Жүкті әйелдердің экстрагениталдық патологиясы


Қант диабеті ауруымен ауыратын науқас жүктілерге, босанатын және босанған әйелдерге көмек көрсету



бет7/8
Дата12.02.2023
өлшемі0,63 Mb.
#168397
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ПРЕЗ
8 класс Волшебная, 3-сабак Қаз тілі, Қайрат Лама-Шариф Қажылық, Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3, Рабочая тетрадь Труд человека кормит. Составное глагольное сказуемое.

Қант диабеті ауруымен ауыратын науқас жүктілерге, босанатын және босанған әйелдерге көмек көрсету.

Жүктілік кезінде, әдетте, диабет ауруының ағымы төмендейді. Әсіресе, жүктіліктің ІІ жартысында диабет ауруы кезінде ауыр ағымды гестоздар, көпсулылық, пиелонефрит, жүктілікті мерзімінен бұрын үзу жағдайлары жиі байқалады. Диабетпен ауыратын әйелдердің босануы барысында босану әрекетінің әлсіздігі, қағанақ суларының мерзімінен бұрын немесе ерте ағып кетуі жиірек байқалады. Бұл әйелдердің нәрестелері ерекше бақылауда болуы керек. Қант диабеті кезіндегі босанулар жалпы босану сандарының 0,3-0,5 % құрайды.

Әйелдер кеңесінде ауру диагнозын, қауіп-қатер дәрежесін нақтылап, жүктілікті сақтау мүмкіндігі туралы сұрақты шешу керек.

Диабетпен ауыратын жүкті әйелде жүктілік сақталып қалатын жағдайда акушер-гинеколог оған терапевт және эндокринологпен келісілген жеке жоспар құрады. Осы науқастар тобына көрсетілетін стационарлық көмек арнайы мамандандырылған мекемелерде жүзеге асуы керек. Эндокринологиялық бөлімшелері және соған сәйкес зертханалық қызметтері бар көп профильді ауруханалар құрамына кіретін ірі акушерлік стационарларда осы топқа арнайы палаталар бөлу бойынша оңтайлы тәжірибелер жинақталған.

Госпитализациялау үшін көрсеткіштер:

  • Ø диагнозды, жүктілікті сақтау мүмкіндігін нақтылау, емдеу курсын, сонымен қатар жүктілікті сақтап қалу кезінде инсулин мөлшерін анықтау үшін әйелдер кеңесіне қаралуын;
  • Ø диабет декомпенсациясы басталатын (инсулин мөлшерінің өзгертілуін және сәйкес емнің белгіленуін қажет етеді) 22-24 апталық жүктілік кезінде эндокринологиялық бөлімшеге немесе жүктілер патологиясы бөлімшесіне міндетті түрдегі эндокринолог кеңесі;
  • Ø 30-32 апталық жүктілікте акушерлік стационарға тексерілу және босану мерзімі мен әдісі сұрақтарын шешу үшін.
  • Жедел госпитализация қант диабеті декомпенсациясы басталған, ана мен (немесе) нәресте жағдайы нашарлаған, акушерлік патология пайда болған кезде көрсетіледі.
  • Денсаулық сақтаудың жергілікті органдары акушерлік стационарға науқас баланы балалар ауруханасының сәйкес бөлімшесіне (мерзімінен бұрын туған нәрестелер, неврологиялық бөлімшелер, т.б.) жедел түрде ауыстыруына мүмкіншілік жасауы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет