Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны


Маманов И. Қазіргі қазақ тілі 1966. Ысқақов А



бет79/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы

Маманов И. Қазіргі қазақ тілі 1966.

  • Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1964; 1974

    Бақылау сұрақтары:

    1. Еліктеуіш сөздер

    2. Бейнелеуіш сөздер


    Лекция№5.1
    Лекцияның тақырыбы: Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері.
    Жоспары:
    1. Жалғаулар арқылы тіркесу.
    3. Шылаулар арқылы тіркесу.
    4.Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысу тәсілі.
    5.Сөздердің интонация арқылы байланысу тәсілі.
    Сөйлем қарым-қатынас жасаудың, адам ойын білдірудің негізгі формасы болып табылады, ал сөз және сөз тіркесі – сөйлем құраудың материалдары. Бұл үш грамматикалық категория өзара тығыз байланыста болады. Яғни, сөз тіркесі дегеніміз – сөз бен сөйлемнің ара қатынасынан шығатын басты синтаксистік единица. Сөз – дараланған ұғымды білдіретін лексикалық единица, яғни заттың, құбылыстың, іс-әрекеттің не солардың белгі, қасиеттерінің атауы қызметін атқарады.
    Сөйлемнің айырым белгілері: біршама тиянақты ойды білдіреді, предикаттық қатынастың негізінде құрылады, өзіне тән интонациясы болады.
    Сөз тіркесінің негізгі белгілері: 1) кемінде толық лексикалық мағыналы екі сөзден құралады: 2) ол сөздер бірі екіншісіне сабақтаса мағыналық және синтаксистік байланыста айтылады, яғни сөз тіркесі басыңқы және бағыныңқы компоненттерден құралады; 3) өзара тіркескен сөздер белгілі бір синтаксистік қатынаста жұмсалады.
    Сонымен, синтаксистік сөз тіркесі дегеніміз – толық лексикалық мағыналы сөздердің сабақтаса байланысқан тобы.
    Лексика-грамматикалық дербестігі бар сөздерден басыңқы-бағыныңқылы сөз тіркесі жасалғанда, жаңа лексикалық мағына пайда болмайды, қосымша грамматикалық мағына жасалады.
    Бұл анықтауыштық, пысықтауыштық немесе объектілік, меншіктік, шақтық, мекендік, т.б. мағыналар болуы мүмкін.
    Мысалы, қызық кітап деген сөз тіркесін алсақ, қызық сөзінің лексикалық мағынасы – белгілі бір сапаны, сынды білдіруі, ал грамматикалық мағынасы – сапалық сын есім екендігі;кітап сөзінің лексикалық мағынасы – оқулық, басылым; ал грамматикалық мағынасы – зат есім, жалпы есім, Атау септігі. Ал осы екі сөздің тіркесуі нәтижесінде жаңа грамматикалық мағына – анықтауыштық қатынас жасалады.
    Сөйлем құрамындағы кез келген сөздердің тіркесі синтаксистік тіркес бола бермейді. Сөз тіркесінің құрамына өзара тіркесімділік қабілеті бар сөздер енеді. Бір – бірімен мағыналық байланыста қолданыла алатын сөздер тіркесімділік қабілеті бар сөздер деп аталады. Тілде актив тіркесімділік басыңқы сыңарға байланысты болып келеді де, басыңқы сөздің өзге сөздерді тіркестіре алу мүмкіндіктері назарға алынады. Пассив тіркесімділік бағыныңқы сыңарға қатысты қолданылады. Осыған қарай басыңқы сыңар қызметіндегі сөздің қандай бағыныңқымен байланыса алу қабілеті айқындалады.
    Мысалы: биік тау, биік асу, биік үйлер немесе қызық кітап, қызық ойын, қызық әңгіме деген тіркестерді құрауғы болады, ал биік кітап немесе қызық асу деп тіркестіруге келмейді. Көрем әдебиетте жаралы жүрек, асау қиял, тәтті сөз сияты тіркестер қолданылады. Бұлар – бір заттың қасиетін басқа затқа теңеу арқылы жасалған метафоралық тіркестер.
    Тіркескен сөздер тобының сапасы әр алуан болып келеді. Кейде екі не одан да көп сөздер тіркесіп бір лексикалық тіркес немесе лексикалық түйдек жасайды. Мысалы: темір жол, ақ қайың, су қоймасы, қызыл ала, оқып отыр, зәресі ұшты, таба нан, қас қаққанша, сары ала, т.б. бұл сөздердің өзара байланысынан жаңа грамматикалық мағына жасалмайды, бірнеше сөз бірігіп бір лексикалық мағына тудырады. Мұндай лексикалық тіркестер сол тобымен сөз тіркесінің бір сыңары болады. Мысалы: күн суыта бастады, кешеден бері жылынды, қас қаққанша жеттік.
    Өзара байланыста тұрып, тобымен сөз тіркесінің құрамына енетін тіркестер түйдекті тіркес болады. Түйдекті тіркес құрамындағы сөздердің біреуінің лексика-грамматикалық дербес мағына пайда болмайды. Лексика-грамматикалық топ болып, сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде жұмсалытын сөздер тобын түйдекті тіркес дейміз. Түйдекті тіркес болатын сөз тобының құрылысы мынадай болады:

    1. Күрделі етістіктер тобы: етістіктің бірнешеуі топтанып күрделі етістік болады: оқып отыр, оқып келе жатыр. Түйдекті топ болатын күрделі етістік бірі негізгі, екінші оған көмекші болады да, сол түйдегімен сөз тіркесінің бір ғана сыңары болады: жазып отыр, оқып жүр, қалып қоя жаздады, көрініп тұр.

    2. Есім мен көмекші етістіктер тобы: мақұл көру, уәде беру, қонақ күту, жол жүру, жақсы көру, сыйлы болу сияты тіркестер сол түйдегімен сөз тіркесінің бір сыңары болады.

    3. Қосарлы есімдер тобы: қосарынан айтылатын тіркестер, қос сөздер де түйдекті тіркес тобына енеді: өзімен – өзі, туған – туысқан, бірімен – бірі, табыстан – табысқа жету.

    4. Күрделі есімдер тобы: бірінші сыңары барыс, шығыс, ілік септігіндегі есім болып, екінші сыңары осы жалғауды керек ететін көмекші есімдерден немесе шылаулардан болады: есік алдында, үй маңы, үйге қарай, сабақтан соң, келген сайын.

    5. Тұрақты тіркестер тобы: тұрақталған тіркес қалпында жұмсалатын фразеологизмдер: ит арқасы қияннан, көзді ашып – жұмғанша, тіс қаққан, берсе қолынан, бермесе жолынан алу, бесіктен белі шығысымен.

    Тілдегі түйдекті тіркестер лексикалық және грамматикалық түйдекті тіркестер болып екіге бөлінеді. Лексикалық түйдекті тіркес екі не оданда көп сөздің тіркесіп, белгілі бір заттың, сапаның, санның, қимылдың әр түрлі белгілерін білдіретін атау қызметінде жұмсалады. Грамматикалық түйдекті тіркес екі не одан да көп сөздің тіркесуі нәтижесінде сөздің грамматикалық мағыналарының түрленуі болып табылады.
    Сөз тіркесі болудың негізгі шарттарының бірі – сөздердің бір-біріне бағына, сабақтаса байланысуы. Ал салаласа байланысқан сөздердің тіркесі синтаксистік сөз тіркесіне жатпайды. Мысалы, бірыңғай мүшелер мен қос сөздер: Асан мен Үсен, әке-шеше, ауыл-аймақ, т.б. Сөйлем ішінде синтаксистік сөз тіркестері екі түрлі ыңғайда құрылады:

    1. Сөз тіркестері сатылана, яғни тізбектеле байланысады:

    Мысалы: Көрші үйдің ауласынан шыға келді.

    1. көрші үй

    2 үйдің ауласы
    3 ауласынан шыға келді
    Кейде сөз тіркесінің құрамындағы бірнеше бағыныңқы бір басыңқыға ортақтаса, жарыспалы түрде байланысады.
    Мысалы: Кешікпей от лаулап жана бастады.

    1

    Кешікпей



    2

    3
    жана бастады От жана бастады

    Лаулай

    Сонымен, синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі деп атаймыз.


    Қазіргі кезде сөз тіркесі синтаксисі мынадай салалар бойынша зерттеліп жүр:

    1. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері;

    2. Сөз тіркесінің байланысу формалары;

    3. Сөз тіркесінің синтаксистік қатынастары;

    4. Сөз тіркестерін басыңқы сыңарына қарай топтастыру.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   101




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет