Јлдихан Ќалдыбаев


Рауза. Алда құдайым – ай-а! Жамал



бет227/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   371
Рауза. Алда құдайым – ай-а!
Жамал. Үйді сағынады екен ғой әкпең. Шотай, мұның – мұсылмандық.
Кейуана (күлімсіреген күйі). Сағынамыз. Онда бәрі бар, бірақ үй емес.
Рауза. Рас-ау бейшараның айтқаны.
Жамал. Неге бейшара? Бұлар - мемлекеттің қамқорлығындағы адамдар, түк те бейшара емес.
Шотай. Бейшара. Мемлекеттікі дұрыс. Біздің мемлекетіміз – мейірімді, Ел басымыз – мейірбан. Сөйте тұра облыс басшыларының қарттар үйін өң алаяқтарға беріп қойғаны түсініксіз.
Рауза. Сонда қалай?
Шотай. Қарттар үйінің директорынан бастап үй сыпырушысына дейін осылардың қанын сорумен айналысады.
Жамал. Бұларда соратын не бар?
Шотай (ызалы). О-о, сіздер білмейді екенсіздер, бұларда бәрі бар. Қарттар үйінде тұратындардың бәрі – зейнеткер. Директор түрлі сылтау тауып, бәрінің зейнетақысын жинаттырып алады. Нанбасаңыздар, әкпемнің өзінен сұраңыздаршы, қолына соқыр тиын ұстатар ма екен?
Кейуана. Қайдағы! Бәрін директорға береміз. Шалым өлгенде үйім де, дүние – мүлкім де болған. Бәрін директор сатты, ақшасын көрсеткен жоқ. «Өлігіңе жұмсаймыз» - дейді.
Шотай (Жамал мен Раузаға). Әне, көрдіңіздер ме, қарттар үйінің бастығы да, басқасы да өзі бейшара мүскіндерді тонап отырған пәлелер.
Рауза. Немене халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі басқармадағылар білмей ме мұны?
Шотай. Біледі. Директор жалғыз өзі жемейді, басқармадағыларға да асатып отырады. Сіздер не, «Жас Алаш» газетін оқымайсыздар ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет