4. Басқарудың объектісі мен субъектісі Ұйымның мәдениеті арнайы элементтерден тұрады. Бұл элементтер субъективті (ұйым мүшелерінің іс-әрекеттері мен қарым-қатынастары туралы) және объективті (іс-әрекеттердің материалдық жағы) болып келеді.
Субъективті элементтерге келесілер жатады.
Ұйымдық құндылықтар (экономикалық, саясаттық, технологиялық, әлеуметтік т.б.). Құндылықтар материалдық, рухани, эмоциялық тұрғыдан ұйым мүшелерін ынталандырады.
Философия: Ұйымда ең маңызды болған не? Деген сұраққа жауап іздейді. Философия ұйымды дамытады, басшылық стилін анықтайды, мотивация негіздерін алға тартады, персоналдық іс-әрекеттерін реттеп ұйымның имиджін қалыптастырады.
Салт: Ұйымның салтын қалыптастырады. Мысалы зейнеткерлікке шығатын адамды салтанатты шерумен шығарып салу сияқты.
Нормалар және іс-әрекеттер стилі: Адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды реттейді
Лозунг: Ұйымның негізгі міндетін қысқаша түрде білдіру
Менталитет: Ұйымның өзіндік менталитетінің қалыптасуы