Ойсылқара , түйе атасы – Зеңгі баба , жылқы иесі – Қамбар ата , қой малының иесі – Шопан ата , ешкінің пірі – Шек-шек ата деп атау сол кезден қалған .
Ол заманда әйелдер құдайының аты Ұмай болған. Кейіннен сөз басындағы қысаң ұ дыбысы түсіп қалып, Май деп айтылып кеткен. Қазақтың: « От ана, Май ана, жарылқа! » дейтін және « Май әулие, майсыз жарылқайтын қай әулие? » – деген мақалдары да осы ұғымнан туған ».
Проф. Қ.Жұбанов мифонимдерді сөз ете отырып, оларды ежелгі
дәуірдегі адамдардың қарапайым ұғым-түсініктері, қоршаған ортаны
қабылдау дәрежесі, яғни сол кездегі тілдік қауымның ұжымдық санасының
жемісі, қоршаған «қарабайыр ғалам бейнесінен» (наивная картина мира) елес
беретіндігін дәйектейді. Өз кезегінде ғалымның бұл пайымдауы қазіргі
лингвомәдениеттаным тұрғысынан өзекті болып келеді.