Лекция «12 жылдық білім беру жүйесі» Жоспар: 12 жылдық білім беру жүйесіне өту қажеттілігі 12 жылдық білім беру жүйесіне өту мәселелері


жылдық білім беудің жоспарлаудың тұжырымдамалық тәсілдері



бет33/43
Дата13.12.2021
өлшемі0,9 Mb.
#125051
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43
Байланысты:
12 жыл ҚН негіздері лекция
~$зеркепсихологизм22, 12 жыл ҚН негіздері лекция
12 жылдық білім беудің жоспарлаудың тұжырымдамалық тәсілдері

Лекцияның жоспары:

  1. 12 жылдық білім беудің жоспарлаудың тұжырымдамалық тәсілдері

  2. 12 жылдық білім беру мәселелері


1) 12 жылдық білім беудің жоспарлаудың тұжырымдамалық тәсілдері

12 жылдық жалпы білім беретін мектепке көшудің болашағы

Отандық мектепте бүгінгі күні қалыптасқан білім беру ісі индивидке, жеке адамға мәдени-тарихи құндылықтарды, нормалар мен дәстурлерді, білім берудің осы үшін әдейі таңдап алынған мазмұны мен нысандарын беру және оны кейіннен интериоризациялау болып табылады. Нәтижелі білім берудің мәнісі сол, мұнда оқушының іс-әрекеті оның жеке басының әлеуетін іске шығаруға негізделген және оның оқылатын пәндер мен салаларға сәйкес келетін білім білім алуын талап етеді. Білім берудің мұндай түрі білім алушының ішкі интонациясының өзгеруіне және оның өзіндік тәжірибесі мен білімінің пайда болуына жәрдемдеседі. Окушылар жеке білім алу өрісін құруға, білім алу мақсатын қоюға, оқытудың мазмұны мен нысандарын таңдауға, яғни өзіндік білім алуды жобалауға қатысуға мүмкіндігі бар өз білімінің субектісі ретінде көрінеді.

Нәтижелі білім алу - адамның оқу-тәрбие процесінің барысында өзін іс жүзінде көрсетуі және оның жеке қызметінің нәтижесі. Осының арқасында сыртқы (объективтік) жөне ішкі (субъективтік) білім өнімдері құралады. Оқушының оның мүмкіндіктері негізінде алған сыртқы өнімдері оның ішкі сапалық өсуі мен өзін іс жүзінде көрсету дәрежесін бір мезгілде қамтамасыз ете отырып, болмыстың әлеуметтік және мәдени нысандарын құрайды.

Нәтижелі білім берудің методологиясын әзірлеу - қазіргі қоғамдық өзгерістерге және 12 жылдық мектепке көшуге байланысты объективтік қажеттілік. Көптеген шешілмеген проблемаларға душар болып отырған қоғам, тікелей немесе жанама тұрғыда болсын, оларды шешу әдістерін адамдардың шығармашылық әлеуетінің, ең алдымен, мектеп оқушыларының ашылмаған кырларын пайдалану арқылы іздестіреді. Қазіргі адамнан таңдау кезінде ойланып-толғанып өрекет ету, алға дұрыс мақсат қоя білу және соған жету, кәсіби және өмірлік сынақтардан дұрыс жол табу талап етіледі. Сондықтан, болашақ 12 жылдық мектепке бұрынғының жетістіктеріне ғана емес, алдағы өркендеу жылдарына үміт артатын білім керек.

Қалыптасқан проблемаларды шешудің жолын біз кеңінен таралған «оқушыға білім беру» түсінігін өзгертуден кереміз. Дәстүрлі білім беруде оқушы алдымен «білім алады», содан кейін оны өмірде шығармашылықпен қолданады.

Жеке және жалпы адамзаттық білімді кеңейту бұрынғы біліммен таныс болғанда ғана мүмкін болмақ. Зерттеу жетістіктері көрсеткендей, оқушы өз біліміне және белгілі бір қызмет технологиясына сүйене отырып, зерттеу саласындағы мақсатын іске асыруға қабілетті болады. Содан кейін оқушыньщ іс-әрекетінің нәтижесінде алынған өнім (гипотеза, шығарма, нәрсе, т.с.с) соған ұқсас мәдени-тарихи мұралармен салыстырылады. Ең соңында осы алынған өнім қайтадан қорытылады, күрделендіріледі, қандырылады, сөйтіп, тағы да бір соны іс-әрекеттің қажетгілігін тудырады. Мұндай жағдайда оқушы білімі (сезімі, қабілеті, тәжірибесі, материалдық өнімі) сөзсіз өсе түседі. Кейде осы өсім жалпы мәдени өсіммен бір мезгілде туады да, оқушы өзінен-өзі оның толық құқықты мүшесі ретінде мәдени-тарихи процестерге қатысуға мүмкіндік алады. Мұғалімнің бұл жердегі міндеті - оқушыға жалпы қабылданған адамзат жетістіктеріне сай келетін жөне соларды көбейтуге бағытталған өзіне тән білім ауқымын құруға және соны кеңейтуге көмектесу. Бұл міндетті шешуге білім беру қызметін ұйымдастырудың айрықша методологиясы көмектеседі.

Соңғы жылдары жалпы орта білім беру саласында жүргізілген реформаларды колдауда үлкен қадамдар жасалды. Орта мектептерді компьютерлендіру жүзеге асырылды, оқу процесіне ақпараттық технологаялар біртіндеп енгізілуде..

Мұнымен бірге жалпы орта білім беру жүйесін одан әрі реформалау онын құрылымы мен мазмұнын бәсекелестікті және қазақстандық білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, оқытуды даралау мен бейіндеу, білім деңгейлерінің сабақтастығын сақтау бағытында жетілдіруді қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет