да, кiсiсiн де болжай алмады. Әдейi танытпайын деп, бет-аузын таңып алыпты. Бұл өңiрдегi күндiз шабатын ұрының әдетi. Байтаста үн жоқ, өз бетiмен зымғап барады. Қолды болса, болатын жорға Жұмабай.
Ендi не де болса жанды қармайын деп, тақымындағы шоқпарына жабысты. Соны суыра берiп: «Әй, анау да көк желкеденұрады-ау!» – деп жасқаншақтап келе жатыр едi.
Қуғыншы ойлағандай-ақ шоқпарды жөндеп суыртпады. Тақымынан толық шығарып алғанша бастырмалатып кеп, Жұмабайдың қалың қара тымағын көзiне қарай баса кигiзiп жiберiп, солсәтте шоқпарға жармасты. Жұмабайдың басын көтерiп, тымағын түзеуге мұршасы келмедi.. Тартысуға да қорғаншық, шабуға да мүгедек болып қалды. Сүйткенше, жырынды жау мұның жаңағыдай сасқалаңымен пайдаланып, шоқпарды да тартып алды.
Ендi, ақ боз ат та бiрдемеге тiрелiп тоқтағандай. Жұмабай зорға дегенде бойын түзеп ап, жаңа ғана тымағын кейiн қайырып қап едi. Қараса, бұның шоқпарын тартып ап, ақ боз аттың алдынан көлденең шығып, қазiр iшек-сiлесi қатып, үнсiз күлiп тұрған бағанағы шәкiрт бала. Өзi айтқан «Құнанбайдың бөлтiрiгi» – Абай екен.
Баладан қорыққан ына Жұмабай ұялды да, ыза болды.
– Өй, балам-ау, мына жер – жау жатағы. Бұл ұрының ойнағына кеп алып жаман ырым бастағаның не қылғаның? – деді.
Байтас та күлген бойында қайта оралып келедi екен.
Абай өзiнен үлкен кiсiнiң қорыққанына қатты ырза едi. Жұмабайдың неге ашуланғанын ұғып тұр. Қоңыр жүзi қызарып, төмен қарап қысыла күле берiп, бөркiн айналдыра бастады. Кәдiмгi «жолбасар» ұрыларша шапан-бөркiн айналдырып киiп, мұрны мен аузын қызыл орамалмен таңып алып, Жұмабайды қуғанда тағы сол ұрыларша, «даусымды танытпаймын» деп, мыңқылдап сөйлеп бұйрық берген. Байтас қорықса, қорықпаса да сыр алдырған жоқ.
Сондықтан, Жұмабайдың ашуын алыстан танып, мәз болып күлiп келе жатып:
– Құла бестiнiң төбелiн де жоқ қыпты, қарай гөр өзiн!– дедi.
Жұмабай да жаңа байқады. Бала бестiнiң төбелiн саз балшықпен баттастырып тұрып сылап қойыпты. Жұмабай кiсiлiктi кiсi. О да күлкi бола бергiсi келмейдi. Ендi бұ да уақиғаны ойынға айналдырғысы кеп, мысқылдап:
– Өй, ұқсамасаң тумағыр!» ұры Тобықты, ұры Тобықты!» деп Керей, Уақ зар қағады. Қаршадай баласына шейiн ұры болудың жөнiн жете бiлiп тұр. Зар қақпай қайтсiн Керей, Уақ!– деп өзi де күлдi.
Жұмабайдың қалаға бұ жолы не жұмыспен барғанын Абай дәлдi бiлмейдi. Бiрақ, оның Байтасқа айтқан бiр сөзiнде Құнанбай тапсырған бiр жұмыспен барып келе жатқаны мәлiм боп едi. Абайдың бұрыннан байқауынша, бұл Құнанбайға қадiрi бар кiсi. Абайға ашуланып, ренжiп барса, алдымен әкесiне шағады.
Осыны еске алып кеп, Абай ендi күлкiден тыйылып, жаңа қатарласқанда:
– Жол ұзақ. Ұйқы ашар болсын деп ойнап ем, ғайыпқа бұйырмаңыз, Жұмеке!-дедi. Ендi тiптi сыпайы. Сызылып тұр.
Жұмабай жас баланың пiшiнiне ырза болып қарады да, үндемедi. Байтас Абайды құрбысындай қағытып:
– Жарайсың, «ғайыпқа бұйырмаңыз». Сенiң мынауың, менiң:» Көшкенде жүк артамын сары атанға, айтамын не бетiмдi Ойке апама?!» деген өлеңiм сияқты болды-ау!– дедi.
Абай жете түсiне алмады.
– Қалай дейсiң, Байтас аға? Ойке апа деп кiмдi айтасың?
– Е, Ойке апаны бiлмеушiмең?
– О несi екен?!
– Бәсе. Бәсе, Ойке апа деген бiздiң қатын. Былтыр ала жаздай серiлiк құрып, ел қыдырып, қыз-келiншекпен сауық-сайран салмадым ба? Содан, аяғы қызық бiтiп, үйге қайтатын да мезгiл жеттi. Ендi қатынға қалай қарарға да, не деп барарға да бет жоқ. Сонда әдейi бетiнiң зәрi қайта берсiн деп, «не бетiмдi айтамын Ойке апама…» деген өлеңiмдi өзiм ауылға бармастан бiр-екi күн бұрын айтқызып, жолдастарымды жiберiп жатып ем. Сол осы күнi мәтел боп кетiптi, – дедi.
Абай да, Жұмабай да қызығып тыңдасты. Өзi серi, әншi, сұлу Байтасқа екеуi де – бiрi кәрi, бiрi жас бала — қызғана да, тамашалай да қараған едi. Абайдың көз алдына Ойке деген жеңгесi де, Байтастың былтыр жаздағы әншiл, сауықшыл жолдастары да толық елестедi. Естiген әңгiмесiнiң бәрiн еңсесiмен ынтыға тыңдайтын бала бұрын Байтаспен сырлас, әңгiмелес болмаса да, жаңағының аяғы немен тынғанын бiлгiсi кеп, қызығып келе жатты. Байтастың құрбыдай қалжыңдағанын пайдаланып:
– Ал, Ойке апаңа не бетiңдi айттың сонымен, Байтас аға?– деп жабыса түстi.
Байтас бұған күлiп, ендi iрiленiп қарап:
– Не бетiмдi айтушы ем? Сорлы қатын алыстан әнмен арыз айтып жатқанға шыдасын ба? Келсем, алдымнан өзi шығып, атымды байлап жатыр, – деп, Жұмабай жаққа қарап, иек қағып қойды.
Абай үндеген жоқ. Iшiнен «алдаған екен ғой» деп байлады.
Сол әңгiме жүргiншiлердiң таңертеңнен бергi қатты жүрiсiн Найманкөктiң ақырын бүлкегiне әкеп салған едi.
Шәкiрт бала ауылға асыққан, лепiрген күйiне қайта келiп, тағы да тебiне жөнелдi.
– Уә, қой деймiн, бала! Ат зорықтырасың!
– Жапа-жалғыз ұзап кетiп, жауға жем боласың!– деп, екi жолдасы тағы тежей бергiсi келдi.
Бiрақ қаладан, жабырқаумедреседен жаңа құтылып, ендi үйiне, ауылға жетуге асыққан шәкiрт бала ол сөздердi тыңдайын деп ойысқан жоқ.
Үлкендер қорыққан Есембай да, тiптi ұрылар да Абайға сондайлық жат, суық боп көрiне алмады. Ұры десе, осы елдiң өздерiндей қазақтары. Көп болса: киiмдерi, ер-тұрманы ғана жаман; қолдарында сойылдары ғана бар. Ондай ұрылар жайында Абайдың естiген әңгiмелерi соншалық көп. Кейде. Тiптi, сары тоқым ұры. Болған – ел iшiндегi үлкендердiң өз аузынан естiген әңгiмелерi де ұмытылмайтын. Қайта бiр кездесiп, дәл жауға шапқан пiшiндерiн көрсем деген, iште жүрген ынтықтығы да болатын.
Ал, «Қарауылбиiгi анау, жасырын жырасы мынау» деген Есембай – Найзатастар болса, ол Абайдың өз аулының аса мәлiм қоныстары. Көктем мен күз уақыттарында, жылында екi рет осы жерлерге Құнанбай ауылдары келiп қонып, ұзақ уақыт отырып, жайлап та кететiн. Анау көрiнiп тұрған төскейдiң сай-саласы, бие бауы, ауыл қонысы, қой өрiсi – барлығы да соншалық таныс, жақын. Тiптi, былтыр боқырауда, күзем үстiнде, қалаға оқуға кеткенде дәл осы қоныстан, Есембайдан, кеткен болатын. Сонда тайға шапқан, асық ойнаған құрбы балаларымен жаяу жарыс жасап, асыр салған ең соңғы бiр ыстық қоныс осы болатын. Қыс бойы ауылды, елдi сағынғанда есiнен кетпейтiн соңғы күндерi дәл осы Есембайда өткен.
Ендi кеп: «бұл жерде ұры бар, сұмдық жер, бәле жатқан жер» деген сөздiң қандайы болса да көңiлге дарымайды. Жазықсыз сары биiк, көкшiл қоныс, ақ көделi әдемi өлке мұнарланады. Барлық айналадағы кең дүниеге, әсiресе мынау өзi туған сахара, өлке белдерiне соншалық бiр туысқандық ыстық сезiммен, кешiрiммен де қарайды. Жабыса, сағына сүйедi. Үзiлмей, қатаймай, бiр қалыппен желпiп соққан әдемi салқын қоңыр жел қандай рақат. Осы желмен құлпыра, толқып, су бетiндей жыбыр қағып шалқып жатқан ал күрең көде мен селеу далалары… Дала емес – теңiздерi қандай! Сол даладан көз алмай, тоя алмай, үнсiз телмiрiп, ұзақ-ұзақ қарайды. Шамасы келсе, бұл жерлердi құбыжық көру емес, үрке қарау емес, құшағын керiп аймалар едi. Сылап-сипап: «мен сенi сағындым, өзгелер жаман жер десе, мен олай демеймiн. Тiптi, қойныңа тыққан ұры-мұрыңмен де жатсың, бөтенсiң демеймiн» деп қараған сияқты.
Тағы да шапқылап, қара үзiп, алыстай бердi. Болмайтын болды.
– Артында қалып, майырға ерген лаушыдай қашанғы текiректеймiз. Бұл қорлықты көргенше кел, Жұмеке, бiз де аттың басын қоя берейiк, – деп, Байтас бурылатты ағыза жөнелдi. Жұмабай да ерiксiз шапты.
Аздан соң, Абай бұларды тосып алып, ендi үшеуi бiрдей ұзақ-ұзақ жарысуға айналды.
Қорықтан шыққалы таңертеңнен берi бөгелместен тартқан үш салт атты, аттарын қан сорпа қылған қалпында, кешкi екiндi кезiнде Көлқайнардағы Құнанбай аулына, Абайдың өз шешесi Ұлжанның отырған аулына, кеп жетiп едi.
Көлқайнар суы мөлдiр мол бұлақ болғанмен, кең қоныс емес. Жайлауға қарай, Шыңғыс асқалы беттеп келе жатқан елдiң үш-төрт аулы қоныпты.
Бұның бәрi «Құнанбай аулы» деп аталады. Өзiнiң аулы мен жақын туысқандарының ауылдары.
Көлемi аз бұлақтың айналасына жиi қонған ауылдардың үйлерi де, шұбыртқан малы да, адамдары да кешкi мезгiлде ыю-қию араласып жатқан сияқты. Жер ошақтардан шыққан түтiндерi де бiрiне бiрi қосылып ұласып, тұтасқан көкшiл мұнардай тарайды, үрген иттер, мал қайырған айғайлар, маңыраған қой, қозы шулары араласып жатыр. Кешкi суға келе жатқан қалыңжылқының кiсiней шапқан дүбiрi, шаң-тозаңы болсын, немесе оқта-текте азынай кiсiнеп, үйiрiн iздеп шапқан, мiнуден босаған жас айғырлар дауыстары болсын – барлығы да осы отырған ауылдардың осы кештегi тiршiлiк тынысын бiлдiрген сияқты. Баланың барынша сағынған көрiнiсi. Қазiр жүрегiн аттай тулатып, соншалық қуантып, еркiн алған көрiнiсi. Жүргiншiлер бұлақтың дәл қасына ең жақын қонған ауылға келе жатыр. Ортасында бес үлкен ақ үйлер бар, көп үйлi ауыл – Абайдың екi шешесi Ұлжан мен Айғыздың аулы.
Осы ауылдың шеткi үйлерiн сырттап, кешкi жайылымға, батыс жаққа қарай жаңа өрiп бара жатқан бойдақ қойдың iшiн аралап, ортадағы үлкен үйлерге қарай беттеп келе жатқан үш аттыны бұл ауыл тез таныды. Әсiресе қораның ортасында қосақталған қойды сауып отырған қатындар бұрын көрген екен. Етектерiн белдерiне қайырыптүрiп алған, алжапқыш тартқан қалыптарымен, қолдарына шелектерiн ұстасып, жүргiншiлерге қарап:
– Қалашылар, қалашылар келедi!
– Анау Абай, Абай ғой, айналайын-ай! Апасына айтайыншы, – дедi бiр қартаң қатын.
– Бәсе, Телғара ғой… Жаным-ау, мынау. Телғара! Әпкеме айтайыншы, – деп, тағы бiр жас қатын, жеңге де үлкен үйге қарай ұмтылысқан.
Сағынған баласының келер мөлшерiн Байтас кеткеннен берi шешесi Ұлжан да есептеп, осы бүгiнге ұйғарып жүр едi. Қырықтың iшiне жаңа кiрiп, семiз тартып қалған сары қызыл бәйбiше жаңағы дауыстарды түгел естiдi. Өз үйiнен шығарда, төрде отырған енесi Зеренi де хабарландырып, сүйемелдеп ерте шықты.
Құлағы көптен мүкiс тартқан кәрi әжесiнiң ең бiр жақсы көретiн немересi Абай-ды. Оны есiнен шығармай, дұғасына кiргiзiп, тiлеуiн тiлеп отыратын.
Аттылар үйдiң сыртына келе бергенде, алдарында, сол үлкен үй мен күншығыс жағына тiгiлген қонақ үйдiң екi арасында, бұларды күткен бiр топ жан тұр екен. Жаңағы шешелерден басқа: жеңгелер, көршi үйлердiң қатындары, бiрен-саран тыстажүрген шал-кемпiр, онан соң осы ауылдың барлық үйлерiнен шығып, жүгiрiсiп келiп жатқан балалар бар. Бұл топқа қарай ауылдың үлкендерi де жан-жақтан дабырлап сөйлеп, ағылып келiп жатыр...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет