Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет84/269
Дата25.04.2022
өлшемі3,08 Mb.
#140773
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   269
Байланысты:
Жұбанов Қ.

-шақ, -шек, -шық, -шік
жалғауларын анықталатын 
сөзден соң тұрған анықтауыштар деп атайды. Мұндай негізді, батыл 
айтылған пікірге тәнті болмай тұра алмаймыз. Ғалымның жазғандарын 
Ө.Айтбайдың сөзімен айтсақ, «
дәлелсіз, дәмсіз айғайға құрылған құр 
батылдық ретінде емес, ғылыми негізді тірек еткен дәйекті ой
» ретінде 
қабылдамасқа титтей де негіз жоқ (63, 35-36). 
Профессор Қ.Жұбанов синтаксистің негізгі қағидаты – сөздердің 
тіркесімділік қабілетін – тереңнен қозғайды. Ғалым сөз мүшелерін, яғни 
сөздерді «
қалай-солай құpай салғанмен, сөз болмайтынын
», яғни сөз тіркесі 
немесе сөйлем болмайтынын көрегендіктен айтады. «
Сөз қылып шығаpу үшiн 
сөз мүшелеpiн белгiлi тәpтiппен оpналастыpу кеpек. Сөздiң әp мүшесiнiң 
өзiне аpнаулы оpны баp. Сол аpнаулы оpнына қойылмаса, сөз болмайды
». Бұл 
пікірді сөздердің тіркесуіне, яғни сөз тіркесі синтаксисіне де қатысты айтуға 
болады, екіншіден, стилистика саласының да нышандары қылаң береді. 
Профессор Қ.Жұбанов «Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайында» 
атты еңбегінде сөйлемдерді айтылу сазына қарай 
хабар сазды, сұрау сазды
және 
леп сазды
деп бөледі. Сөйлемдерді жіктеудегі бұл ұстаным әлі күнге 
дейін өзгермей, хабарлы, сұраулы және лепті сөйлем деп аталуы ғалымның 
теориялық 
тұжырымының 
нақтылығы 
мен 
термин 
жасаудағы 
тапқырлығының белгісі іспетті. Ғалым бұл сөйлем түрлеріне анықтама 
беруде де нақтылық пен байқампаздығын көрсетеді. Бұл пікірімізге хабарлы 
сөйлемге «
Болған, болып жатқан, немесе болашақ оқиғалаpдың жайын 
хабаpлай сөйленген болса, сөйлем


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет