«логистика жəне көлік академиясы» «Əгп жəне дт» кафедрасы


Саяси элитаның құрылымы (жоғарғы жəне орта). Саяси элиталардың



Pdf көрінісі
бет25/82
Дата05.06.2023
өлшемі3,62 Mb.
#178253
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82
Байланысты:
umkd

2.Саяси элитаның құрылымы (жоғарғы жəне орта). Саяси элиталардың 
жіктелуі. 
Ықпал ету көздеріне байланысты элита мұрагерлік болып бөлінеді, мысалы, 
ақсүйектер, құндылықтық - өте беделді жəне ықпалды қоғамдық жəне мемлекеттік 
лауазымдарды иеленетін адамдар, биліктік – тікелей билік иелері, жəне функционалды - 
басқарушылық лауазымдарды атқаруға қажетті біліктілігі бар кəсіби менеджерлер. 
Саяси элитаның ішкі құрылымы болады. Саяси элитаның құрылымы бірнеше түрге 
бөлінеді. Олар: 


10 
Жоғарғы элита; 
Орташа элита; 
Төменгі элита.
Жоғарғы саяси элита
өзіне жетекші саси басшыларды, сонымен қатар заң 
шығарушы, атқарушы жəне сот билік тармақтарында жоғарғы қызмет органдарында 
отырғандарды (президенттің тікелей төңірегіндегілер мен премьер-министр, оның 
орынбасарлары 
жəне 
жетекші 
министрлер, 
парламент 
спикері, 
депутаттық 
фракциялардың жетекшілерін) қамтыған. Бұлар млн-ған адамдардың тағдырына қатысты 
қоғамдық аса маңызды саяси шешімдер қабылдайтын саны жағынан мейлінше шектеулі 
адамдар (100-200 немесе 200-400 адам). 
Орташа саяси элита
көптеп саналатын сайланған лауазымды адамдардан: 
губернаторлардан, парламенттік депутаттардан, саяси партиялар мен қоғамдық 
қозғалыстар көшбасшыларынан, сонымен қатар кəсіподақтардың басшыларынан 
қалыптасады. Əйтсе де дамыған демократиялық институттары бар елдерде партиялар мен 
кəсіподақтар көшбасшылары элитаның жоғарғы жігінің қатарына кіре алады. Жалпы 
орташа саяси элита өзінің саны жағынан халықтың 5% құрайтын аса маңызды адам 
топтарынан, сондай-ақ аймақтық деңгейдегі билік органдарының өкілдерінен тұрады. 
Төменгі саяси элитаға 
жергілікті жерлердегі саяси қайраткерлер – басшылар, 
жергілікті билік органдарының депутаттары жəне аймақтық деңгейдегі партия 
қайраткерлері жатады. Сонымен қатар, саяси элитаның төменгі жігі өзіне қызметші-
басқарушыларды, мемлекеттік орталық жəне аймақтық деңгейдегі шенеуніктерді қосқан.
Саяси элитаға сонымен қатар əкімшілік, экономикалық, əскери-полициялық, 
идеологиялық-ақпараттық, рухани-мəдени жəне ғылыми мамандандырылған кіші 
əлеуметтік топтарда жатады. 
Əкімшілік элита – бұл билеуші элитаның бөлігі, ол өз қолына биліктің техникалық-
ұйымдық құрамдарын шоғырландырып, монополиялаған. Əкімшілік элита жеке 
құрамында – ол министрліктер, департаменттер жəне мемлекеттік басқарудың басқа да 
органдарында жоғары орын алған мемлекеттік қызметшілердің жоғарғы жігі.
Экономикалық элита – бұл меншік ресурстарының негізінде билік құрылымына 
өзінің қатынасуын іске асыратын билеуші элитаның бөлігі. Экономикалық элитаға өз 
қолдарында материалдық жəне қаржы ресурстарын шоғырландырған: ірі корпороциялар, 
банктердің иелері жəне олардың менеджерлері, кəсіпкерлер жəне т.б.кіреді. 
Сондай-ақ билікке келуіне байланысты – билеуші элита жəне оған өтпей қалған 
контрэлита немесе оппозициялық элита деп аталады.
Саяси элитаның қалыптасуына байланысты екі жүйе қалыптасқан. Гильдия жəне 
антрепренерлік. 
Антрепренерлік түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік 
жұртқа ұнай білу қабылеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына, кəсібіне, 
біліміне, мамандығына онша мəн берілмейді. Жеке басының ерекше қабылеті мен 
қасиеттері арқасында элита құрамына өте алады. Элита да ол кандидаттың жеке 
принциптері мен көзқарастарына тосқауыл қоймайды. Бұл ашық элита деп те аталады. 
Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп 
отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар 
қойылады.Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тəжірибесі, партиялық 
стажы жəне т.с.с. жатуы мүмкін. Егер элитаның идеясына қарсы пікірлері болса ол 
кандидаттың элитаға өтпей қалуы мүмкін.Бұл жабық элита деп аталады. 
Антрепренерлік жүйе көбіне демократиялық қоғамда қалыптасса, гильдия жүйесі 
авторитарлық жəне тоталитарлық қоғамдарды кең таралған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет