Лекция №5: Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері. Лоренц күші З/ж №5. Магнит өрісінің токқа әсерін бақылау Электромагниттік индукция заңы. Өздік индукция. Магнит өрісінің энергиясы


Электрмагниттік жүйеге жататын аспаптың



бет6/10
Дата25.05.2020
өлшемі73 Kb.
#71112
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция №5 Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері.
Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс-жүргізу, Лекция №4 Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері.
Электрмагниттік жүйеге жататын аспаптың қозғалмайтын бөлігін орамдарынан ток өтетін шарғы (1) құрайды (сурет 6.14, ә).

Аспаптың қозғалатын бөлігі шарғының ортасындағы саңылауға бұрылып ене алатын зәкірден (4) және оның өсіне (2) бекітілген екі серіппе (3) мен тілшеден (5) тұрады. Екі ұшы екі серіппеге (3) жалғанған орамнан ток жүргенде шарғыда пайда болған магнит өрісі жұмсақ болаттан жасалған зәкірді саңылауға көбірек бұрып тартады. Орамнан ток өткенде зәкірдің білігіне бекітілген аспап тілі белгілі бір бұрышқа бұрылып, градуирленген шкаладан (6) электр тогының немесе тізбек бөлігіндегі кернеудің шамаларын көрсетеді.

Электрмагниттік аспаптардың сезімталдығы магнитэлектрлік аспаптарға қарағанда төмен. Алайда олар күшті ток жүктемелерінешыдамдырақ келеді, әрі жұмыста да сенімділігі жоғары аспаптар болып табылады. Оған қоса тұрақты токтар мен айнымалы токтарда бірдей қолданыс табады. Электр тогының төңірегінде магнит өрісінің пайда болатынын ашқан, Эрстедтің тәжірибесін сан қайталаған ағылшынның ұлы ғалымдарының бірі Майкл Фарадей өзінің жұмыс дәптеріне былай деп жазған екен: «Электрдің магнетизмді туғызуға қауқары жетіп отырғанда, магнетизм электрді туғыза ала ма?» Сұрақтың осылай қойылуы қысқа да нұсқа ғылыми болжам жасаудың тамаша үлгісі болып табылады. Қазіргі физика тілінде және зерттеу жұмыстарында бұл ғылыми болжам сұрақ түрінде емес, зерттеу нәтижелеріне сүйеніп бекем айтылған болжам түрінде былайша тұжырымдалады: «Егер электр тогы магнит өрісін туғызса, магнит өрісі де электр тогын туғызуы мүмкін».

Міне, осы болжамның дұрыстығын эксперименттік жолмен растауға Фарадей 7 жыл үздіксіз тәжірибелер жасаумен болды. Сөйтіп, ақыр соңында 1831 жылы өзі ұсынған болжамның ақиқаттығын тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Өркениеттің қазіргі даму кезеңінде Фарадейдің 7 жыл тынымсыз еңбегінің нәтижесін біз 7 минут шамасында тәжірибе жасап көрсете аламыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет