ОТТЕГІ ЖАСТЫҚШАСЫНЫҢ ЫЛҒАЛДАТЫЛҒАН ОТТЕГІН БЕРУ.
Мақсаты: ұлпалардағы отегін жоғарлату.
Қолдану көрсетілімдері: әр түрлі тыныс алудың бұзылуы, тұншығу, газбен улану, өкпе-ісігі, жедел және созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі.
Дайындаңыз: оттегі жастықшасын, мундштукті, 4 қабаттан жиналған дәке салфеткасын, 70 % спирт ерітіндісін, 3 % сутегі асқын тотығы ерітіндісін, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, суды, оттегі бар баллонды, қауіпсіз қоюға арналған контейнерді.
Іс әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.
Баллонан оттегі жастықшасын оттегімен толтырыңыз.
Ол үшін:
Оттегі баллонының редукторымен оттегі жастықшасының резеңке түтігін жалғастырыңыз.
Жастықшаның түтігіндегі, сосын баллондағы вентильді ашыңыз.
Оттегі жастықшасын баллондағы оттегімен толтырыңыз. Әуелі баллондағы, сосын жастықшадағы вентильді жабыңыз. Баллонның редукторынан резеңке түтікті бөліңіз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз
Оттегі жастықшаның резеңке түтігіне мундштукті жалғастырыңыз.
Ылғалды дәке салфеткасымен мундштукті ораңыз.
Мундштукті науқастың ауызына жақындатып ұстап, жастықшадағы вентильді ашыңыз. Оны науқастың ауызынан 1-1,5 см қашықтықта ұстаңыз.
Дем алу мундштук арқылы ауызбен, ал дем шығару мұрыннан жүргізілетінің науқасқа түсіндіріңіз.
Оттегін беру жылдамдығын реттеңіз.
Оттегі азайған сайын жастықшаның қарама-қарсы шетін қайырып, оттегі толығымен бөлінбегенше басыңыз.
Науқастан жастықшаны алып, мундштукті бөліңіз.
Пайдаланған салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Мунштукті зарарсыздандыру: оны 70% спирт ерітіндісімен немесе 3 % сутегі асқын тотығы ерітіндісімен екі рет арасында 15 минут салып сүртіңіз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |