Мотив және оның түрлері. Мотивацияның рөлі



Pdf көрінісі
Дата01.08.2023
өлшемі0,65 Mb.
#179674
Байланысты:
Оку мотивациясы
КТИЦ тест русс 21 02 послед 1 Восстановлен, задача, РК, Үй тапсырмасы Иррационал теңдеулер, ОП 6В05403 Механика ИСПР. 2019, тапсырма, 1.1, Л дыбысы мен әрпі, № 3- сабақХимиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы, сурактар тренинг, ЛЕКЦИЯ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ (2) (1), 1-дәріс Мәдениет ұғымы және құрылымы


5-дәріс
Мотив және оның түрлері. 
Мотивацияның рөлі
ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
АШЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ


Кітап:
Дәріс:
Оқыту теориясы
5. Мотив және оның түрлері. Мотивацияның рөлі
2
Жоспары:
1. Мотив және оның түрлері
2. Мотивацияның рөлі қандай?
3. Мотив деген не?
4. Мотивтің түрлері.
5. Мотивтің қызметі.
Достар, өздеріңізден дәл қазір сұраңыздаршы. Бұл дәрісті не үшін оқып отырсыздар. 
Сіздердің өмірлерініңде мұнан да маңызды нәрселер барына ешкім күмәнданбайды. Мысалы, 
спорт, хобби, достармен қыдыру, тіпті болмағанда ешнәрсе жасамау және дәмді тамақ... Сізді 
соның бәрін ысырып қойып осымен айналысуыңызға не түрткі болды? ...әркім түрлі нұсқаларын 
ұсынады. Жауаптар өте көп. Олардың әрқайсысы сіздің ішкі дүниеңізде пайда болған ерік-
жігеріңіз арқылы көрініс тапқан себептер не мақсат. Міне, дәл осындай сізді бір нәрсе жасауға 
итермелейтін басты себепті мотив деуге болады, ал ішкі жағдайыңызды мотивация деп атаса 
болады. Неміс ғалымы Хайнц Хекхаузен «мотивацияға іс-әрекеттің мақсатты бағытталуы» 
дейді.
Мотив сөзі тек қана психология немесе педагогика, оқытуда ғана емес, күнделікті өмірде де 
жиі қолданылады. Оқытудағы көптеген жетістіктер мен проблемалар оқыту мотивтеріне, білім 
алушының оқығысы келу, келмеуіне байланысты. Алайда көптеген ғалымдар осы мәселеге де 
мұқият қарауды ұсынады. Біріншіден, тиімді оқыту мен мотивтің байланысы, мотивтің қайдан 
алынатыны жайлы сұрақ жауапсыз қалып отыр. Екіншіден, барлық уақытта оқуға деген ынта 
бүкіл оқыту процесі бойы сақтала бермейді. Мысалы, мектепке оқығысы келіп келген көптеген 
балалар сабақтың алғашқы күндері не аптасында-ақ оқуға деген ынталарын жоғалтады. 
Осындай көріністерді 1-курс студенттерінен де байқауға болады. Кейбір студенттер университет 
табалдырығын аттаған алдыңғы жылдарда-ақ мамандығын ауыстырып үлгереді. ХХ ғасырдың 
бірінші жартысында психолог М.С. Неймарк психологиялық зерттеулер нәтижесінде мотивтің 
үш түрін анықтайды.
Бірінші топ – тұлғалық мотивтер
Бұл мотив адамның тұлғалық қасиеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тұлғалық 
мотивтің басты белгісі көшбасшылық позицияны ұстануға ұмтылу, басқалармен салыстырғанда 
ең жақсы нәтиже көрсету, атаққа иелену сияқты өзінің жеке қалауларын іске асырудан көрінеді. 
Оқытудағы бұл мотивтер үздік студент атану, жоғары стипендия алу, жақсы бір жұмысқа 
жолдама алу немесе өзі оқыған оқу орынында жұмысқа қалу болуы мүмкін.
Тұлғалық мотивтен аздап айырмашылығы бар келесі бір мотив – ұжымдық мотив деп 
аталады. Мұнда тек «меннің» орнына «біз» деген ұғым алдыға шығады. Бұл мотив адамның 
белгілі бір топ ішінде не ұжымда алдыңғы жетекші қызметте болуға ұмтылуымен, өзге 
топтардан алда болу ниетімен сипатталады. Оқытуда бұл факультетте немесе топтардың 
арасында көшбасшы топ болуға ұмтылумен сипатталады.
Алдыңғы екі топтан өзгешелеу үшінші топ – іскерлік мотив деп аталады. Бұл мотивтің 
басты ерекшелігі қандай да бір қызметтің сыртқы құрылысына емес, ішкі мәніне арналуында. 
Дәл осы мотивті ұстанғандар үшін олардың қоғамдағы орны, өзгелермен қарым-қатынасы 
аса маңызды емес. Оларға өздері айналысып отырған іс-әрекеттері маңызды және олар 
өз ісінің нәтижесін өздерімен, өздерінің қатысы бар мәселемен ғана байланыстырады. Бұл 
мотивті оқытумен байланысты қарастырсақ, іскери мотив оқушының өзі оқып-зерттеп жатқан 
материалға бар ынта-жігерімен бас қоюын қамтамасыз етеді. 
Үш мотивті қатар қарастырғанда, бұл ең қолайлы мотив ретінде көрінеді. Мұнымен 
келіспеуге болмайды. Алайда мұның да өз қиындығы бар. Оқытуда тек ішкі мотивті қолдану 
– студенттердің қарым-қатынас, әрекеттеріндегі жағымсыз нәтижелеріне әкелуі мүмкін. 
Оқытудың ішкі мотиві көбінесе танымдық мотивтермен байланысты. Басқаша айтқанда, 
оқытудың ішкі мазмұнын мотив етіп алған адамдар өзінің жеке қызығушылықтарын бірінші 


3
3
Кітап:
Дәріс:
Оқыту теориясы
5. Мотив және оның түрлері. Мотивацияның рөлі
орынға қояды, оларға оқыған, жаңа бір нәрсені таныған қызық. Оқытудың бұл түрінің еш 
кедергісіз жүзеге асатыны, нәтижесінде жақсы нәтижеге қол жеткізетінін дәлелдеу керек емес. 
Алайда сонымен бірге мұның белгілі бір шектеуге әкелетін екі факторы барын да айтқу керек. 
Біріншіден, оқыту материалдарына шектен тыс кіріп кету адамның өзі алған білім нәтижесін 
қызмет барысында қолдана алмауына әкеледі. Өзінің білгені мен жасай алатынын тәжірибеде 
көрсете алмайды. Осыған байланысты бір оқыған оқиға есіме түсіп отыр. Мектепке дейінгі 
балаларға математика сабағында өлшемді үйретуде Иван Цареевич ертегісін пайдаланады. 
Балаларға қолдарындағы екі ыдыстағы сұйықтықты дәл өлшеу тапсырылады. Ертегі кейіпкері 
– Иванға тек тірі су ғана көмектесе алатынын, тірі судың өлі судан аз болатыны айтылады. 
Осылайша кішкентай бүлдіршіндер екі топқа бөлініп арнайы ыдыстары арқылы суды өлшей 
бастайды. Жұмыс барысында ішкі мотивке ие топ үлкен қызығушылықпен әрі аса мұқияттылық 
танытып, көзге түседі. олардың басты артықшылықтары сол – олардың барлығы Иван 
Цареевичті тірілтуді ұмытып кетті. Кейбіреуі тіпті тірі судың өлі судан аз болуы керек дегенді 
мүлде естерінен шығарып алды. Бір жағынан қарағанда, олар өздерінің қатарластарына 
қарағанда өлшем құралдарын әлдеқайда жақсы пайдаланды, ыдыстағы сұйықтық көлемін де 
анықтады. Оқушылардың алдында тұрған дидактикалық мәселеле тұрғысынан қарағанда, бұл 
сабақ пайдасыз болып шықты. Дәл осы көріністі үлкендердің өмірінен де байқауға болады. 
Ішкі мотивке ие адамдар оқығанды ұнатады, көбі екінші тіпті кейде үшінші диплом алып 
жатады. Тіпті бір мамандық оқып жүріп, өзге де қосымша ақылы курстарға қатысады. 
Алайда толып жатқан дипломдар, сертификаттар, оның кең ғылыми ой-өрісі кейде оның 
сапалы қызметіне кепіл бола алмайды. Мұның бәрі ішкі мотивке ие көптеген адамдардың 
қарым-қатынас жасауда қиындыққа тап болатынын, ұжымда жұмыс жасауда проблемасы 
болатындығын көрсетеді. 
«Оқыту теориясы» атты еңбегінде Дейл Шунк: «Басты мәселе оқытушы білім алушыда 
дұрыс мотивтің болуы. Мотивация оқыту сатылары мен оның нәтижесіне әсер етеді деп
оны мінез-құлықтың қозғаушы күші деп есептейді. Қандай да бір себеп болған жағдайда 
мотивацияға негізделген мінез-құлық арта түседі. Ал танымдық теория ынта мен оқытуды 
бір-бірімен байланысты болғанымен, екі бөлек нәрсе деп қабылдайды. Біреуде мотивация 
болғанымен, оқығысы келмейді, ал басқа адам мотивациясыз-ақ оқи береді. Бұл теория 
бойынша мотивация зейінге тікелей әсер етеді және білімнің пайда болуына көмектеседі. 
Қозғаушы күш оқушыларды ынталандырғанымен, оның мінез-құлыққа әсері өздігінен іске 
аспайды, керісінше, оқушылардың оны қалай қабылдауына байланысты болады. Осы уақытқа 
дейін орын алған қозғаушы күш (адамның осы уақытқа дейін орындауға мәжбүр болған ісі) 
қазіргі сенімімен қайшы келген кезде адамдар сенімдеріне сүйенеді (Бандура, 1986; Брюэр, 
1974). Зерттеулер оқушыларды ынталандыратын көптеген танымдық процес элементтерін 
анықтады. Мысалы, мақсат, әлеуметтік салыстырулар, өзіндік тиімділік, құндылықтар және 
мүдделер. Оқушылардың ынтасын арттыру үшін мұғалімдер оқу тәжірибесі мен қоршаған 
ортаның ынталандыру әсерін естен шығармағаны абзал.
Зерттеушілер мотивацияның негізінде қандай да бір қажеттіліктің жататындығын жоққа 
шығармайды. (В.Д. Шадриков, В.А. Мазилов Общая психология. М. 2015). Олардың ойынша, 
мотивация орталық жүйке жүйесімен тікелей байланысты. Олар мотивацияның: Тағамдық 
мотивация және жыныстық немесе биологиялық мотивация, рухани мотивация сияқты 
түрлерін ажыратып көрсетеді.
Мотивацияны іс-әрекет барысындағы қозғаушы күш ретінде қарастыра отырып, бірқатар 
зерттеушілер (Нюттен Ж. «Мотивация, дейтвие и перспективы будущего». М, 2004) мотивацияның 
бастау көзі стимул немесе сыртқы оқиғалармен байланысты емес, ол тұлғаның өз ішіндегі 
стимулы мен қажеттіліктерінде жатыр дейді. Осындағы қажеттілік дегеніміз не? Мотивацияға 
негіз болатын қандай қажеттіліктер дегенде ғалымдар тарапынан орныққан ортақ пікір 
жоқ. Әрбір зерттеуші түрлі қажеттілікке акцент жасайды. Мысалы, кейбірі физиологиялық 
қажеттіліктерді: шөлдеу, қарны ашу, өзін сақтау, ұрпақ жалғастыру, т.б. секілді бірінші орынға 
қояды. Келесілері әлеуметтік: атақ-абырой, өзгелерге үстемдік ету секілді қажеттілікті 
алға тартады. Біршама пікірлерді талдай келе қажеттіліктің мынадай 3 классификациясы 
жасалынды:


Кітап:
Дәріс:
Оқыту теориясы
5. Мотив және оның түрлері. Мотивацияның рөлі
4
1. Материалды қажеттілік: физиологиялық қажет нәрселер.
2. Рухани қажеттілік: моральдық, эстетикалық, діни, салт-дәстүрлік, танымдық.
3. Әлеуметтік қажеттіліктер: қоғамдағы орны, белсенді болуы.
Осындай қажеттіліктер негізінде мотивацияның пайда болатындығын зерттеген еңбектер 
баршылық. Мотивация мақсатқа негізделген әрекеттерге бастайтын және оны нығайтатын 
процесс деп анықталады. Мотивациялық әрекеттерге тапсырманы орындауды, дене және 
ақыл-ой күшін жұмсауды, қиындыққа төтеп беруді және жетістікке жетуді өзіне міндет қылып 
алу жатады. Заманауи теориялар мотивациялық процестердің танымдық компоненттері бар 
екенін анықтады. Танымдық нейроғылым көзқарасы тұрғысынан алып қарастыратын болсақ, 
мотивацияның кемінде екі түрі бар – мадақтау және мотивациялық күйлер.
Мадақтау
Мадақтаудың мотивациялық зерттеулер тарихында алатын орны ерекше. Мадақтау 
мынадай жағдайда нәтиже береді:
• Балалардың мадақтау алуға іштей сенімді талпыныстары болуы;
• Мадақтау арқылы тәрбиеленушіні ұжымның қалған мүшелеріне қарсы қоймау мадақ-
таудың баланың іс-әрекетіне сай болуы;
• Мадақтау арқылы шәкіртке шешім қабылдауға үйрету;
• Мадақтаудың шынайы болуы, шындыққа негізделуі. (С. Бабаев, Ш. Оразов, К. Бабаев. 
Педагогика: жалпы негіздері. А, 2013).
Мотивацияның когнитивті және конструктивистік теориялары мінез-құлыққа мадақтаудың 
өзі емес, керісінше, оның болатынына деген сенімділік түрткі болады деп есептейді. Оқыту 
процесінде нәтиже болған жағдайда ғана мадақтау мотивацияға жол ашады. Адамдарда 
олардың мінез-құлқын мадақтау арқылы бақылап отыр деген ой пайда болған кезде мотивация 
төмендейді (яғни, оларды мадақтау үшін олар тапсырма орындауы керек). Ал, болып жатқан 
жағдай мен үміт бір-біріне қайшы келген кезде жаңа білім тез қалыптасады (Такер & Лу, 2007). 
Мида сондай-ақ, мадақтауды өңдеуге арналған жүйелер де бар болуы мүмкін (Дженсен, 
2005), бірақ, мидың басқа қызметтері сияқты оның да қызметі өте күрделі. Ми адамның көңіл 
күйін табиғи түрде көтеретін есірткі тәріздес зат бөліп шығарады. Бұдан мидың жағымды 
әсерлерді қолдауға және бастан өткеруге бейім екенін байқауға болады. Адам жұмысты қажетті 
жағдайда атқарған кезде мадақтау болады деген үміт нейротасымалдаушы дофамин бөліп 
шығаратын көңіл күй желісінің белсенділігін бұрынғыдан да арттыра түседі. Бұдан нейрондық 
тораптың бір бөлігі ретінде ми орындалған әрекет үшін мадақтау күтеді деген болжам жасуға 
болады. Шындығында, дофамин мадақ немесе қандай да бір жақсылықтың болуын күту кезінде 
бөлініп шығады. Күтілген мадақ пен қол жеткізген мадақ екі түрлі болған жағдайда (мысалы, 
көп сыйлық күткенімен, шындығында оның аз болуы) дофамин көп бөлінеді. Дофамин жүйесі 
адамдарға оқытудың бір түрі – үміттенуді реттеуге көмектесе алады (Варма және т.б., 2008).
Мақсаттар мен оқыту процесін қабылдау сияқты басқа мотивация түрлері де дофамин мен 
нейрофизиологиялық референттердің пайда болуына әсер ете ме деген сұраққа жауап беру үшін 
зерттеулер жүргізу қажет. Дофаминнің пайда болу сипаты басқалардан ерекше болғандықтан, 
мадақтаудың бір түрін барлық оқушыға қатысты қолдана алмаймыз. Бұдан мадақтау кезінде 
мида қосымша әрекеттер орын алады деген қорытынды шығаруға болады. Ал, ол білім беруде 
аса маңызды. Мадақтау тәсілін сабақ барысында қолданғысы келетін мұғалімдер әр оқушыны 
қалай ынталандыруға болады дегенді біліп, оқушының қалауына қарай алмасып отыратын 
мадақтау жүйесін жасауы керек.
Мотивациялық күйлер
Мотивациялық күйлер дегеніміз эмоциядан, танымнан және мінез-құлықтан тұратын 
күрделі нейрондық байланыстар (Дженсен, 2005). Олар адамның жағдайына қарай өзгеріп 


5
5
Кітап:
Дәріс:
Оқыту теориясы
5. Мотив және оның түрлері. Мотивацияның рөлі
отырады. Айталық, тамақ жегеннен кейін бірнеше сағат өтіп кеткен болса, біздің қарнымыз 
ашатыны анық. Немесе өзімізді алаңдататын мәселелер көңіл күйімізді бұзуы мүмкін. Бәрі 
ойлағанымыздай болса, бақытты күй кешеміз. Оқыту кезінде де тура осындай күйлер орын 
алады. Басқа күйлер сияқты, мотивациялық күйлер де синапстық тораптармен тығыз 
байланысты болып келетін – сана, дене және мінез-құлықтың бірігуі.
Күйлер ауыспалы сипатта болады. Олар ішкі ойлар мен және сыртқы жағдайларға 
байланысты өзгеріп отырады. Кез келген мотивациялық күй нығаяды, әлсізденеді немесе 
басқа күйге ауысады. Синапстық байланыстардың мұндай ауыспалы қасиеті мотивация 
табиғатына сай келеді, яғни бұл мотивация нәтиже емес, процесс дегенді білдіреді. Алайда ол 
тұрақты емес, керісінше, бірде көбейсе, бірде азайып отырады. Мұғалім мотивациялық күйлер 
мәселесін жақсы түсінуі қажет. Олардың мақсаты, оқушыларда оқуға деген мотивациялық 
күй қалыптастыру. Кез келген уақытта оқушылар айтылған күйлерді бастан өткізуі мүмкін, 
алайда, бұл кезде басқа оқушыларда енжарлық, көңілсіздік, гипербелсенділік немесе көңілдің 
басқа нәрсеге бөлінуі сияқты күйлер болуы мүмкін. Аталмыш күйлерді өзгерту үшін мұғалімдер 
алдымен олардың себебін біліп (мысалы, Камшат неге көңілсіз?), сосын ғана олардың көңілін 
тапсырмаға аударуы керек.
Оқытуда тек қана білім алушының мотивациясы ғана маңызды емес. Сонымен қатар, 
педагогтың қызметінде де мотивацияның алар орны ерекше. Өзінің «Педагогикалық 
психология» (М. 2014) атты еңбегінде Борис Мандель оқытушының қызметіндегі төменде 
берілген мотивтерді зерттеп көреді. 
Материалдық сыйақылармен байланысты сыртқы ынталандырулардан тұратын мо-
тивация. 
Мұнда разряд немесе категорияны көтеру, тексерістерді азайту сияқты себептерді 
де айтуға болады. Мұндай мұғалімдер көбінесе өз ісіне жаңалық енгізуге аса құлықты бола 
бермейді, көбінесе көштен қалмаса болды деген пікірде болады.
Мұғалімнің ішкі қажеттіліктерінен пайда болатын мотивация.
Мұндай мотивация негізінен 
мұғалімнің сыртқы ортаға өзін дәлелдеуден, өз жұмысының оң бағалауын қалауынан 
туындайды. Білім деңгейінен гөрі, оның іс-әрекетінің, жұмысының бағалануы, басқалардың 
оны байқауы 1-кезекте тұрады.
Кәсіби мотив.
Бұл мотив білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді шын қалаудан 
туындайтын мотив. Бұл топтағы мұғалімдерге жұмыс істеуге бізді итермелейтін қандай күш 
деп сұрағанда олар балалардың жаңа білім-дағдыларды игергендігін көруім деп жауап береді. 
Мұндай мотивке ие оқытушылар әрбір сабағында оқытудың тұлғаға бағытталған түрін таңдап 
алады.
Өзінің жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мотивациясы.
Өзін-өзі жетілдіріп, дамытуға 
тырысатын оқытушылар шығармашылық жұмыс түрін таңдап алады. Мұндай ұстаздар үшін 
сабақ – өзін-өзі дамытудың бір жолы. Үнемі оқушылармен бірлесіп білім берудің қызықты 
тәсілдері таңдалып алынады. Олар үнемі жаңадан жаңаны табуға ұмтылып жүреді. Өзін-өзі 
жетілдіру мотиві ұстаздық қызметте өте жоғары орын алады. Мұндай шығармашылық қабілеті 
өте жоғары ұстаздар оқушының да сондай жоғары нәтиже алғандығын қалайтын болса, ондай 
оқыту үздік оқыту түріне жатады деуге болады. 
Нейроғылым алға тартып отырған таным, эмоция және мінез-құлықты бірге қолданудың 
маңызы зор. Оларды жеке-жеке қолданудан аса көп нәтиже шықпайды. Мысалы, оқығысы 
келетін және өздерін оқуға дайынбыз деп есептейтін оқушылар еш әрекет жасамаса көп нәрсе 
үйрене алмайды. Сол сияқты, оқуға нақты зейін қойылмаса, ол да еш қажетсіз әрекет болмақ. 
Эмоциялық стрессті бастан өткеріп жатса да, оқығысы келетін, оқу процесіне араласқысы 
келетін оқушылар өздерінің алған білімдерінің тиянақты болмайтынын байқайды. Оның 
себебі – эмоция жеткіліксіздігі, соның нәтижесінде синапстық байланыстар түзілмейді және 
нығаймайды. Егер де сіздерді мотивация мәселесі қызықтырыратын болса, Г. Мюррей, Абрам 
Маслоу, Х. Хекхаузеннің мотивациялық теорияларымен кеңінен танысуларыңызға болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет