сауалнама әдісімен бірге жүргізіледі.Сауалнама зерттелетіндерден сұрақ -
жауап қою арқылы ақпарат алуға негізделген. Сауалнама жүргізудің бірнеше нұсқасы бар.Саулнаманың
үш түрі бар, олар: ауызша, жазбаша және еркін.
Ауызша сауал , әдетте зерттелушінің реакциясы мен мінез-құлқына бақылау жасау үшін
қолданылады. Сауалдың бұл түрі жазбашаға қарағанда адам психологиясына терең бойлатады, себебі
зерттеушінің қоятын сұрақтары зерттелушінің мінезіне қарай түзетіле алады. Мұндай нұсқа көп
уақытты, арнайы дайындықты қажет етеді, өйткені жауаптардың объективтілігі зерттеушінің мінезі мен
тұлғалық ерекшеліктеріне де байланысты.