«логистика жəне көлік академиясы» «Əгп жəне дт» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет24/82
Дата05.06.2023
өлшемі3,62 Mb.
#178253
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82
Байланысты:
umkd

 
Дəріс жоспары
 
1.
 
Элиталардың негізгі теориялары: Г.Моска мен В.Паретоның элитаның 
классикалық теориялары. 
2.
 
Саяси элитаның құрылымы (жоғарғы жəне орта). Саяси элиталардың жіктелуі. 
Қазақстан Республикасындағы саяси элиталардың қалыптасу ерекшеліктері. 
3.
 
Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның əлеуметтік функиялары. 
Саяси көшбасшылықтың жіктелуі. Саяси көшбасшылықтың сипатын 
айқындайтын факторлар 
4.
 
Саяси жүйе ұғымы жəне оның принциптері 
1.
 
Элиталардың негізгі теориялары: Г.Моска мен В.Паретоның элитаның 



классикалық теориялары. 
«Элита» термині француздың «elite» деген сөзінен шыққан таңдап алынған, 
сұрыпталған деген мағына береді. Элитаның түрлері өте көп: саяси, басқарушы, 
экономикалық, рухани, əскери т.б. Соның ішінде біз саяси элита ұғымына тоқталамыз. 
«Элита» терминін ғылымға алғаш енгізген Вильфредо Парето (1848-1923). Ол 
бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді. Ол 
идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың 
орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда əрқашан 
болмақ. Яғни, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып 
отырады. Ол өзінің «Жалпы социология бойынша трактаты» деген еңбегінде элитаның 
айналу теориясын жасады. Паретоның пікірінше саяси процесте, элитаның екі түрі ерекше 
көзге түседі: «арыстандар» (күшке сүйенетін қатал жəне шешуші билеушілер) жəне 
«түлкілер» (басқаруда келіссөздер, алдау, сендіру, жеңілдіктер жəне т.б.с.с. «жұмсақ» 
əдістерін қолданатын əккі басшылар) элитасы. Олар қоғамда үнемі орын алмастырып 
отырады. «Арыстандар» элитасының үстемдігі қоғамдық өмірдің айтарлықтай өзгеруін 
қамтамасыз етеді. Былайша айтқанда, Парето «түлкілер» деп басқарушы элитаны 
көрсетсе, «арыстандар» контрэлитаны қалыптастыратындығын көрсетті. 
Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар 
мен бағынушыларға бөлінеді деді. Оған ұйытқы болатын қасиеттерге əскери ерлікті, 
байлықты, діни дəрежені жатқызады. Осы үш қасиет адамға басқарушылар қатарына 
енуге жол ашады. Ол «Саяси ғылымдардың негіздері», «Билеуші тап» деген еңбектерін 
элита мəселесіне арнады. Моска барлық өркениетті қоғамдарда «билеуші» жəне 
«басқарылушы» екі тап пайда болады деп есептеді. Билеуші тап (элита) саяси билікке 
монополия орнатып, басқарылушы таптың есебінен күн көреді.
Демократиялық элитизм теориялары. Бұл теориялар Екінші дүниежүзілік соғыстан 
кейін батыстық саясаттануда кең тарады. Олар Джозеф Шумпетер (1883-1950) ұсынған 
демократияны сайлаушылардың сенімі үшін əлеуетті көшбасшылар арасындағы 
бəсекелестік ретінде түсінуден шығады. Демократиялық элитаны қолдаушылар 
эмпирикалық зерттеулердің нəтижелеріне сілтеме жасай отырып, нағыз демократия 
элитаға да, жаппай саяси апатияға да мұқтаж деп санайды, өйткені тым көп саяси 
белсенділік демократияның тұрақтылығына қауіп төндіреді. Сонымен қатар, халық 
сайлаған элита ең алдымен қоғамның саяси жəне əлеуметтік-экономикалық дамуының 
тиімділігі тұрғысынан қажет. Басқарушы тап басқару үшін қажетті мүмкіндіктерге ие 
болып қана қоймай, демократиялық құндылықтарды қорғаушы ретінде қызмет етеді жəне 
бұқараға тəн «охлократиялық» радикализмді ұстай алады.
60-70 жылдары элитаның салыстырмалы демократиясы мен бұқараның 
авторитаризмі туралы тұжырым нақты зерттеулермен теріске шығарылды. Белгілі 
болғандай, элита өкілдері либералды-демократиялық құндылықтарды (тұлғаның еркіндігі, 
сөз бостандығы, бəсеке жəне т.б.) қабылдауда саяси төзімділікте, бөтен біреудің қызметіне 
төзімділікте, диктатураны айыптауда қоғамның төменгі қабаттарынан асып түседі. Бірақ 
олар азаматтардың еңбекке, ереуілге шығуға, кəсіподақта ұйымдастыруға, əлеуметтік 
қамсыздандыруға жəне т.б. əлеуметтік-экономикалық құқықтарын тануда консервативті 
болып табылады. Оның үстіне бірқатар ғалымдар (П.Бахрах, Ф.Нашольд сияқты) 
бұқараның саяси қатысулары арқылы саяси жүйенің тиімділігін жəне тұрақтылығын 
арттыратын мүмкіндіктерін көрсетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет