Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша 0-11-сыныптарда жаратылыстану-математика бағытында оқытылатын «Қазақстан тарихы» оқу пәніне сағат бөлінген



бет1/23
Дата19.01.2023
өлшемі84,43 Kb.
#165922
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
ктп 10-11 жаңа
ЖМК хим СӨЖ, ЖМҚХ лек консп, ТАРСИЯ


2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «27»қарашадағы № 496 бұйрығымен бекілген Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы қолданылады.
Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша 10-11-сыныптарда жаратылыстану-математика бағытында оқытылатын «Қазақстан тарихы» оқу пәніне 1 сағат бөлінген (18.1-кесте) және осы сыныптарда «Қазақстан тарихы» оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасымен оқытылады.
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 7-9-сыныптарда және 10-11-сыныптарда жаратылыстану-математика бағытында оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. Сондықтан, осы оқу жоспарымен оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
Вариативтік компонент есебінен таңдалған 7-9-сыныптар мен 10-11-сыныптардағы жаратылыстану-математика бағытында оқытылатын «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді, оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау, «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 17, 18 тармақтар).
Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібіне сәйкес 11-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау «Қазақстан тарихы» пәнінен ауызша емтихан түрінде өткізіледі (ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына 2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 41 тармақ).
2. 10-11-сыныпта «Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінен (төмендетілген оқу жүктемесімен) Үлгілік оқу жоспарлары бойынша оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМнің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ-нің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет