49
جحلا كسانم
алтыннан екі киіктің мүсінін жасайды. Алайда, бұл
әділетсіздікті көрген Мекке жұрты Жүрһүм тайпасы-
на қарсы шығып, екі арада бірнеше шайқастар болады.
Ең ақырында Мекке жұрты жеңіске жетіп, Жүрһүм
тайпасы басқа жерге қоныс аударады. Тайпа көсемдері
Зәмзәм бұлағын бітемекші болып, екі алтын киіктің
мүсіндерін түйелерге арта алмағандықтан, сол алтын
киіктермен Зәмзәм бұлағының көзін бітеп, жермен
жексен қы-лыпты. Сан ғасырлар өткеннен кейін адам-
дар Зәмзәм бұлағын ұмытып кетеді.
Арада талай-талай қилы замандар өтеді. Бір
күні мұхаммед пайғамбарымыздың (
с.а.с.
) атасы
Абдулмұтталіб бин Һашим ғажайып түс көреді. Түсінде
ол «Тайибаны қаз!» деген дауыс естиді. Ол: «Тайиба де-
ген не?» – деп сұрайды, бірақ оған ешкім жауап бермейді.
Таңертең ұйқысынан оянғасын ол қауымдастарына
түсін айтып береді. Бірақ ешкім де «тайибаның» не
екенін білмейді. Келесі түні Абдулмұтталіб тағы да
сол түсті көреді, түсінде ол «Барраны қаз!» деген дауыс
естиді. «Барра деген не?» – деп сұрағанда, дауыс ғайып
болады. Үшінші түні тағы да түсінде сол дауысты естиді.
Бұл жолы дауыс «Маднунаны қаз!» деп айтады. «Ол
не?» – деп сұрағанда, дауыс жоқ болады. Абдулмұтталіб
төртінші рет түс көргенде, дауыс: «3әмзәмді қаз!»
– деп айтады. «Зәмзәм деген не?» – деп сұрағанда,
дауыс:
Достарыңызбен бөлісу: