Патриотизм (грекше–Отанға деген сүйіспеншілік)–Отанға деген сүйіспеншілік сезімі, оған қызмет етуге, нығайтуға және қорғауға дайындық.
Патриот – өз өмірін Отан мүддесіне бағындыратын жекек тұлға. Патриотизм ұрпақтан-ұрпаққа беріледі және ұлттық дәстүрлердің негізгісі болып табылады.
Питекантроп– маймыл тектес адам. Бұл терминді XIX ғ. Дюбуа енгізген. Питекантроптар – ерте палеолиттің (шамамен 500 мың жыл бұрын) ежелгі қазба адамдары, неандертальдықтардың алдында болған.
Плебисцит – референдум түрі, жалпы халықтық сұрау жүргізу.
Плюрализм – көпшілік, әртүрлі бағыттағы күштердің (партиялар мен қозғалыстар) қарсылығы мен өзара қызметтестігіне негізделген саяси жүйені ұйымдастыру фармасы.
Помещиктар– жериеленуші дворяндар, мемлекеттік қызметі үшін жерді- поместьені пайдалануға алған адамдар.
Пошлина – мемлекеттік органдар жинайтын ақшалай төлем, салықтың ерекше түрі.
Популизм– негізсіз уәделер арқылы қол жеткізген, халық арасындағы атаққа қол жеткізу.
Президенттік республика – жоғарғы билік президент қолында болатын республиканы басқару формасы.
Продразверстка(азық-түлік разверсткасы ) – «Әскери коммунизм» (1918-1921жж.) кезінде ауылшаруашылық азық-түліктерін дайындау жүйесі, проддиктатурадан кейін орнатылады. Ол бойынша шаруалар мемлекетке қатаң орнатылған бағамен артық нан және басқа азық-түліктерді міндетті түрде тапсыру керек болды.
Пролетариат– капиталистік қоғамның негізгі таптарының бірі; өндіріс құралдары үшін жеке меншігінен айрылған жалдамалы жұмысшылар табы; олардың күнкөрінісінің жалғыз көзі – өздерінің жұмысшы күшін өндіріс құралдарының иелері – капиталистерге сату болды.
Пропорционалды сайлау жүйесі – сайлау партиялық тізімдер бойынша өткізілді. Ал депутаттық орындарды бөлу пропорционалды түрде сайлаушылар дауыстарының бөлінуімен жүзеге асырылатын жүйе.
Путч – қастандық жасаушылар тобымен жүзеге асырылатын мемлекеттік төңкеріс немесе оны жасауға талпыныс.