Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі



бет110/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Акционерлқоғам ұғымы
1. Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi.
2. Акционерлiк қоғамның өз қатысушыларының мүлкiнен оқшауланған мүлкi болады, өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауапты болады және өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлерi аталған қорлардың мiндеттемелерi бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген тәртiп пен жағдайларда ортақтасып жауап бередi.
3. Қоғамның барлық акцияларын бiр акционер сатып алған жағдайда акционерлiк қоғам бiр адамнан құрылуы немесе бiр адамнан тұруы мүмкiн, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе.
4. Акционерлiк қоғамның құқықтық ережелерi, акционерлердiң құқықтары мен мiндеттерi осы Кодекске, заң құжаттарына сәйкес белгiленедi. Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру жолымен құрылған немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады.
5. Заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкiн.
3. Шаруашылық серіктестіктер сипаттамалары және олардың түрлері: толық серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік, коммандитты серіктестік, жауапкершілігі шектелген серіктестік
Кәсіпкерлік қызметке қатысушылар мен олардың әріптестерінің бірігуі «серіктестік» деп аталады. Серіктестік шаруашылықтарға әріптестердің қатысуы жазбаша келісімдер мен шарттар түрінде бекітіледі. Серіктестіктерді олардың құрылтайшылары құрайды. Серіктестік шаруашылықтардың мүшелері:

Серіктестік шаруашылық иелігіндегі мүліктердің құрамына жататындар:

  • Негізгі өндірістік құрал – жабдықтар (ғимарат, құрылыс, құрал – жабдықтар);

  • Айналым құралдары (шикізат, материал, дайын өнім, аяқталмаған өндіріс, басқа да тауарлы – материалдық құндылықтар);

  • Ақша қаражаты;

  • Басқа құндылықтар кіреді.

Серіктестіктің мүшелері:

  • Құрылтайшылар атынан талап етілген құжаттарды дайындап беруге;

  • Алдын – ала белгіленген жарналар мен салымдары толық және уақытында төлеулеріне;

  • Коммерциялық құпияларды сақтау;

  • Құпия ақпараттарды жария етпеуге міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет