Лекция №4 Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы Лекцияның мақсаты мен міндеттері


 Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру қызметі



Pdf көрінісі
бет10/14
Дата29.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#106212
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
4 лекция ККЗТ
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ
5. Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру қызметі.  

Тылдағылардың  майданға  көмегі,  майдангерлердің  жағдайын  жақсартып  қоймай, 

сонымен  қатар  олардың  әскери  жігерін  көтерді.  Соғыстың  алғашқы  күнінен  бастап 

Қазақстан майданның бір арсеналы болды. Мұнда қарағанды көміршілері жігерлі жұмыс 

атқарды.  Республика  өзімен  бірге  басқарушы  ролын  сақтап  қалды.  өндірісте  мыс  38 

процент, қорғасын 85 процент 1941-45 жж. Барлығы 460 завод, фабрика, шахта салынды. 

Ауыл шаруашылығында жұмысшылардың еңбек жағдайлары тез өзгерді. 

 

Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  майданға  өз  еркінше  көмек  беру  кең  көлемде 

жүргізілді. Майдан қорына 1943 жылы қазан айында 185,5 млн. сом және 193,6 млн сом 

шамасындағы  облигацияға  жетті.  Ақтөбе  облысы  Нурманов  совхозында  Ш.Берсиев  1  га 

202 ц астық алса, қызылорда облысы Шиелі ауданы Авангард совхозында Ы.Жақаев 1 га 

172 ц. күріш алды. Қаскелең ауданы 3 интернационал совхозында Мұхамедиева 1 га 600 ц. 

қант  қызылшасын  алды.  Мал  шаруашылығындағы  шопандар  да  еңбегін  аяған  жоқ. 

Ж.Мұхашев  Жезқазған  облысы  Амангельді  совхозының  шопаны  100  қойға  180  қозы 

асырады. Гурьев облысы Жаңаталап колхозында  Шугампова 1 мың жылқыны шығынсыз 

алып  шықты.  Қазақтаннан  қару  жарақ  үшін  480  мың  сом  келді.  Соғыстың  алғашқы 

қысында  көмектің  негізгісі  жылы  киімдер  болды.  Республикадағы  ұлттардын  2,5  млн. 

жылы заттар, сонымен бірге 11,5 мың жылы тон және 312 мың пар шұлық келді. 

Ұлы  Отан  соғысы  жайлы  жазылған  еңбектер    түсірілген  фильмдер  де  жеткілікті 

бірақ әлі де болса жазылатыны да көп.  Екінші дүние жүзілік соғыстағы Кеңес халқының 

жеңісі бүкіл әлемдік тарихта маңызы бар.     

 

            Еліміздің  аса  ірі  ғылыми  күштері  соғыс  жылдары  біздің  республикамызда 



топтастырылды. 

Бурабай 


шатқалындағы 

курортты  орындарда 

 

академиктер 



В.М. Алексеев,  А.Н. Бах,  Л.С. Берг,  С.Н. Бернштейн,  В.И. Вернадский,  Н.Ф. Гамалея, 

Н.Д. Зелинский,  Л.И. Мендельштам,  А.С. Орлов,  т.б.  көптеген  ғалымдар  ғылыми 

жұмыстармен  айналысты.  Республика  астанасында  20-дан  астам  ғылыми-зерттеу 

институттары: КСРО ҒА-ның философия,география, физиология институттары, УКСР ҒА-

ның 

физика-математика 



институты, 

КСРО-ның 

Архитектура 

академиясы 

орналастырылды.  Ғалымдардың  үлкен тобы  көшіріп  әкелінген  жоғары оқу  орындарында 



еңбек етті. КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімінде астрономиялық обсерватория, тіл, әдебиет және 

тарих, химия-металлургия, топырақтану және ботаника, зоология және өлкелік патология 

институттары ұйымдастырылды. 

Мәскеулік  ғалымдар  А.М.  Панкратова  мен  М.П.  Вяткиннің  және  басқалардың 

қатысуымен  1949  жылы  «История  Казахской  ССР»  атты  өзекті    еңбектің  1-томы 

жарияланды.  Кітапты  жазуға  қазақ  ғалымдары  –  И.  Омаров,  М.  Әбдіхалықов,  Е. 

Бекмахановтар қатысты.  

Білікті кадрларды дайындау ісінде көшіріліп әкелінген жоғары және оқу орындары 

айтарлықтай жұмыстар атқарды. Олардың арасында Мәскеу авиация институты,  Мәскеу 

түсті  металдар  мен  алтын  институты,  біріккен  Украин  мемлекеттік  университеті  (Киев 

және  Харьков  университеттері),  сондай-ақ  соғыс  жылдары  ұйымдастырылған  Алматы 

мемлекеттік  педагогикалық  шет  тілдер  институты,  Шымкент  технологиялар  институты, 

Қазақ мемлекеттік консерваториясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, 

Физкультура институты бар. 

Әдебиет  пен  өнер майданға  шыққан  халықтың  идеялық  қуатты  қаруына  айналды. 

Қазақстанның  90-ға  тарта  ақын-жазушысы  қан  майданда  шайқасты.Республика 

жазушылар Одағы көшіп келген жазушылармен толықты (А. Толстой, С.В. Михалков, Ф. 

Панферов,  О. Форш,  С. Маршак,  К. Паустовкий,  М. Зощенко).  Халық  ақындарының 

айтысы  қайта    жаңғырды.  «РОСТА-ның  терезесі»  Үгіт  плакаттарын  шығаруға 

С.Я. Маршак, Михалков белсене араласты. Қазақ әдебиеті С. Мәуленов, Ж. Молдағалиев, 

Б. Момышұлы,  М. Ғабдуллин  сияқты  майдангер-жазушылармен  толықты.  Майдангер 

офицер  Б. Бұлқышевтің  публицистикалық  жалынды  мақалалары  (қазақ, орыс  тілдерінде) 

жау шебіне жасындай атылды. 

Калинин, Солтүстік-Батыс, Сталинград, Оңтүстік-Батыс, Беларусь майдандарының, 

айрықша  Қиыр  Шығыс  әскери  округі  мен  Тынық  мұхит  флотының  әскери  бөлімдерін 

Қазақстан  өнер  қызметкерлерінен  ұйымдастырылған  ІІ  концерттік  бригада  қамқорлыққа 

алды.  1942-1944  жылдары  аралығында  республикаға  22  майдан  делегациясы  келді. 

Осының барлығы майдан мен тылдың ынтымағын нығайтып, кеңес адамдарының жеңіске 

деген  сенімін  арттыра  түсті.  Әр  түрлі  ұлттың  жауынгерлері  Жамбылға  майданнан  хат 

жазып,  өздерінің  қуаныш-қайғысын,  үміт-үрейлерін  бөлісті.  Оның  өлеңдері  күтпеген 

жерден дұшпан ордасына ойрандап кірген ержүрек шолғыншы  сияқты оқырман жүрегін 

баурап қана қойған жоқ, сонымен қатар бүкіл жер шары ақын шығармалары арқылы қазақ 

деген  халықпен  танысты.  Өлең  сөзді  бәрінен  де  жоғары  қоятын  ғажайып  елі  бар  екенін 

білді. 


Адамзат  Фашистік  милитаристік  диктатураның  дүние  жүзіне  үстемдік  жүргізу 

қаупінен сақталып қалды. Ұлы Отан соғысы 1418 күн мен түнге созылды. Әр тәулікте бұл 

соғыс орта есеппен 14 мың 104 кеңес адамының өмірін қиып отырды. Әр сағатта 588, әр 

минутта10, әрбір секунд сайын 1 адам жер жастанып отырды.          

Сталин Ұлы Отан соғысының шығынын 7 млн шамасында деп көрсеткен болатын, 

Хрущев  20  млн-н  астам  деп  түзеді.  Ал  М.С.  Горбачев  27  млн  деп  көрсетті.  Шамамен 

олардың  410  мыңы  қазақстандықтар  ал  350  мыңдайы  қазақтар  болатын.  Халқымыз  

басынан өткерген осынау сұрапыл соғыстың бар кезеңдерін дұрыс бағалай біліп, Берлинде 

аяқталған  сапарды  дұрыс  көрсеткеніміз  жөн  болар.  Бұл жолда  қаншама  қасіреттен  кейін 

қолымыз  жеткен  жеңіске  қазақ  халқының  қосқан  үлесін  баяндай  алсақ  келешік  ұрпақ 

алдында арымыз таза, абыройымыз биік болар еді.                      



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет