112
айтылады. Қ.Жұбанов өзінің «Көмекші, күрделі етістіктер туралы» деген
орыс тіліндегі шағын кітапшасында төрт етістіктің осы сияқты
семантикалық-функциялық дифференциациясын ең бір нәзік жерлеріне дейін
талдап көрсетіп береді. Бұл – атақты төрт етістік
(отыр, жатыр, жүр, тұр)
туралы жазылған ең алғашқы ғылыми жұмыс», – деп ерекше атап көрсетеді
(4, 46).
Профессор М.Томановтың пікіріне жүгінсек: «Қ.Жұбанов
көмекші
етістіктер жайындағы өзіне дейінгі тарихи-теориялық зерттеулер айта
алмаған, аша алмаған көмекші етістік семантикасы мен құрылысының басты
ерекшеліктері мен зандылықтарын талдайды. Қазақ тіліндегі көмекші
етістіктер жалғамалы тілдің құралдары бола тұрып, өз бойында синтетизмнің
де көп белгілерін сақтағандығы тарихи талдау арқылы дәлелденді.
Сондықтан да, кейде бір етістік түбірдің күрделенуі ме, әлде екі түбірдің
синтаксистік тіркесі ме – осы жағын анықтау қазақ тілінің жүріп өткен
жолының ерекшелігін анықтаумен тең түсіп жатады.
Қазақ тіл білімінде
бірінші рет Қ.Жұбановтың осы еңбегінде көмекші етістіктердің
полисемантикалық
және
полифункционалдық
сөздердің
тобына
жататындығы дәлелденді. Ал мұндай зерттеулер 30-жылдарда, тіліміз жаңа
әлеуметтік жағдайларда дамудың қай бағытын ұстану керек дейтін сұрақ бар
шындығымен қойылған кезде аса мәнді еді» (24, 125.).
Профессор Қ.Жұбанов «Заметки о вспомогательных и сложных
глаголах»
деген еңбегінде
отыр, жүр, тұр
және
жатыр
етістіктерін басқа
күрделі етістіктердің ішінде барынша әмбебап және өнімділігі өте жоғары
деп бағалайды. Аталған етістіктер басқа етістіктермен тіркесіп келгенде
басқа тілге аударғанда мағынасын бір сөзбен дәл беру мүмкін емес, бұл
қасиет олардың
көмекшілік қызметінен деп, олардың қандай тұлғалармен
тіркесетіндігін және беретін мағыналық реңктерін алғаш рет ашып көрсетеді.
Профессор Н.Оралбаева аталған еңбекте 1) көмекші етістіктердің түрлі
грамматикалық қызметтері қарастырылғанын; осы шақтың жасалу жолының
ғылыми түрде дәлелденгенін, осы шақтың көрсеткіштері ретінде
отыр, тұр,
жүр, жатыр
көмекші етістіктері көрсетіліп, олар осы шақтың күрделі
формалары деп аталғанын (бұл тұжырым кейін етістіктің аналитикалық
формасы теориясының бастамасы болды); 3) түркология көлемінде күрделі
көмекші етістік
мәселесі тұңғыш рет көтеріліп,
келе жатыр, бара жатыр
сияқты мысалдар келтірілгенін; 4) қимылдың жасалу кезеңі (фазасы) мәселесі
алғаш көтерілгенін айтады (51, 23-29).
Қ.Жұбанов көмекші етістіктердің жетекші етістіктерге үстейтін
грамматикалық мағынасын шақ ұғымы, нақтырақ айтқанда, осы шақ арқылы
түсіндіруге тырысады. Бірақ мұнда Қ.Жұбановтың қимылдың уақытқа
қатысын шақ арқылы сипаттауда оның (қимылдың)
ішкі созылыңқылығын
көрсетеді. Бұл туралы ғалымның өзі көмекші етістіктер күрделі етістік
құрамында осы шақ мағынасын ғана емес, негізгі етістік мағынасына
қимылдың созылыңқылығын, дүркіндік мағынасын үстейтін сыпат (вид)
формативтерінің де қызметін атқаратындығын айтады.
Төрт қалып етістігін
113
біріктіретін ортақ семантика шаққа қатысты болса, ал айырмашылығы –
қимылдың өту ағымын сипаттауында. Сондай-ақ ғалым жетекші етістік пен
төрт көмекші етістік тіркесімділігі алдыңғысының лексика-семантикалық
ерекшелігіне де байланысты болып келетіндігін дұрыс байқаған. Ғалымның
мына пікірі осыны көрсетсе керек: «...
Достарыңызбен бөлісу: