Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


 Қ.Жұбановтың қазақ тілінде «аулақтық тенденциясының басым



Pdf көрінісі
бет138/269
Дата25.04.2022
өлшемі3,08 Mb.
#140773
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   269
Байланысты:
Жұбанов Қ.

2. Қ.Жұбановтың қазақ тілінде «аулақтық тенденциясының басым 
болуы» 
туралы теориялық пайымдауларында антропонимдер сөз болады. 
«
Жоғарыда біз 
басақ
деген сөз 
масақ
болып өзгерген дедік. Бұлайша 
өзгеруі де, егізделіп өзгеруі де – сирек құбылыстар. Өзгеріс жиі болса, бір 
буынның тілін екінші буын түсінбес еді дегенді айттық. Жалқы есімдерде 
жуықтық тенденциясы өте аз. Ал басқа сөздер, әсіресе, жалпы есімдер 
ондай емес. Жуықтық тенденциясы сөздің түрлі қалыпқа түсуін тұсайды. 
Сондықтан жалқы есімнің аз өзгеретін себебі оның сөз бен сөзді айырып, 
неғұрлым ұқсатпау мақсатына байланысты

Ағайынды кісілердің аттары 
бір түбірлі сөздерден болуы шарт емес. Бұлардың грамматикалық жағынан 
бірдей таңбалануы да шарт емес. Өйткені сөздің жақынын таңбалау 
мақсат емес, қайта олардың басқалығын білдіру шарт. Сондықтан жалқы 
есімдер аулақтық тенденциясымен тез үйлеседі. Соның нәтижесінде жалқы 
есімдерден болған сөз түбірлері өзгеріп отырады; кездейсоқ түрде 


189 
ұшыраған дыбыс басқалығы жалқы есім үшін сирек нәрсе. Мысалы, 
әлдеқалай екі түрлі айтылып кеткен бір жалқы есім кейде екі кісіге ат бола 
кетеді
(
Ғали, Әли, Қали, Қалима, Мұханбет, Махамбет
т.б.); 
кейде бір 
аттың (есімнің) кіші формасы да өз алдына дербес ат болып кетеді
(
Мұқан, 
Мұқаш, Шонан, Шонтық, Шонай
т.б.)». Бұл жерде ғалымның жалқы 
есімдердің «басқалығын білдіру шарт» дегенін, орысша терминмен айтқанда, 
«индивидуализация» туралы айтып отыр деп санаймыз.
Ал «жуықтық тенденциясына» тән жалпы лексикада жиі кездесетін
туынды сөз құбылысына қарама-қайшы «аулақтық тенденциясына» сай
жалқы есімдер формалды түрде туынды сипатқа ие болғанмен олардың 
әрқайсысы жеке есім болатындығын көреміз. Яғни ол жалқы нақты 
объектінің, тұлғаның дербес атауы (есімі) ретінде қолданылатындығы туралы 
ғалымның сонау ғасырға жуық уақыт бұрын пайымдаулары жоғары ғылыми 
сезімталдығы мен көрегендігінің куәсі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет