Литий (латын. Lіthіum, ежелгі грек. λίθος – тас; Li) — элементтердің периодтық жүйесінің І топ элементі, атомдық нөмері 3, атомдық массасы 6,941, сілтілік металдарға жатады. Жер қыртысындағы массалары бойынша мөлшері 6,510–3%. Ол барлық қосылыстарында бір валентті. Литий күмістей жылтыр.
Химиялық қасиеттері
|
Ковалентті радиус
|
163 пм
|
Ван-дер-Ваальс радиусы
|
182 пм пм
|
Ион радиусы
|
68 (+1e) пм
|
Электртерістілігі
|
0,98 (Полинг шкаласы)
|
Тотығу дәрежелері
|
+1
|
Иондалу энергиясы
|
1-ші: 519,9(5,39) кДж/моль (эВ)
|
Термодинамикалық фаза
|
Қатты дене
|
Тығыздық (қ.ж.)
|
0,534 г/см³
|
Балқу температурасы
|
453,69 K
|
Қайнау температурасы
|
1613 K
|
Балқу жылуы
|
2,89 кДж/моль
|
Булану жылуы
|
148 кДж/моль
|
Молярлық жылусыйымдылық
|
24,86[1] Дж/(K·моль)
|
Молярлық көлем
|
13,1 см³/моль
|
Натрий (лат. Natrіum; Na) — элементтердің периодтық жүйесінің І тобындағы химиялық элемент, атомдық нейтрондары 11, атомдық моллекулласы 22,98977; сілтілік металдарға жатады. Табиғатта тұрақты бір изотопы (23Na) бар.
Натрий-ды алғаш 1807 жылы ағылшын химигі Г.Дэви (1778 – 1829) күйдіргіш натрийды (NaOH) электролиздеу арқылы бөліп алған. Жер қыртысындағы орташа массалық мөлшері 2,64%. Маңызды минералдары: галит (тас тұзы) – NaCl, мирабилит (глаубер тұзы) – Na2SO4•10H2O, чили селитрасы – NaNO3, криолит – Na3AlF6, трона – NaHCO3•Na2CO3•2H2O.
Натрий жұмсақ, күмістей ақ металл, тығыздығы 0,968 г/см3, балқу - 97,83°С, қайнау - 882,9°С. Тотығу дәрежесі +1. Қатты Натрий ауада тез тотығады, сұйық күйінде тұтанады. Сумен өте күшті, оттек, фтор, хлор, күкіртпен белсенді, 200°С-та сутекпен, 800 – 900°С-та көміртекпен әрекеттеседі. Натрий-ды парафин мен трансформатор май қоспасында, ылғал және оттектен тазартылған бензин немесе керосинде, аргон немесе азот атмосферасында, сондай-ақ, дәнекерленген шыны ампулада сақтайды.
Натрий хлоридіне CaCl2, BaCl2, т.б. қосылған немесе натрий гидроксидіне Na2CO3 қосылған (қоспалар NaCl-дың балқу температурасын төмендету үшін қосылады) балқымаларды электролиздеу арқылы алады. Натрий Na2O2, натрийорганикалық қосылыстар, NaH алуда, Tі, Zr, Ta өндірісінде тотықсыздандырғыш, бутадиенді каучук синтезінде катализатор ретінде, ядролық реакторларда, т.б. қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |