Лекция тақырыбы: Сутегі. Оның қосылыстары су және ауыр су. Лекция жоспары: Сутегі және оның қосылыстары. Ауыр су туралы



бет25/55
Дата27.04.2022
өлшемі267,85 Kb.
#141067
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55
Байланысты:
1 лекция (2)

Лекцияның мәтіні: ІV-А топшаға р – элементтер: C, Si, Ge, Sn, Pb жатады. Қозған күйде сыртқы қабаттың электрондары ns1np3 конфигурацияға ие болады, яғни барлық 4 электрондар жұптаспаған болып табылады.

Топта жоғарыдан төмен қарай толтырылатын электрондық қабат санының және атом өлшемінің артуымен ішкі және сыртқы электрондардың ядроға тартылуы әлсірейді, сондықтан элементтердің бейметалдық қасиеттері топшада жоғарыдан төмен қарай әлсіреп, металдық қасиеттері артады. Дегенмен көміртек және кремний топшаның қалған элементтерінен қасиеттері жағынан ерекшеленеді. Бұл нағыз бейметалдар. Германийде металдық белгілер бар, ал қалайы мен қорғасында металдық қасиеттері бейметалдық қасиеттерден басым болып келеді.
Көміртек және кремний ІV-А топшаның басқа элементтеріне қарағанда әртүрлі химиялық қосылыстар түзеді. Көміртек тек көптеген оттекті қосылыстарыында +4 тотығу дәрежесін көрсетед, тотығу дәрежесі +4-ке тең кремний қосылыстары да едәуір тұрақты. Бірақ германийден қорғасынға қарай +4 тотығу дәрежесін көрсететін қосылыстардың беріктігі төмендейді.
Бұл топ элементтері үшін +2 тотығу дәрежесін көрсететін қосылыстар да тән. Кремнийдін мұндай қосылыстарының беріктігі әлсіз, бірақ қорғасынға қарай артады. Сонымен қатар ІV-А топша элементтері - 4 тотығу дәрежесін көрсету мүмкін, мысалы ЭН4 ұшқыш гидридтерде атомдық нөмірдің артуымен тұрақтылығы төмендейді. Олардың ішінен тек метан СН4 ғана тұрақты қосылыс болып табылады. Силанның SiH4 тұрақтылығы төмен және ауада өздігінен тұтанады. GeH4 SnH4 және PbH4 одан да тұрақсыздау.
Көміртек (IV) және кремний (IV) оксидтері ЭО2 – қышқылдық оксидтер, оларға әлсіз қышқылдық қасиет көрсететін гидроксидтер тән, олар – көмір қышқылы Н2СО3 және кремний қышқылы H2SiO3. ІV-А топшаның қалған элементтерінің оксидтері (ІV) және гидроксидтері екідайлы, германийден қорғасынға қарай олардың қышқылдық қасиеттері әлсіреп, негіздік қасиеттері күшейеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет