Лекция №5: Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері. Лоренц күші З/ж №5. Магнит өрісінің токқа әсерін бақылау Электромагниттік индукция заңы. Өздік индукция. Магнит өрісінің энергиясы



бет3/10
Дата25.05.2020
өлшемі73 Kb.
#71112
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция №5 Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері.
Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс-жүргізу, Лекция №4 Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері.
Тұрақты токтың электрқозғалтқышы негізгі үш бөліктен тұрады (сурет 6.13, ә). Оларды статор, ротор және коллектор деп атайды. «Статор» (2 және 3) латыншадан аударғанда «қозғалмайтын» деген мағына береді, оны индуктор деп те жиі атайды. Статор (индуктор) қозғалтқыштың сыртқы қорабымен біртұтас бөлікті құрайтын тұрақты магнит немесе электрмагнит болып табылады. «Ротор» (1) латыншадан аударғанда «айналатын» деген мағына береді, оны қозғалатын бөлік деп те атайды. Ротор болат пластиналары жиынтығынан тұрады.

Әр пластинаға рамалардың рөлін атқаратын сырты лакталған мыс сымдары оралады. Сымдардан тұрақты ток өткенде оның төңірегінде туындайтын магнит өрісін болат пластина күшейте түседі. Сөйтіп, статордың магнит өрісімен ротордың күшейтілген магнит өрістері әсерлесіп, электрқозғалтқыштың айналдырушы моментін арттырады.

Жылу қозғалтқыштарына қарағанда электрқозғалтқыштарының көптеген артықшылықтары бар: біріншіден, олардың ПӘК-і 80%-ға жетеді; екіншіден, қолданыс аяларына қарай көлемі кішкентай өте нәзік қозғалтқыштар жасауға болады; үшіншіден, электрқозғалтқыштары дыбыс шығармайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет