Көміртегі оксидтері
Көміртек (ІІ) оксиді СО - түссіз, иіссіз, дәмсіз, ауадан сәл жеңіл, улы газ, суда нашар ериді, қайнау температурасы өте төмен -192°С
Көміртек (ІV)оксиді СО2 - иіссіз, түссіз, ауадан 1,5 есе ауыр газ . Ол жанбайды және басқа заттардың жануын қолдамайды. Осы қасиетіне сәйкес өрт сөндіруге қолданылады. Атмосфералық қысымда СО2 газы -78°С-та қайнайды.
Н2СО3 – әлсіз, екі негізді, тұрақсыз қышқыл. Ол тек ерітіндіде ғана болады. Әлсіз электролит, диссоциациялану дәрежесі 0,17%.
Алынуы
1) Көмірқышқыл газын суда ерітіп:
СО2 + Н2О = Н2СО3
2) Тұзынан күшті қышқылмен әсер етіп:
Na2CO3 + 2HCI = 2NaCI + H2CO3
Екі негізді болғандықтан сатылы диссоциацияланады:
Н2СО3 ↔ Н+ + -гидрокарбонат-ион
НСО3 ↔ Н+ + - карбонат-ион
Достарыңызбен бөлісу: |