208
Проф. Қ.Жұбановтың артында қалдырған ғылыми мұралары – әлсін-
әлсін қайта оралып отыруды қажет ететін, әр оралған сайын жаңара, жасара
беретін өміршең дүниелер және олардың әрбіріне тереңдей үңілген сайын
қазіргі тіл білімінің деңгейіне сай келетін, тіпті әлі де шешімі табыла
қоймаған мәселелердің кілті іспетті ой-тұжырымдардың тұнып тұрғандығын
аңғаруға болады. Ғалымның тілдік материалдарды жалаң алып қарастырмай,
оны сол кездегі тілге қатысы бар мәселелермен, әлеуметтік, мәдени
жағдайлармен байланыстыра, сабақтастыра отырып зерделеуі, яғни тілді
мәдениеттің өлшеуіші деп тануы, тілдің өркендеуін дамуымыздың басты
өлшеміне балауы кейінгі тілші-ғалымдарымызға үлгі боларлықтай.
Достарыңызбен бөлісу: