Жан-Поль Шарль Эма́р Сартр (1905-1980) «Экзистенциализм — бұл гуманизм»
Альбер Камю:еркіндік және абсурд
А. Камю «заңның абсолютті билігі еркіндік емес, бірақ одан артық еркіндікке заң билігіне мүлдем бағынбау апармайды», - деп ой қорытады. Мүмкіндіктерді кеңейту еркіндікті бермейді, бірақ мүмкіндіктердің жоқтығы – құлдыққа апарады. Және анархия да - құлдық. Мүмкіндік пен мүмкінсіздік айқын анықталған әлемде ғана еркіндік болады». «…өмір сүру – абсурдты зерттеу, оған қарсы бүлік шығару… Мен абсурдтаң үш салдарды шығарамын — менің бүлігімді, менің еркіндігімді және менің ынтызарлығымды…және өзіме қол жұмсаудан бас тартамын» Альбер Камю (1913 — 1960) «Бүлікшіл адам»(1951)
Н.А. Бердяевтің еркіндік туралы ілімі
Бердяев еркіндікті озбырлық емес, қайта индивидуалдылықтың көкжиегін кеңейтетін дұрыс нәрсе деп түсінген. Бердяев еркіндіктің екі түрін ажыратады: - алғашқы иррационалды еркіндік, ол потенциалды еркіндік, ол рухтың көкіректілігіне жағдай туғызып, оның салдарынан Құдайдан безіп кетуге, табиғат пен қоғам әлемінде құлдыққа түсуге апарады; - “екінші еркіндік - есті еркіндік, ақиқат пен ізгіліктегі еркіндік, ... Құдайдан берілген және Құдаймен бірге болуда еркіндік”. Рух қайтадан Құдаймен бірігіп, табиғатты жеңіп шығады, тұлғаның рухани біртұтастығы қалпына келеді
«Еркіндік философиясы», «Шығармашылықтың мән -мағынасы» Н.А. Бердяев (1874-1948)
Әл Фарабидің еркіндік философиясы
«Философтардың сұрақтарына жауап», «Бақытқа апаратын жол» атты еңбектерінде әл Фараби ерік және оның бостандығы туралы ойларын жеткізеді: «...адам жалқы жақсы іс-қылықтарды ойланбай, еріксіз, кездейсоқты түрде жасауы мүмкін. Бірақ кездейсоқты жолмен адам бақытқа жете алмайды. Бақытқа жету үшін адам жақсы іс-қылықтарды өз еркімен, саналы таңдау арқылы жасауы керек. Яғни адам жақсылықтың мәнін түсініп-біліп тұрып, еркін таңдауды жасауы керек. Сонда еркіндік адамның жауапкершілігінің бірден-бір негізі болады». (Аль-Фараби//Социально-этические трактаты. Алма-Ата. 1973. – С. 35.].