Ұлы Жібек жолы Еуразия құрлығындағы мемлекеттер мен өркениеттердің мәдени сұхбаттастығы мен экономикалық байланыстарының алғышарты


-Дәріс: Ұлы Даладағы тәуелсіздік үшін күрес және ұлттық бірлік пен бірегейлік идеялары



бет42/49
Дата07.02.2022
өлшемі465,5 Kb.
#90267
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49
Байланысты:
дәрістер курсы

14-Дәріс: Ұлы Даладағы тәуелсіздік үшін күрес және ұлттық бірлік пен бірегейлік идеялары
1.Ежелгі түркі дәуіріндегі азаттық жолындағы ұлттық рухтың келбеті.
2.Түркі дәуіріндегі мемлекеттілікті сақтап қалу идеясы.
3.ХҮІІ-ХХ ғғ. тәуелсіздік үшін күрес.
4.Қазақстанның тәуелсіздігін одан әрі нығайту және ұлттық бірлік пен бірегейлік идеясы.1.Ежелгі түркі дәуіріндегі азаттық жолындағы ұлттық рухтың келбеті.
Ұлттық журналистиканың ілкі белгісі ежелгі түрік руна алфавитімен бәдізделген Орхон, Енисей, Талас өзендері бойынан табылған тас бітіктерден көрініс тапқан. Мұндай ескерткіштер қатарына ғылыми ортада белгілі болған Білге қаған (683-734), Күлтегін (684-731), Тоныкөк , Күлі Чор, Мойын Чор, қар Чор, т.б. жәдігерлердегі сюжеттер мен оқиғалар желісі, образдар бейнесі мен жер-су атауларына байланысты суреттеулерден публицистік белгілердің нышанын, ақпарат таратудың көшпелілерге ғана тән ерекшеліктерін аңғаруға болады. Ежелгі көшпелі төрүктер ақпаратты тасқа басу арқылы сол дәуір шежіресін айнаға түскендей болашақ ұрпақтың мәңгі есінде қалдыруды көздеген.
Орхон ескерткіштерінің ішіндегі мазмұны мен көлемі жағынан өзгеше саналатын жазба – Күлтегінге арналған ескерткіш. Жазбада өмірде болған тарихи оқиға баяндалады. Құтлығ қаған (Ілтеріс) тұсында түркі мемлекетінің күш – қуаты артып, ерекше қарқынмен дамыған. Ол 682 жылы қайтыс болғаннан кейін, балалары Могилян мен Күлтегін жас болып, таққа туысы Мочжо (Қапаған) отырады. 716 жылы Қапаған дүниеден қайтқан соң, таққа Білге қаған отырады. Дәл осы кезде Білге түркі мемлекетінің күш – қуатын арттыруға көп еңбек сіңіреді. 731 жылы түркінің атақты қолбасшысы Күлтегін дүниеден өтеді. Інісін өмірлік есте қалдыру мақсатында Білге қаған Кошо – Цайдам ойпатындағы Қараболғасун ескі қорғанның солтүстігіндегі Эрдени – цзу пұтқанасы маңында Күлтегін тас жазуын орнатқызады. Оны жазған Иоллығ тегін атты жазбагер.
«Күлтегін ескерткішінің биіктігі – 3,15 м, ені – 1,24 м, қалыңдығы – 0,41 м. Ескерткіштің жоғары жағы бес бұрышты. Оның қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген. Екінші жағанда ескерткіштің орнатылған күні – 1 тамыз, 732 жыл деп жазылған».
Күлтегін ескерткішіндегі жазу екі бөліктен тұрады. Ол негізгі беттегі 40 жол жазу – үлкен жазу (КТҮ) деп, ал сол жақ бетіндегі 13 жол жазу – кіші жазу (КТК) деп аталады.
Көне жазба ескерткішінің ішінде осындай нақтылы фактілерге негізделген «Күлтегін» тарихи жәдігерінің үлкен жазуы 428 өлең жолынан, бір – бірінен толық дербес тұрған алты хикаядан, яғни алты оқиғадан құралған. Бірінші хикая – түрік халқының ұлы ата – бабалары туралы, екінші хикая – түріктерді тамғаштардың бағындырып алғаны жөнінде, үшінші хикая – Елтеріс қағанды сипаттауға арналғаан, төртінші хикая – Қапаған қаған туралы, бесінші хикая – Білге қағанды жыр еткен, алтыншы хикая – Күлтегін туралы жыр».
Орхон өзені бойындағы Күлтегін бітік тасындағы көне жазуда ата-бабаларымыздың күшті мемлекет орнатудағы халыққа арнаған үндеу-манифесті жарияланған. Онда түріктер өздерінің қаһармандық істерін, мемлекет құрудағы зор жетістіктерін мəңгі тасқа арнайы ойып жазып қалдырған. Күлтегін ескерткіші екінші Түрік қағанаты кезіндегі маңызды кезеңдерді қамтыған тарихи шығарма жəне мəңгілік мұра болып табылады. Күлтегін жазбасындағы ежелгі түркілердің манифест-үндеуінің негізгі мазмұны — елді біріктіріп, болашаққа нық сеніммен қадам басу ниетінен туындаған мемлекеттік маңызы бар құжат акт болады. Негізінде Күлтегін жазба ескерткішінің өзі Мəңгі Ел орнату жолындағы жан берген түрік тарихының шежіресі еді. Бұл — бірліктің, ынтымақтастықтың символы болған киелі орын, мəңгілік ел орнатамыз деген елдің тұтастығының белгісі.
Күлтегін жырында түрік елінің ең басты идеясы Түрік қағанатының мемлекеттік тəуелсіздік актісі — «Мəңгілік Ел» идеясы саяси манифест түрінде салтанатты түрде халыққа жария етілді [2; 199].
Елді басқарған қағандар үшін, түрік халқын оятып, біріктіріп, түрік қағанатын орнату жолындағы ұлы жорықтар жасап, ортақ мақсатқа елді жұмылдыруға осындай үндеу-манифест аса қажет болды. Манифесте түріктерді азат болу үшін күреске шақырып, өзге елге кіріптар, бағынышты болмауға, көрші қуатты мемлекеттің шығарған тұрмыстық заттарына қызығып, олардың арбауына түсіп қалмауға шақырады. Түріктердің еш елден кем емес, қайта артық екенін мəлімдеп, оларға өздерінің құқықтарын қорғауға үндейді. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін түрік халқының рухын оятып, «көк түрік» болып бірігу міндеті тұрды. Өзге елге бодан болмай, өз алдына тəуелсіз еркін Түрік империясын орнату қолға алынды. Күлтегін ескерткішіндегі жарияланған үндеуде Түрік халқының алға қойған мақсатының концепциясы мен идеологиясы айтылды.
Ежелгі түріктер барлық туыстас тайпаларды біріктіріп, біртұтас Түрік қағанатын орнату жолында күреске шыққан. Ал қағандары ақылды жəне ержүрек батыр қолбасшылар болды. Түрік бектері мен халқы қағанға, мемлекетке адал қызмет жасады. Осындай ұйымшылдық, ауызбіршілік, татулықтың негізінде түрік халқы көздеген мақсаттарына жетті. Қаған мен халық арасындағы тұтасқан бірліктің, ортақ мүддеге орай жұмыс жүргізудің арқасында хан елді ұзақ уақыт басқарып, заман талаптарына сай өмір сүру ережелерін қалыптастырды. Ел іргесінің берік бекуі, мемлекеттің өрге басып дамуы қағанның парасаттылығы мен халықты соңынан ерте білуінен жəне қарамағындағы жалпы жұрттың мемлекеттік мүддеге шексіз берілгендігінде екен. Соған орай үндеу-манифесте Күлтегіннің елді нығайту жолындағы қатысқан жорықтарындағы көрсеткен ерліктері мен қолбасшылық қабілетінің артықшылықтары үлгі өнегі ретінде насихатталған. Тасқа түсірілген ескерткіш жазу бүгінгі жəне болашақ ұрпақтарға өсиет болатын мəңгілік жазба мұра болып саналады. 2014 жылға 12 қарашада Елбасы Н.Ə.Назарбаев «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз жалпыұлттық идеямыз — Мəңгілік Елді басты бағдар етіп, тəуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға айналдырдық. Məңгілік Ел — елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан – 2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі — Мəңгілік Ел! Ол — барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы... Мəңгілік Ел идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Түркі жұртының мұраты — Мəңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді», — деді [3].
Түйіндей келгенде, Күлтегін жазбасы – VІ- VІІ ғасырлардағы түркі қағанатының қоғамдық – саяси өмірін, жаугершілік замандағы ел басқарған хандар мен қол бастаған батырлар хақындағы, шындық деректерге сүйенген, елдің тұрмыс – тіршілігін, әдет – ғұрпын дәл бейнелеп берген өлмес ескерткіш. Шындық өмірді, ақиқат болмысты көрсеткен жазба – көркем шығарма, тарихи жәдігер болумен қатар, қазақ публицистикасының да қайнар бастауының бірі деп батыл тұжырым жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет