Лекция №5: Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері. Лоренц күші З/ж №5. Магнит өрісінің токқа әсерін бақылау Электромагниттік индукция заңы. Өздік индукция. Магнит өрісінің энергиясы



бет1/10
Дата25.05.2020
өлшемі73 Kb.
#71112
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция №5 Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері.


Пәні, тобы: Физика ББК 109-19
Лекция №5: Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері. Лоренц күші З/ж №5. Магнит өрісінің токқа әсерін бақылау Электромагниттік индукция заңы. Өздік индукция. Магнит өрісінің энергиясы.

Жоспар:

  1. Магнит өрісінің токқа әсерін бақылау.

  2. Электромагниттік индукция заңы.

  3. Өздік индукция.

  4. Магнит өрісінің энергиясы.

Тогы бар өткізгіштің төңірегінде магнит өрісінің пайда болатынын білдік (§31). Ендеше, басқа бір сыртқы магнит өрісі тогы бар өткізгішке әсер етуі мүмкін деген болжам (гипотеза) ұсынуымызға болады. Кез келген болжам мен теорияның ақиқаттығының әділ сыншысы ретінде тек эксперимент қана жауап бере алады. Жоғарыдағы болжамның ақиқаттығына көз жеткізу үшін мектеп зертханасындағы аспаптар мен жабдықтарды пайдаланып, төмендегі суретте көрсетілгендей, электр тізбегін құрайық та, эксперименттік тәжірибелерге жүгінейік. Суреттегі көріністерде доға тәрізді магнит өрісінің күш сызықтары тік төмен бағытталған. Ал АВ кесінді-өткізгіш магнит өрісінің күш сызықтарына перпендикуляр орналасқан. Егер электр тізбегін кілтпен тұйықтайтын болсақ, онда тогы бар АВ кесінді-өткізгіш сол жаққа қарай ауытқиды (сурет 6.11, а). Бұдан кейін ток көзінің оң және сол полюстеріне қосылған сымдардың орындарын ауыстырып, тізбектегі токтың бағытын кері бағытқа өзгертсек, онда АВ өткізгіші оң жаққа қарай тебіледі.

Сөйтіп, тәжірибе жоғарыда ұсынған болжамның ақиқаттығын дәлелдейді, яғни доға тәрізді сыртқы магниттің өрісі тогы бар өткізгішке белгілі бір күшпен әрекет етеді.

Егер АВ өткізгішті магнит өрісінің күш сызықтарына перпендикуляр орналастырмай, параллель орналастырса, онда оған магнит өрісі әрекет етпейді. Мысалы, төмендегі кескіндемеде (сурет 6.12, а) І тогы бар өткізгіш магнит күш сызығына параллель орналасқан, алайда ол орнынан қозғалмайды, яғни оған магнит өрісі әрекет етпейді.

Ал егер магнит өрісінің сол орнына оның күш сызығына перпендикуляр болатын жоғары бағытталған тогы бар нақ сондай өткізгіш орналастырсақ, онда өріс F күшпен әрекет етіп, оны белгілі бір аралыққа ығыстырады (сурет 6.12, ә).

Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекет ететін күшінің бағытын анықтау үшін сол қол ережесі деп аталатын ереже қолданылады. Бұл ереже былайша тұжырымдалады:



Егер сол қолдың жазылған төрт саусағын өткізгіштегі токтың бағытымен бағыттап, ал алақанды магнит өрісінің күш сызықтары тесіп өтетіндей етіп ұстасақ, онда бас бармақ магнит өрісінің токқа



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет