У ақытша нервтік байланыс . Шартты тітіркендіргіш әсер еткенде ми қыртысының
тітіркендіргішке сәйкес орталығында қозу пайда болады. Мысалы, көзге әсер етсе – көру орталығы,
дыбыс әсер етсе - есту орталығы. Шартсыз тітіркендіргіштің әсерінен оған сәйкес орталықта екіншің
қозу ошағы пайда болады. Организм үшін маңызды әсерді шартсыз тітіркендіргіш ретінде алғандықтан
екінші орталықтағы қозу ошағы біріншіге қарағанда күштірек болады. Сондықтан бірінші қозу
ошағындағы нерв импульстері екінші орталыққа тартылады да екеуінің арасында байланыс пайда
болады. Шартсыз тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса, соғұрлым екінші орталықтың қозуы күшті
болып шартты рефлекс тез туады. Шартты рефлекстің пайда болуының негізі – ми қыртысындағы нерв
орталықтарының арасында уақытша нервтік байланыстың пайда болуы.