Лекция 1 Кіріспе. Невропатологияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері. Жүйке жүйесінің құрылымы


Лекция 14. Сезімталдықтың бұзылуының синдромдары. Жоғары қыртыстық қызметтердiң бұзылыстары



бет53/60
Дата23.01.2023
өлшемі1,53 Mb.
#166188
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60
Байланысты:
Лекция 1 Кіріспе. Невропатологияны п ні, ма саты, принциптері м
1551283593, срс9, гоха хирургия, Дипломдық жұмыс жоспары
Лекция 14. Сезімталдықтың бұзылуының синдромдары. Жоғары қыртыстық қызметтердiң бұзылыстары



  1. Есту. Көру.

  2. Жалпы сезімталдық және оның бейімделу процесстеріндегі орнының маңызы.

  3. Адамның терісінің сезімталдығыың бұзылыстары, оның түрлері (курка түрі, полукуртка түрі, шүлік түрі, носки түрі, қолғап түрі).

  4. Жоғары қыртыстық қызметтердiң бұзылыстары

Әдебиет:

  1. Ляпидевский С.С. Невропатология. – М.: ВЛАДОС, 2000.-384 с.

  2. Бадалян Л.О. Невропатология. – М.: Академия, 2006.

  3. Бадалян Л.О., Журба Л.Т., Тимонин О.В. Детские церебральные параличи.-Киев: Здоровья, 1988.

  4. Тайжан А.А., Шубаева Ғ.С., Манжуова Л.Н., Байдосова Д.Қ., Тастемірова Г. Невропатология негіздері. 1-бөлім.-Алматы: Қазақ университеті, 2006.-137 б.

  5. Шубаева Ғ.С. Невропатология негіздері. 2-бөлім.-Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ.-2007.-87 б.

  6. Қайшибаев С. Неврология (1-кітап). – Алматы: ҚР ДСМ С.Ж.Асфендияров ат-ғы ҚазММУ, 1999.

  7. Қайшибаев С. Неврология (2-кітап). Арнайы невропатология. – Алматы: С.Ж.Асфендияров ат-ғы ҚазҰМУ, 2003.

  8. Манжуова Л.Н. Клинические особенности развития детей с ограниченными возможностями. Алматы, 2009 (6 б.б.).

  9. Манжуова Л.Н. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың дамуының клиникалық ерекшеліктері. - Алматы, 2010 (7 б.б.).

  10. Умешов А.У. Основы невропатологии (для дефектологических специальностей). – Алматы, 2010.

Сезiмталдық – ағзаның сыртқы ортадан және өзiнiң тiндері мен мүшелерiнен келетiн тiтiркенiстердi қабылдау қасиетi. Осы тiтiркенiстердi қабылдайтын экстерорецепторлар, телерецепторлар, проприорецепторлар, интерорецепторлар, осморецепторлар, хеморецепторлар, барорецепторлар және т.с.с. Сезiмталдықтың келесi түрлерiн ажыратады: 1) беткей (үстiртiн) – ауырсынуды сезу, температураны сезу, тактильдік немесе сипап сезу, 2) терең (проприорецептивтік) – бұлшық ет, буындарды сезу, вибрацияны сезу, басқанды сезу, терi қатпарының бағытын сезу (кинестезия), 3) сезiмталдықтың күрделi түрлерi – шаншу немесе сипаған жерiн сезу, теріге жасалған әрiптердi немесе белгiлердi тану (екі өлшемдік және кеңістіктік сезгіштік), дискриминациялық сезiмталдық (екi жердi бiрдей шаншығанда, осы шаншулардың ара қашықтығын сезу), стереогноз (сипап сезу арқылы заттың пішінін анықтау); 4) интерорецептивтiк (iшкi мүшелердiң рецепторлары арқылы тiтiркенiстердi сезу).


Сезiмталдықтың бұзылыстары: гипестезия – сезiмталдықтың төмендеуi, анестезия – мүлдем болмауы, дизестезия – тiтiркенiстердi дұрыс қабылдамау, аналгезияауырсынуды сезiнбеу, топанестезия – локализацияны сезiнбеу, астереогноз – стереогноздың бұзылуы, гиперестезия немесе гипералгезия – қалыптан тыс сезiмталдықтың жоғарылауы, гиперпатия – тiтiркенiс шегiнiң жоғарылауы, парестезия – құмырсқа жүрген сияқты жыбырлағын, қышыған, ашыған, шаншыған сияқты жалған сезінулер, полиэстезия – бiр тiтiркенiстi көптеген тiтiркенiстер ретiнде сезiну, фантомдық ауырсыну – жоқ мүшенiң ауырсынғанын сезiну.
Сенсорлық (сезiмталдық) бұзылыстарға сонымен қатар көру бұзылыстары (көз өткiрлiгiнiң бұзылуы – амблиопия, амавроз, түстi ажыратпау – ахроматопсия, дисхроматопсия, көру аймағының өзгеруі – скотома, гемианопсия; көру агнозиясы) және есту қабiлетiнiң бұзылыстары (мүлдем естімеушілік, нашар естушілік, есту агнозиясы) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет