Лекция конспектісі 6В01502 Химия білім беру бағдарламасы үшін Шымкент-2022 «Жоғары молекулалы қосылыстар химиясы»



бет23/28
Дата25.09.2022
өлшемі322,59 Kb.
#150638
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
ЖМҚХ лек консп
ЖМК хим СӨЖ, ктп 10-11 жаңа, ТАРСИЯ
Полиметилметакрилат (ПММА) – метилметакрилат полимері:

ПММА – радикалды полимеризацияны пероксид инициаторы қатысында өндіреді. ПММА – (органикалық шыны) құрамына пластификатор (фталаттар, фосфаттар) және қалдық мономер болады. Органикалық шыны (М > 600 мың) қыздырғанда тұтқырлы ағымды күйге өтпейді, ол аморфты, тығыздығы 1180 – 1200 кг/м3, шынылану температурасы 100 – 1100С, деструкция t > 208 – 3000С. ПММА күрделі эфирде, кетондарда, хлорланған және ароматы көмірсутектерде жақсы ериді, төменгі спирттерде ерімейді.қалыпты жағдайда қышқылда, сілтіде, майда және суда төзімді. ПММА өте мөлдір (90%), суыққа шыдамды (-600С), мықты, сәуле техникасында, медицинада, авиа- және машина жасауда қолданады.
Полиакрилнитрил (ПАН) – нитрил акрил қышқылының полимері:

ПАН-ді пероксидтік немесе азоинициаторлар қатысуында азот атмосферасында радикалдық полимеризация арқылы өндіреді, М ≥ 35 ÷ 100 мың, тығыздығы 1140 – 1170 кг/м3, шынылану температурасы -1400С, түсі 220-2300С өзгереді (қара –қоңыр), 2700С – сутек циан бөлінеді, балқу температурасы 3170С. ПАН –диметилформамидте, диметилацетамидте, диметилсульфоксидте, литий бромидінің, натрий роданидінің, цинк хлоридының сулы ерітіндісінде жақсы ериді. Қышқылда, сілтіде төзімсіз. ПАН негізінде талшық – нитрон өндіруде пайдаланылады. ПАН талшықты термиялық тотықтыру арқылы жоғары модульді көміртектік талшық алады.
Поливинилхлорид (ПВХ) – винилхлорид полимері:

ПВХ – ті пероксид немесе азоинициаторлар қатысуындағы винилхлоридтың радикалдық полимеризациясы арқылы өндіреді. ПВХ маркалары: ПВХ-С суспензияда, ПВХ-Е эмульсияда, ПВХ-М массада полимеризациялау арқылы ұнтақ түрінде алынады. ПВХ аморфты полимер, тығыздығы 1380 – 1400 кг/м3, шынылану температурасы 70-800С. Қыздырғанда ол хлорланған көмірсутектерде, кетондарда, циклогексанонда, тетрагидрофуранда ериді, майда, бензинде, суда ерімейді. ПВХ – ауаға төзімді, бірақ жанғанда зиянды диоксиндер бөледі. ПВХ-тен винилпласттар, пластификаттар және пластизолдар жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет