Лекция таќырбы: Кіріспе


Лекция тақырбы: Ерекшелеу. 2 сағат



бет5/20
Дата19.12.2022
өлшемі2,57 Mb.
#163364
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Дәріс конспектілері (2)

Лекция тақырбы: Ерекшелеу. 2 сағат.


Лекция жоспары: Көрiнiстiң облыстарын ерекшелеу техникасы. Ерекшелеу аспаптары. Аспаптар параметрлерiмен басқару. Күрделi формадағы облысты ерекшелеу әдiстерi. Ерекшеленген облыстардағы әрекеттер: масштабтау, бұру, ерекшеленген облысты бұрмалау.


Лекция мақсаты: Көрiнiстiң облыстарын ерекшелеу техникасы туралы түсінік беру.
Ерекшелеу аспаптары мен әрекеттерін қарастыру.


Лекция мазмұны:
Саймандар панелі (Toolbox) Photoshop-тың графикалық құралдарының түймелерінен тұрады. Бұл саймандар панелінде 20 түйме бар. Бірақ 40-тан асатын сайманы бар. Бұлар көптеген операциялар және процедуралар, ерекшелеулер, бояулар, редактрлеумен және кескінді көрумен байланысты тез орындауға арналған құралдар. Бұдан басқа, саймандар панелі түсті таңдаудағы басқару элементтерінен, жылдам маска режиміне ауысу және экрандағы кескіннің көрінісін өзгерту тәсілінен тұрады. Саймандар панелі кейбір саймандардың түймелерінің төменгі оң жақ бұрышында кішкентай үшбұрыштар бар. Бұл деген құралдың өзінің ашылатын қосымша саймандар панелі бар екендігін айқындайды. Мұндай панельді ашу үшін үшбұрыштың үстіне тышқанның сол жақ батырмасын басамыз.
Қолдан жасалынған облысты ерекшелеу
Шекараны көрсету жолымен Lasso құралы бейнедегi қолдан жасалынған облысты ерекелеуге мүмкiндiк бередi.
Lasso Tools- “Қолдан” ерекшелеу .Биiк шыңын көрcету арқылы көпбұрыштармен ерекшелеу.
“Магнитпен” ерекшелеу (сызық курсордың iзiмен өзi иiле бередi).
Қолдан” ерекшелеу құралын қолдану алгоритмi
Берiлген суреттi дискiге сақтаңыз.“Қолдан” ерекшелеу құралын таңдап, суреттегi балықты белгiлеңiз.
Түзету ---( көшiру командасын орындаңыз.
Жаңа файл құрыңыз және сол файлға көшiрiлген бейненi орнатыңыз.
Жаңа портреттi дискiге сақтаңыз.
Көпбұрыштармен ерекшелеу құралын қолдану алгоритмi.
Берiлген суреттi дискiге сақтаңыз.
Көпбұрыштың биiк шыңын көрсету және көпбұрыштармен ерекшелеу құралынтаңдаңыз (тышқанды бiррет шерту арқылы), портреттегi суреттi ерекшелеп алыңыз (тышқанды екi рет шерту арқылы ерекшелеудi аяқтаңыз).
Түзету ( көшiру командасын орындаңыз.
Жаңа файл құрыңыз және сол файлға көшiрiлген бейненi орнатыңыз.
Магнитпен” ерекшелеу құралын қолдану алгоритмi.
Берiлген суреттi дискiге сақтаңыз.
Магнитпен еекшелеу құралын таңдап, пингвиннiң контурын сызыңыз.
Түзету ( көшiру командасын орындаңыз.
Жаңа файл құрыңыз және сол файлға көшiрiлген бейненi орнатыңыз.
Жаңа портреттi дискiге сақтаңыз.
“Магнитпен” ерекшелеу құралын қолдану алгоритмiн пайдаланып, фотосуреттi өңдеу жұмыстарын жүргiзiп, жақсы нәтижиге қол жеткiзуге болады. Оны келесi фотосуреттерден көруге болады.
Photoshop терезесiн өзгерту.
Терезенiң түрiн өзгерту үшiн келесi батырмалар қолданылады:
Ол құралдар тақтасының төменгi бөлiгiнде орналасқан.
Масштаб пен бейненi қарау құралдары навигатор палитрасында орналасқан. Оның терезесiнде құжаттардың кiшкене көшiрмесi орналасқан, ал қызыл түстi рамкада бейненiң бөлiктерi көрсетiледi.
Сонымен, мынадай негізгі мәселелерді қорытындылауға болады:
- Photoshop программасын iске қосқаннан кейiн оның негiзгi терезесi мына бөлiктерден тұрады: құралдар тақтасы, параметрлер тақтасы, меню қатары мен қалып-күй қатары.
- Программаны iске қосқаннан кейiн бейне терезесi бiрден көрiнбейдi. Ол үшiн бейненi жүктеп, не жаңа бейненi құру әрекеттерiн орындау қажет.
- Меню қатарында photoshop командалары орналасқан.
- Қалып-күй қатарында ашылған құжат туралы ақпарат шығады.
- Терезеде жылжымалы палитралар топталған және олардың араларында бейнелер оңай жылжытылады.
- Лупа және рука құралдары бейнелердi қарау мен масштабын өзгерту қызметтерiн атқарады.
- Құжаттарды бейнелеудi басқару навигатор палитрасы болып табылады.
Құралдар тақтасында орналасқан құралдарға сипаттама


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет