Ламашәріп Қайрат Қайырбекұлы Алматы, 2010 جحلا كسانم


جحلا كسانم Қажылықтың мерзімі



Pdf көрінісі
бет2/121
Дата01.02.2023
өлшемі3,72 Mb.
#167100
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121
Байланысты:
Қайрат Лама-Шариф Қажылық
8 класс Волшебная, 3-сабак Қаз тілі, ПРЕЗ, Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3, Рабочая тетрадь Труд человека кормит. Составное глагольное сказуемое.
جحلا كسانم
Қажылықтың мерзімі
Мұсылман күнпарағындағы он екінші айды «Зүл-
хижжа» («Қажылықтың айы») деп атайды. Осы Зүл-
хижжа айының 8-12 күндері Мұхаммед пайғамбарымыз 
(
с.а.с.
)
1
белгілеп беріп кеткен қажылықтың негізгі 
рәсімдері (манасиктері) орындалады. 
Һижра жыл санауындағы қажылықтың осы нақты 
белгіленген күндері григориан календарындағы алдағы 
жылдары болатын мына күндерге сәйкес келеді: 
1431 һижра жылында – 13-17.11.2010 ж., 
1432 һижра жылында – 2-6.11.2011 ж., 
1433 һижра жылында – 22-26.10.2012 ж.,
1434 һижра жылында – 11-15.10.2013 ж.,
1435 һижра жылында – 1-5.10.2014 ж.,
1436 һижра жылында – 20-24.09.2015 ж. …
Сонымен қажылық дегеніміз – бірнеше әдет-
ғұрыптардан, діни жоралардан, салт-дәстүрлерден 
тұратын Исламның қазығы.
1
(с.а.с.) – «саллаллаһу ғаләйһи уә сәлләмә» – «Алла оны 
жарылқасын және қолдасын» деген мағына береді.Мұхаммед 
пайғамбарымыздың атын атағанда бұл сөз тіркесі міндетті түрде 
қосылып айтылады. Сол сияқты басқа да пайғамбарларды еске 
алғанда осы сөз тіркесін немесе оның қысқарған түрі «ғаләйһис-
сәләмді» (ғ.с.) қосып айтады.


6
Қажылық
ИхрАм
Ихрам – қажылық кезінде қасиетті жерге аяқ ба-
сып, ақ киім кию. Қажылардың киетін ақ киімін «их-
рам» деп атайды. Ол «рида» және «изар» деп аталатын 
екі кесек ақ матадан тұрады, мата инеден өтпеген бо-
лады.
Ихрам хал-күйіне түсетін жерді «миқат» деп атай-
ды. Мәселен, ұшақпен ұшып келетін қажылар Жид-
да қаласынан ихрам хал-күйіне түссе, кемемен жүзіп 
келетін қажылар Қызыл теңіз жағасындағы Рабиғ деген 
шағын қаладан ихрам хал-күйіне түседі. Ал қажылықтан 
бұрын Мәдина қаласындағы Мұхаммед пайғамбардың 
(
с.а.с.
) қабіріне зиярат қылған мұсылмандар Меккеден 
437 км, ал Мәдинадан 10 шақырым жерде орналасқан 
Зүл-Халифа ауылынан ихрам хал-күйіне түседі. 
Көп жағдайда шартараптан келетін қажылар Сауд 
Арабиясына ұшатын ұшаққа кірердің алдында ихрам 
киімін киіп, ихрам хал-күйіне түседі.


7
جحلا كسانم
Сонымен, ихрам хал-күйіне түсердің алдында 
мұсылман қажылыққа баруға ниет қылады, сақал-
мұртын күзеп, не қырып, қолтық, шат жүндерін, 
тырнақтарын алып, денесін бастан-аяқ толық жуады. 
Осы шарттарды орындап болғасын қажы:
«Ләббәйкә 
аллаһумма хажжән» (
«Я, Алла! Міне, мен Сенің 
алдыңда қажымын»), – дейді.
Сосын ихрамды жалаңаш денесіне киеді: изар-
ды беліне орайды, ал риданы сол иықтан асырып, 
кеудесі мен арқасын жабады. Ихрамды кигесін қажы 
екі рәкаттан тұратын «Сүннет әл-ихрам» намазын не 
мезгіл намазды оқиды.
Ихрам хал-күйі кезінде қажы адам мына 
қағидаларды қатал ұстайды:
Ихрамнан басқа киім кимейді.
• 
Аяққа тобықты жаппайтын ашық аяқ киім 
• 
киеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет