6. Аса тапшы және қымбат дәрілерге арналған талап ету құжаттарында емделушінің аты-жөнін, ауру тарихының нөмірін, диагнозын көрсетеді.
7. Аға медбике дәріханадан дәрі-дәрмектерді аларда олардың тапсырысқа сәйкестігін тексеріп отырады. Дәріханада жасалған дәрілік формаларда бір түсті этикеткалар болуы керек: сыртқы қолдануға арналған дәрілер сары түсті, ішкі қолдануға арналған дәрілер ақ түсті, парентералды жолмен енгізілген дәрілер көк түсті (стерильды ерітінділері бар флакондары). Этикеткаларда дәрілердің анық атаулары, концентрациялары, мөлшері, даярлау мерзімі және осы дәрілік формаларда фармацевттің қолы болуы керек
Дәрі дәрмекті ағзаға енгізу жолдары:
Энтеральды жол: Ауыз арқылы, тіл асты, тік ішек арқылы.
Сыртқы жол: Теріге, көз, құлақ, мұрын, қынаптың кілегей қабықтарына
Ингаляциялық жолмен: Тыныс жолдары арқылы.
Парентеральды жол: Тері ішіне, тері астына, бұлшықетке, тамырға, күре тамырға, қуыстарға, сүйек ішіне, субарахноидалдық кеңістікке.
Дәрілік заттарды энтеральды қолдану тәсілдері
Ішке дәрілер ауыз арқылы (рег оs). тік ішекке (рег гесеtum) және тіл астына (sub lingua) енгізіледі. Бұл тәсілдердің көмегімен жергілікті, резорбтивті және рефлекторлы әсер беруге болады.
Пероральды (ауыз арқылы) енгізу жолдары
Дәріні ауыз арқылы қабылдау кең тараған. Дәріні ауыз арқылы қабылдағанда, ол ащы ішекте сіңіріліп, қан тамырлары арқылы бауырға түседі де, жалпы қан айналымына қосылады.
Ауыз арқылы енгізудің жағымды жақтары
|
Пероральды қабылдаудың кемшіліктері:
|
Бұл жолмен әртүрлі формадағы дәрілерді қабылдауға болады (ұнтақ, пилюля, таблетка, микстура, қайнатпа, экстракттар түрінде);
қарапайым және ыңғайлы;
залалсыздандыруды талап етпейді;
арнайы дайындалған көмекшілерді талап етпейді.
|
дәрілік заттардың бір бөлігі бауырда белсенділігін жоғалтады;
дәрінің әсері ағза иесінің жасына, жағдайына жеке сезімталдығына байланысты;
ас қорыту жолында дәрінің баяу әрі толық сіңірілмеуі (бұған ас қорыту ферменттері әсер етіп, дәрі 10-15 минуттан кейін ыдырай бастайды).
науқастың ессіз жағдайында немесе жүрегі айну кезінде дәріні қабылдай алмауы;
|
Ауыз арқылы дәрілер ұнтақ, таблетка, пилюля, ерітінді, тұнба (сулы және спиртті), қайнатпа, экстрактар, микстуралар (қоспалар) түрінде енгізіледі:
- Ұнтақты мейірбике тілдің түбіне төгеді де су ішкізеді. Дәріні мен пилюляны да науқас солай қабылдайды. Балалар дәріні немесе ұнтақты іше алмау мүмкін, сондықтан оларды суға езіп береді.
- Ерітінділерді, сулы тұнбалар мен микстураларды үлкен адамдар ас қасықпен (15 г), балалар шай қасықпен (5 г) немесе орташа қасықпен (7,5 г) ішеді. Бұл үшін сәйкес бөлімдері бар мензурканы пайдалану ұсынылады. Жағымсыз иісті сұйық дәрілерді сумен ішеді.
- Спиртті тұнбалар мен кейбір ерітінділерді науқастар тамшы түрінде қабылдайды. Тамшының қажетті мөлшерін пипеткамен немесе арнайы флакон болса бірден флаконнан санап кұйған жөн. Қабылдар алдында тамшыларды аздаған суда ерітеді де сумен ішеді. Егер тамшыны санағанда қате кетсе, дәріні төгіп тастап (флаконға емес), мензурканы шайып, тамшының қажетті мөлшерін қайтадан тамызу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |