Лекция Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері


БАЛАЛАРДАҒЫ ТҰТЫҒУДЫ ЖОЮДА ҮЙ-ІШІ МЕН БАЛАБАҚШАНЫҢ РОЛІ



бет38/60
Дата08.02.2022
өлшемі159,9 Kb.
#119071
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60
БАЛАЛАРДАҒЫ ТҰТЫҒУДЫ ЖОЮДА ҮЙ-ІШІ МЕН БАЛАБАҚШАНЫҢ РОЛІ
Балалардағы тұтығуды жоюда көбінесе ата-аналар мен тәрбиешілердің көмегінің арқасында көп жетістікке жетуге болады. өйткені, олар логопедтің жетекшілігімен баланың жалпы сөйлеу /режимін/ тәртібін ұйымдастырады, жаттығулар, шынықтыру әрекеттерін жасатады, сонымен бірге логопедтің кеңесі мен тапсырмасын орындайды.
Тұтығатын балалар өте тынымсыз, ашуланшақ келеді. Оларды түнде 10-11 сағат, күндіз кемінде 2 сағат ұйықтау керек. Ұйықтаған баланың нерв жүйесі демалады, сабақта жұмыс істеу қабілеті артады. Сабақ кезінде балалар логопедтің көмегімен тоқталмай мүдіріссіз айта алады. Ал, басқа уақытта ата-аналар, тәрбиешілер осы дағдысын сақтап, қолдау жасап, сөйлеуін қадағалап отырулары тиіс.
Балаға шектен тыс сұрақ қойып, артық әңгімелетуге де болмайды. Бала әңгімесінде тұтыға бастаған мезетте-ақ сөзін немесе сөз тіркесін аяқтауға көмектесу керек. Балабақша мен үйдегі сабақтардың алғашқы айы «үндемеу тәртібімен» өтеді. Бұл уақыт баланы сабақтан тыс уақытта көп сөйлеуге болмайтын жауапты да қиын кезең болып табылады. Сөйлеуді бұлай шектеу алдымен тұтығудың патологиялық рефлексін жою үшін қажет, одан басқа егер балалардың үндемеуін, көп сөйлеуін дұрыс ұйымдастыратын болса, олардың нерв жүйесінің тынығуына, демалуына мүмкіндік береді. Соңында логопедиялық сабақтарда балалар мүдірмей сөйлеуіне қарай «үндемеу тәртібі» тоқталады, оларда дұрыс сөйлеудің тұрақты рефлексі қалыптасады.
Баланың көзінше, оның кемшілігін басқаларға айтуға болмайды. Ата-аналар мен тәрбиешілер баланы асықпй, ақырын анық сөйлеуге үйрету керек.
Үйде бал үшін тыныш жағдай жасау қажет. Ұзапқ уақытқа дейін баланы қонаққа апаруға немесе баланы қатынастырып қонақ күтуге болмайды.
Тұтығуы жойылған соң баланы бірнеше айға дейін тыныш жерге әкеткен жөн. Уақытының көпшілігі үлкендердің біреумен тыныш өткізген абзал. Осы уақытта өзінен кіші, мінез-құлқы ұқсас баламен ойнағаны жөн.
Күнге қыздырынуға болмайды. Осы жағдаларды дұрыс сақтағанда ғана дұрыс сөйлеу дағдарысын қалыптастыруға қол жетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет