Жамал. Оқимыз.
Шотай. Оқығандарыңыз жөн, ол – ұлт газеті. Онда бүгінгі күннің барлық өзекті мәселелері өткір де дәл жазылады. Осы жуырда ғана «Жас Алаштың» осы облыстағы тілшісі біз әңгіме қылып отырған қарттар үйін шиқанын шығарып тұрып жазды. Алайда, оны ешкім құлағына қыстырған жоқ.
Жамал.Рауза Оразғалиевна, бағана айтпап па едік, газет сөзінің жерде қалғанын, мынау – соның жарқын көрінісі.
Рауза. Айтқанбыз, Жамал Ахметовна, дәл айттыппыз.
Жамал. Ойпыр – ай, бұл заман қайтер екен, қайтіп ел боламыз? Біреудің қайғысынан пайда тапты деген не сұмдық?!