105
функционалды-семантикалық
белгілілік-белгісіздік
категориясының
зерттелуіне де бастама болды деп айта аламыз.
А.Байтұрсынұлы,
Қ.Кемеңгерұлы
есімдіктерді
жіктеуде
белгілілік/белгісіздік оппозициясын негізге алған, яғни жеке адамды немесе
топты көрсетсе –
шектеу
(А.Байтұрсынұлы),
анықтау
есімдігі
(Қ.Кемеңгерұлы), нәрсенің жоқтығын, белгілі еместігін немесе түгел
еместігін білдірсе –
танықтық
(А.Байтұрсынұлы),
танықтау есімдігі
деп
атаған. Екінші сөзбен айтқанда, бүгінгі таңдағы өздік есімдігі, жалпылау
есімдігі деп танылып жүрген есімдіктердің басын қосып,
шектеу, анықтау
есімдігі
деп
атайды
да,
белгісіздік,
болымсыздық
есімдіктерін
танықтық,танықтау есімдігі
деп атаған. Кейінгі зерттеушілер анықтау,
танықтау есімдіктерін ұсақ бөлшектерге жіктеуге тырысқан. Яғни
А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде танықтау есімдігі нәрсенің
жоқтығын (
ешкім, ештеңе, ешбір
)‚ анық белгілі еместігін‚
(әлдекім, әлдене)
немесе түгел еместігін
(кейбір, қайсыбір)
білдіретіні сөз болса, Қ.Жұбанов,
С.Аманжолов, Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаев еңбектерінде нәрсенің жоқтығын
білдіретін сөздер – болымсыздық есімдіктері, анық белгілі еместігін білдірсе,
белгісіздік есімдіктері, түгел еместігін білдірсе, алалау есімдіктері деп
аталып, танықтау есімдігінің мағыналық ерекшеліктеріне сәйкес өз ішінен
одан әрі таратыла түскен.
Қ.Жұбанов сөз таптары топтамасында түбір тапқа жоғарыдағы
есімдерден кейін
етістіктерді
атаған. Етістік түбірін екіге бөледі: «таза түрі»
(
оқы, жаз
), «келімсек түрі» (
ойн-а, сарға-й, адам-сы
). Бұл қазіргі
грамматикаларда
негізгі түбір
және
туынды түбір
деген терминдермен
аталған. Осы тарауда ғалым етістіктің болымды, болымсыз түрлері туралы,
сонымен қатар «етістіктің түп негізі мен болымсыздық түрлеуішінің арасына
сыйыса алатын үстеулер –
етіс үстеулері
деп, етістің жеті түрі барын
айтады. Оған қазіргі күні
салт
және
сабақты етістік
деп атап жүргендерді
түпнегіздің етістері деп көрсетеді. Мысалы, салт етіс (
жүр, ұйықта
) – табыс
септеулі сөзді жетектемейтіндер; сабақты етіс (
жаз, ұр
) – табыс септеулі
сөзді жетектейтіндер.
А.Байтұрсынұлы етістің 10 түрін (өздік (
Достарыңызбен бөлісу: