Лекциялардың тезістері шымкент 2022 ж. Ф 08-19 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет14/43
Дата15.11.2022
өлшемі5,45 Mb.
#158208
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43
Байланысты:
Саралау, LhCdKkgYBT, Акушерство и гинекология взрослая детская рус, жақ бет 1 срс, сопр 3 срс
Қалыптастырушы бағалау теориясы
Қалыптастырушы бағалау балл және баға қоймай, оқушы мен мұғалім арасындағы үздіксіз кері байланысты қамтамасыз етеді. Бұл оқушының өзекті мүмкіндіктерін анықтауға, қиындықтарды табуға, ынталандыруға, оқу мен тануға еліктіруге, ең жақсы жетістіктерге жетуге көмектесуге, оқу үрдісін уақытылы түзетуге, оқушының кәсіпқойлық шеберлігін дамытуға мүмкіндік жасайды [Shepard, 2000; Pellegrino, Chudowsky, Glaser, 2001;Heritage, 2010; Wiliam, 2009]. Ең алдымен бұған мұғалім мен оқушылардың сабақ бойы сандық көрсеткіштерге емес, өздерінің білімдік қызметтерін сапалық талдауды бағдарға алуы арқылы қол жеткізіледі. Блэк пен Уильям қалыптастырушы бағалау бес негізгі стратегиядан тұратынын анықтайды:
• күтілетін нәтижелер мен бағалау критерийлерін түсіндіру;
• оқушының түсінгенін көрсететін сыныптағы өзара әрекеттестік және тиімді талқылауды қалыптастыру;
• оқушылардың жетістіктерге жетуін ынталандыратын кері байланысты беру;
• оқушыларды өзара оқытудың дереккөздері және ресурстары ретінде тарту;
• оқушының өз білімінің «құрушысы» ретінде қалыптасуы.
Критериалды бағалау жүйесінің әдістемесі



Критериалды бағалау жүйесінің негізгі идеялары



Әдістеме

Негізгі идеялар

Бағалау үдерісіне әсері

Құзыреттілік
тәсілдеме

Құзыреттілік тәсілдеме тұлғаның іс- әрекеттерге дайындығының қажеттілігін және өмірлік-қажетті құзыреттіліктерді алу арқылы социумда қызмет етуін анықтайды. Құзыреттілік тәсілдемесі нәтижелерін ұсынатын деңгейлердің бірі функционалдық сауаттылық болып табылады.

Оқу бағдарламасын меңгеру оқушының білім, білік, дағдыларында, қабілетінде, тәжірибесінде (функционалдық сауаттылық) көрсетілген күтілетін нәтижелер арқылы бағаланады. Бағалау бақыланатын критерийлерге, бейімделген өлшеуге негізделген.

Кері дизайн

Кері дизайнде білім беру үдерісін
жобалау: оқу бағдарламасы – бағалау жүйесі – оқыту мен оқу үдерісі

Кері дизайндегі білім беру үдерісін жобалауға ықпал ететін оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары бойынша бағалау құралдарының (критерийлер, ойлау дағдыларының деңгейі, тапсырмалар, дескрипторлар
және т.б.) үлгілерінен тұратын оқу- әдістемелік материалдар,
спецификациялар. Тоқсандық бағалаудың стандартталған рәсімдері мұғалімдердің
жауапкершілігін арттырады, кәсіби өзара әрекеттер мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді.

Оқытудың
әлеуметтік-
конструктивистік теориясы

Оқушылар бағалаудың пассивті нысана болуды қояды, аталған үдерісті «жасаушы» болады.

Оқушылар «не», «қалай», «неге»
бағаланатынын түсінеді. Бұл оқушылар мен мұғалімдердің жауапкершілігі және өзін-өзі реттеу, өзара әрекет ету, кері байланыс беру сапасын
арттырады. Бағалаудың нәтижелері мониторинг, жан-жақты талдау жасауға мүмкіндік береді, сабақты жоспарлауда қолданылады.

Оқу мақсатының
таксономиясы

МЖМББС ұсынылған күтілетін нәтижелерге сәйкес, оқу мақсаттарының классификациясы алты ойлау дағдыларының деңгейін анықтайды (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау,бағалау).

Бағалау критерийлері оқу
бағдарламасындағы оқу мақсаттарына сәйкестендірілген және ойлау дағдылары үш деңгейге бөлінген: білужәне түсіну; қолдану; жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау). Бұл бағалау үдерісін дифференциялауға мүмкіндік береді.

Сөйлеу
әрекеттерінің
теориясы

Баланың қойылған міндеттерді өз
бетінше шешу қабілеті анықталатын дамудың нақты деңгейлері арасындағы аймақты және үлкендердің немесе қабілетті құрдасының көмегімен күрделітапсырманы шеше алу қабілетіанықталатын нақты даму деңгейлері арасындағы аймақ [Выготский, 1978].

Қалыптастырушы бағалаудың
тәжірибесі мен құрылымы өзекті
болады. Рәсімдер мен бағалау нәтижелерінің анықтығы, қолжетімділігі, объективтілігі оқушылардың жеке траекториясын құрауға ықпал етеді. Қалыптастырушы бағалаудың құралдары мен әдістерінің әртүрлілігі, толықтығы, сапасы, оларды қолданудифференциациясы оқушылардың мақсаттылығын, жауапкершілігін дамытады, өз бетінше оқуға дағдыландырады.

Скаффолдинг
теориясы

Оқушыларға қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті көмек көрсету мақсатында оқу мен бағалау үдерісі кезінде қолдаукөрсету [Bruner J.S., 1976].

Қалыптастырушы бағалау теориясы

Бағалау негіздері «оқушы өз оқуында неге талпынады?», «оқушы оқудың қайсатысында?» және «олардың нәтижеге жетуіне көмектесу үшін не істеу қажет?»
сұрақтарынан тұрады.

Білімді толық
меңгеру теориясы

Оқушылардың жетістігіндегі
айырмашылықтарды үш фактор арқылықысқартуға болады:
1. Оқушылардың қажеттілігіне қарайбілім беру үдерісін бейімдеу мен бастапқы айырмашылығындиагностикалау;
2. Оқушылардың алғашқы сәтсіздіктен көңілін қалдырмау арқылыынталандыруын, қолдау;
3. Марапаттау және жеке тәсілдер.

Қалыптастырушы бағалау
оқушылардың қажеттіліктерін, оқу
үдерісін жетілдіруді анықтауға ықпал етеді. Оқушылар бағасының 50% тоқсан барысында бөлім бойынша жиынтық бағалау нәтижесінде жинақтайды, 50%
- тоқсандық жиынтық жұмыстар
нәтижелерінен жинақталады.
Жиынтық жұмыстары балл
салмағының түрлі болуы
ынталандыруды қолдап , тоқсанды
аяқтауға дейінгі қорытынды бағаны жетілдіру мүмкіндігін сақтайды. Тапсырмаларды орындау барысындаәр қадамды тіркеу арқылы «жинақтау» әдісі оқушылардың оқуға деген қызығушылығына жағдай жасауға мүмкіндік береді, олардың дамуының болашағын анықтайды .





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет