Жүкті әйелдердің экстрагениталдық патологиясы



бет1/8
Дата12.02.2023
өлшемі0,63 Mb.
#168397
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ПРЕЗ
8 класс Волшебная, 3-сабак Қаз тілі, Қайрат Лама-Шариф Қажылық, Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3, Рабочая тетрадь Труд человека кормит. Составное глагольное сказуемое.

Республикалық жоғары медициналық колледж СӨЖ

  • Тақырыбы: Жүкті әйелдердің экстрагениталдық патологиясы
  • Орындаған: Жармуханбетова Д.
  • Тобы: ЕІ-03-19 3-курс
  • Тексерген: Айгырбаева А.Н.

Жоспары:

  • Кіріспе
  • Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары
    • Гипертониялық ауру
    • Қан ауруы
    • Жүрек-қан тамыр ауруларымен ауыратын жүкті, босанған әйелдерге көмекті көрсету
  • Несеп шығару жолдарының аурулары
  • Ішкі секреция бездерінің аурулары
    • Қант диабеті ауруымен ауыратын науқас жүктілерге, босанатын және босанған әйелдерге көмек көрсету
  • Жұқпалы аурулармен ауырған науқас жүктілерге, босанатын және босанған әйелдерге көмек көрсету
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

  • Экстрагенитальді патологиясы бар жүктілерге, босанатын және босанған әйелдерге көмек көрсетудің өзіндік ерекшелігі бар. Ішкі мүшелер аурулары мен жүктіліктің қабаттасуы 12-14% кездеседі. Мұның көбі жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезең ағымын қиындатып, нәресте дамуына кері әсерін тигізеді. Ал жүктілік өз кезегінде экстрагенитальді аурулы әйелдердің жағдайын төмендетеді. Осының бәрі жүктілік пен босануға байланысты емес ауыр науқастармен ауыратын әйелдерге көрсетілетін мамандандырылған көмекті дамыту қажеттілігін анықтап отыр.
  • Мұндай көмекті ұйымдастыру, әсіресе, жүрек-тамыр патологиясы (жүрек ақаулары, миокард зақымдалулары, гипертониялық ауру), бүйрек аурулары (пиелонефрит, гломерулонефрит) және эндокрин жүйесінің аурулары бар жүктілер үшін өте маңызды.

Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары.

  • Жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезең жүрек және тамыр ауруларының көпшілігінің ауыр түрде өтуіне жағдай жасайды. Жүректің тарылуымен қабаттасқан екі қақпалы клапанының ақауы және ревматоидтік этиологиялы аурулар (эндокард, миокардтың зақымдануы), септикалық эндокардит, стенокардия өте қауіпті болып саналады. Жиі жүктілікті үзу себепшісі болып табылатын жүрек әрекетінің декомпенсациясы және қан айналымның бұзылысы (ентігу, цианоз, ісінулер, т.б.) пайда болады. Жүрек әрекетінің бұзылысы және жүрек қан айналымының аурулары босану, әсіресе қудалау кезеңінде оңай пайда болады. Толғақ кезінде жүйке және бұлшық ет жүйесінің қатты ширығуы жүрек әрекетінің бұзылысына әкеліп соғады. Нәресте туғаннан кейін коллапс (іш қуысы қысымының төмендеуі әсерінен) басталуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет