Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


ЛЕКЦИЯ 3 - ТАЌЫРЫБЫ: БАСҚАРУДАҒЫ ЖҮЙЕЛІК ТӘСІЛДІҢ НЕГІЗДЕРІ



бет35/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   292
Байланысты:
менеджмент

ЛЕКЦИЯ 3 - ТАЌЫРЫБЫ: БАСҚАРУДАҒЫ ЖҮЙЕЛІК ТӘСІЛДІҢ НЕГІЗДЕРІ


Жоспары:
  1. Жүйелер туралы түсінік және олардың қасиеттері
  2. Экономикалық жүйелердің ерекшеліктері

  3. Өндірісті басқару жүйесіндегі басқарудың обьектісі мен субьектісінің ара қатынасы



Лекция маќсаты: Жүйелер туралы түсінік және экономикалық жүйелердің ерекшеліктері.


Лекция мєтіні
1. Жүйелер туралы түсінік және олардың қасиеттері

Жүйе тұрғысынан көзқарас атақты биолог Фон Берталанфидің жалпы жүйе теориясынан” қанаттанып жетілдірілген Фон Берталанфидің өмірінің соңына дейін (1972) жетілдірген жүйе теориясы әртүрлі жүйеге бейімделе алатын жалпы принцип және принциптер табуды, оны жетілдіруді мақсат ететін математикалық жұмыс саласы болып табылады. Көп бағытты әлеуметтік-экономикалық дамулар орын алып отырған қазіргі кезде кәсіпорындардың осы көптеген динамикалық ырғаққа бейімделе білулерінің өмірлік маңызы бар. Осы кең көлемді проблемалардың шешілуі көп бағыттағы ойды, сол өзгерістердің арасынан ең ыңғайлы байланысты қажет етеді. Мұндай көзқарас проблеманы бір бүтін ретінде қабылдануын, барлық өзгерістердің анықталуын, проблеманың ішкі элементтерінің өзара және қоршаған ортамен байланыстарының зерттелуін және жағдайдың барлық тақырыптардың жанөжақты ұғынылуын едәуір жеңілдететін жүйе көзқарасы болып табылады. Осылайша оқиғаларды тек бір жағынан және басқа оқиғамен қоршаған орта шарттарына бөліп қарау орнына, әрбір оқиғаны белгілі бір қоршаған ортада, басқа оқиғалармен байланыстыра отырып зерттеудің оқиғаларды түсіну, болжам жасау және бақылау тұрғысынан едәуір ықпалды болғандығы алға тартылады. Кәсіпорында бұл көзқарас бөлшектің орнына бүтін, жекенің орнына жалпы , тар ауқымды көзқарастың орнына кең ауқымды көзқарас тәсілінің пайда болуын қамтамасыз еткен. Жүйе ұғымы ғылыми тәртіп болумен қатар басқару, техника, көзқарас немесе көзқарас тәсілі болып табылады. Бұл көзқарастың ең маңызды ерекшелігі басқарудың және бірліктерінің бір-бірлерімен байланыстарын, бұл байланыстардың сипаттарын, бір бөлімдегі өзгерістердің басқа бөлімдерге әсерлерін зерттеу және басқарудың басқа оқиғалар мен қоршаған ортаның шарттарына байланыстыра отырып қарастыру.
Жалпы жүйе теориясы әлемдегі жүйелерді жанды және жансыз жүйелер деп 2-ге бөледі. Бұл теория жанды жүйелерді ашық, жансыз жүйелерді жабық түрде сипаттайды. Жүйенің ашық болуы, қоршаған ортадан әсерленуі және қоршаған ортаға әсер ете алуы деген сөз. Жүйе қоршаған ортадан кіріс ала отырып өзін түрлендіреді, төңірегіне шығын шығара отырып, қоршаған ортаны өзгертеді.
Жүйе өздігінен жүргізілетіндей сипатта болатыны сияқты, жүргізілуі үшін сырттан бағыттауға мұқтаж болатындай сипатта да болуы мүмкін. Яғни, жүйе не табиғи түрде не болмаса жасанды түрде пайда болады. Өздігінен құрылған жүйелерді табиғи жүйе, жасанды түрде пайда болған жүйелерді бағыттандырылған жүйелер деп атауға болады. Табиғи жүйелер категориясына барлық жанды нәрселер кіреді. Бағытталған жүйелерге мысал ретінде ұйымдарды келтіруге болады.
Жүйе қарапайым және күрделі болуы мүмкін. Жүйенің күрделілігі бір жағынан өзіне кіретін элементтер санына төменгі жүйелер халінде түрленуіне, екінші жағынан бұлардың араларындағы байланыстардың жиілігіне және қоршаған ортамен байланыстардың сипатына қарай өзгереді. Қарапайым жүйе, күрделі жүйеге қарағанда әлдеқайда аз элементке, әлдеқайда аз төменгі жүйе және байланыстарға мұқтаж. Басқаруда кәсіпорын, бір-бірлерімен өзара байланыстағы төменгі жүйелерден пайда болған және қоршаған орта кіріс-шығыс байланысы бар ашық жүйе ретінде қабылданады. Бұл жүйеде ұйым түрлі қайнар көздерден кіріс алған, бұларды өндіру процесінен өткізіп, тауар – қызмет және заттың шығындарға айналдырып, қоршаған ортаға беретін бөлшектер ретінде көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет