Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет198/269
Дата25.04.2022
өлшемі3,08 Mb.
#140773
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   269
Байланысты:
Жұбанов Қ.

Тәлімгер тілмаш 
(Қ.Жұбановтың аудармашылық өнері мен аударма туралы 
ой-пікірлері жайында) 
Профессор Қ.Жұбановтың ғылыми жұртшылық назарынан тыс қалып 
келе жатқан тағы бір қыры – оның 
аудармашылық өнері
мен 
аударма 
жайындағы ой-пікірлері
. Ол бұл саламен табиғи мұқтаждық салдарынан 
айналысты. Тілдерді салыстыра қарастыру арқылы бір тілден екінші тілге 
аударуда оның асқан таланты байқалады. Ғалым құрылымы бөлек тілдердің 
семантикалық айшықтарын бірінен екіншісіне аударуда өзінің айрықша 
қабілетін танытады. Жоғарыда сөз болған «Бюллетеньде» жарияланған 
мақалалары ұдайы екі тілде жазылған. Осының өзінен-ақ оның аудару 
шеберлігін байқауға болады.
Ғалымның алғашқы аудармасы есебінде К.К.Юдахиннің 1929 жылы 
Қызылордада өткен қазақ тілі бойынша орфографияға байланысты ғылыми 
конференцияда сөйлеген сөзін аударуын айтуға болады.
Қ.Жұбановтың аудармашылық қызметі жайлы белгілі әдебиет маманы, 
профессор Б.Шалабаев өзінің 30-шы жылдары В.Г.Короленконың «Без 
языка» деген повесін аударғанын, оны баспагерлер ұнатпай, аудармашыға 
қайтарғанын айтады. Мұны білген профессор баспамен өзі байланыс жасап, 
аударманы әдеби өңдеуді өз міндетіне алатын болып келіседі. Сөйтіп 
аударманы түгел қайта өңдеп, «Тілсіз» деген атпен баспадан шығартады.
Зерттеуші А.К.Бақытжанова өзінің «Қ.Жұбанов және аударманың 
лексика-семантикалық проблемалары» атты мақаласында ғалым-аудармашы 
Қ.Жұбановтың бірқатар аудармаларына тоқталып өтеді. Ол өз кезегінде: 
«С.Аманжоловтың «О языке перевода классиков марксизма-ленинизма» атты 
мақаласына берген редакторлық түзетулерінен, «Головокружение от 
успехов» 
атты 
Сталин 
мақаласының 
аудармасына 
қатысты 


284 
рецензияларындағы аударманың лингвистикалық мәселелерін сөз етіп 
талқылағандығын көреміз» – дейді де, «Қ.Жұбанов С.Аманжоловтың 
жоғарыда 
аталған 
мақаласына 
берген 
түзетулерінде 
академик 
А.Н.Самойловичтің 
«Коммунистік 
манифест» 
аудармасына 
берген 
рецензияларына мынадай қарсы пікір айтады. «
Нельзя считать 
справедливым все замечания академика А.Н.Самойловича /.../. В 1925 году, 
когда впервые был переведен «Коммунистический манифест», число казахов, 
изучающих иностранные языки /русский язык для казахов не есть 
иностранный/, по крайней мере из тех, на кого расчитан перевод, равнялось 
чуть ли не нулю. При таком положении вещей соблюдение буквальной 
точности в отношении слов «иностранных языков» сделало бы перевод 
менее понятным, чем при наличной, я бы сказал, удачной замене этого 
примера
», – дей келе, «Қ.Жұбановтың бұл пікірінен біз профессордың аудару 
барысында буквализмге (әріпқойлық) ұшырамай, ұтымды жол табуды 
нұсқағанын көре аламыз», – деген ойын білдіреді (138). 
Аудару барысында Қ.Жұбановтың тілдердің ұлттық табиғатына мұқият 
мән бергені байқалады. Оның тікелей аудармаға қатысы жоқ ізденістерінің 
өзінде де сөйлем құрау мәселесінде ылғи да өзге тілдердің материалдарымен 
салғастыра қарап отырғаны қызық. Әсіресе оның қазақ тіліндегі сөз 
тіркесімділігі жайында жасаған талдауы көңіл аударарлық. Әдетте қазақ тілі 
агглютинативті тілдер қатарына жататындықтан, ондағы сөзжасам түрлері 
жалғаулар көмегімен жасалады дейтін ұғым қалыптасқан ғой. Қ.Жұбановтың 
«Жалғамалы тілдер тек жалғамалылықпен ғана шектелмейді» деп керісінше 
түйін жасайды. Оның ойынша, бұл мәселеде қазақ тілінің сөз тіркесімділігі 
айрықша рөл атқарады. Оған мысал ретінде 
Сен көрген қымбат алпауыттан 
да қызыл құрт Ертай ұстаның Темірбайдан алған торы бесті аты жақсы
деген 15 сөзден тұратын сөйлемді талдап көрсетеді
.
Осындағы 15 сөздің 
үшеуінде ғана сөз тудырушы қосымша бар да, қалған 12-сі түбір сөз болып 
келеді. Сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстыра отырып, түрлі тіркесім 
жасауға болатынын, сол арқылы жаңа мағыналық өзгерістер туғызылатынын 
тәптіштеп талдайды. 
Қ.Жұбанов аударма барысында әр тілдің өзіне тән ұлттық табиғатын 
түсіне білудің маңызына ерекше назар аударады. Ол аударма барысында 
әріпқойлыққа жол бермей, балама аударма жасаудың ұтымды жолын табуға 
шақырады. Сонымен қатар Қ.Жұбанов қазіргі аударма теориясының 
лингвистикалық саласында маңызды орын алатын 
фразеологизмдерді 
қазақ 
тіліне аудару мәселесіне, сондай-ақ аудармадағы мәнмәтіннің орны сияқты 
проблемаларға өз еңбектерінде ерекше тоқталып кетеді. Мысалы, жоғарыда 
айтылған 
С.Аманжолов 
мақаласына 
берген 
түзетулерінде 
ол 
фразеологизмдерді аудару барысында олардың құрамына кіретін жеке 
сөздердің аудармасын бермей, тұтас мағынасын жеткізудің маңыздылығын 
және дұрыстығын атап көрсетеді. Ғалымның осы еңбегінен алынған мына 
жолдарды көрсете кетуді қажет деп есептейміз: 
«Мы считаем совершенно 
непростительным такиепереводы на русский язык, как «заставить 


285 
жаворонка нести яйца на овце» или как «ясно, как то, что на жеребенка 
положили тавро». Дело втом, что тут мы имеем дело сидиоматической 
фразеологией, с так называемыми «крылатыми словами», значения которых 
непередаваемы переводом отдельных слов, из которых они состоят. 
Следовало бы объяснить значения фразеологии в целом»
. Мақаланың 
соңында ғалым мынадай теориялық тұжырым жасайды: 
«Автор 
неоднократно прибегает к обратному переводу, как к критерию. Это 
может дать известный эффект в полемике, но критерием правильности 
перевода не может служить, потому что семантическая емкость слов в 
различных языках бывает различная, что может вызвать несовпадение 
обратного перевода с первоначальным текстом». 
Бұл жолдардан біз 
профессор Қ.Жұбановтың аударма барысында кейбір сөздердің мағыналық 
жағынан сәйкес келуі мәселесіне де ерекше назар аударғанын көреміз. 
Ғалымның көрсетуінше, көптеген аудармалардың 
басты кемшілігі
– жеке 
сөздердің дұрыс аударылмауына, тілдердегі 
родтық
және 
видтік
ұғымдардың 
ескерілмеуіне және сөзқолданудағы грамматикалық қателерге байланысты 
ғалым қазақ тілінде 
род
категориясының жоқтығын, немесе 
видтік
ұғымды 
білдіретін сөздердің екі тілде дәл баламасы болмайтындығын ескертіп кетеді. 
Мысалы: орыс тілінде кездесетін 
«пастух»
деген родтық ұғым бар да, ал 
«қойшы», «жылқышы»
деген видтік ұғым жоқ, және, керісінше, 
«хлев», 
«конюшня»
деген видтік ұғымдар бар да, ал жалпы 
«қора»
деген ұғым жоқ. 
Орыстың 
«тетясы»
қазақшаға 
«жеңеше», «апа»
деп аударылады да, ал 
қазақтың 
«апасы»
орыс тілінде 
«сестра», «тетя»
ұғымдарын білдіруі 
мүмкін. 
Қ.Жұбанов сондай-ақ орыс тіліндегі 
«лощадь», «корова», «толстый», 
«мелкий» 
сөздерін қазақ тіліндегі 
ат, сиыр, жуан, жіңішке 
сөздерімен 
салғастыра сөз етіп, ескермеуге болмайтын қызықты тұстарға мән береді. 
Қараңыз, шынында «
лощадь
» дегенді қазақтар «
ат
» деп те, кейде «
жылқы
» 
деп те айта береді. Ал қазақтың 
ат-
ынорыстар кей жағдайда «
мерин
» деп, 
екінші бір тұста «
конь
» деуі мүмкін. Сол сияқты «
толстый»
-дың қазақта 
«жуан» (жуан сабақ), «қалың» (қалың қағаз)
боп, 
«мелкийдің», «ұсақ» (ұсақ 
тастар), тайыз (тайыз су – мелкая вода)
болып құбылатыны жөнінде 
жасалған талдамалар – аударматану іліміне қосылған үлкен үлес. Мұны 
ғалым қалыптасқан табиғи заңдылық қатарында сөз етеді. Оның ойынша, сөз 
дегеніңіз – тек зат, нәрсе атауы ғана емес, сонымен бірге санаға сіңген, 
қалыптанған заттардың да атауы. Қоғам дамуының ерекшелігіне сәйкес бұл 
танымдық құбылыс әр халық ұғымында әр алуан қалыптасуы ықтимал. 
Аудармашы-ғалым тәржімалау кезінде тілдердің ұлттық табиғатына 
ерекше мән беруді маңызды деп санайды. Ол әрбір сөздің мәнмәтінге қарай 
құбылып отыратын қасиетіне аудармашылардың мән беріп отыру керектігін 
айтады. Мәселен, «
Орыста 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет