Қойына өлшеп қоpасын салмаған. Даяp қоpаға әкеп қамаған. Сондықтан, басқа тiлдеpге өлшеп салынған фоpма қоpасының түкпipлеpiнде бос қалған алаңдаp да болғаны сияқты, таpлық етiп, тоқты-тоpымның сыймай қалғаны да болған », –
деген пікірі тілді зерттеуде оның ұлттық сипатын негізге алу керек деген
қағидатты тағы да нақтылай түседі.
Қ.Жұбановтың пайымдауынша, тілдің қай деңгейінде болмасын,
сақталған архаикалық элементтер әртүрлі даму, қалыптасудың тарихи
кезеңін сипаттайды. Сондықтан ғалым жекелеген тілдік деректер тілдік
дамудың қоғаммен, экономикамен, әлеуметтік құрылыспен, дүниетаныммен
ортақ байланыста қарастырылуы тиіс деп санайды. Мысалы, ғалымның қазақ
тіліндегі
безгегі ұстады деген тіркесті түсіндіруіне сай ол танымның
анимистік қана кезеңін ғана емес, дүниені космостық, микрокосмостық
кезеңде қабылдау кезеңін бейнелейді (8, 402).
Қазақ халқының өзіндік этникалық ерекшелігі – мал шаруашылығын
кәсіп еткендігі. Қ.Жұбанов бір сөзінде «
қой шаруашылығының өсуі қой атын көбейткен » дейді. Бұл – айқын этнолингвистикалық көзқарас, бұл тұста
әңгіме лексиканың, дәлірек айтқанда, сөздік қордың байлығы – халық
шаруашылығымен етене байланысты екендігінде. Лингвист өзінің алғашқы
зерттеулерінде-ақ қазақ тіліндегі мағынасы мен құрамы көмескі элементтерді
түсіндіру мақсатында малға қатысты айтылатын одағайлардың лексика-
грамматикалық тарихын ашуға тырысып, этногенетикалық мектептер мен
глоттохронология үрдістерін басшылыққа алып, тіл білімінің этномәдени
аспектісін кеңінен қамтыған. Тілдік фактілерді талдау барысында
салыстырмалы-салғастырмалы әдісті аса білгірлікпен шебер қолданған ғалым
түркі тілдеріндегі мал атауларының еркек-ұрғашылығына қарай ажыратылу
сипатын түркі тілдерінің кең диапазонды қамтитын материалдары негізінде
нақты дәйектемелер келтіре отырып түсіндіреді. Мысалы,
еркек қой, еркек тоқты құрылымындағы
еркек – анықтауыш. Ол анықталатын сөзден бұрын
тұр. Осының әуел баста қандай болғандығын тексеру үшін мынадай талдау
жасайды:
«қошқар» деген сөздегі