Жай заттармен:
Si + О2 = SiО2 (кремний оксиді)
Si + 2F2= SiF4 (кремний фториді)
Si + C = SiC (карборунд)
Si + 2Mg = Mg2Si (магний силициді)
Күрделі заттармен:
Сілтінің ерітіндісімен қыздырғанда әрекеттеседі. Si + 2NaOH + Н2О = Na2SiО3 + 2Н2↑
Қолданылуы
Техникада шала өткізгіштер ретінде пайдаланылады.
Si - электроникада жартылай өткізгіш ретінде қолданылады.
SiC карборунд - бұрғылар, тегістегіш заттар жасауда, стоматологиялық құралдар өндірісінде, отқа, қышқылға төзімді заттар алады.
Алынуы
зертханада Si02+ 2Mg = Si + 2MgO
өндірісте Si02 + 2C = Si + 2CO
Кремнийдіц оттекті қосылыстары. Кремний оксиді
Кремний оксиді - құм SiО2, О = Si = О силикагель SiО2 - балқу температурасы жоғары, электр тогын өткізбейтін зат.
Кремний оксиді кремнезем, кварц, т.б. күйінде табиғатта кең таралған.
Құм суда ерімейді, бірақ қыздырғанда сілтімен және содамен қышқылдық оксид ретінде әрекеттеседі:
SiО2+ 2NaOH = Na2SiО3 + Н2О
SiО2+ Na2CO3 = Na2SiО3+ CО2 ↑
SiО2 + 4HF→ SiF4 + 2H2О (шыныға өрнек салуда жүретін реакция).
Достарыңызбен бөлісу: |