Сарбаз– салт атты әскер.
Сарматтар – б.з.д VI-IVғғ. Тобыл өзенінен Жайық өзеніне дейінгі территорияны мекендеген көшпелі тайпалар бірлестігі.
Саясат – (грекше-мемлекеттік істер)–қоғамда белгілі бір орындарға ие болуға ұмтылатын әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар арасындағы қатынастар мен байланысты қызмет ету сферасы.
Саяси жүйе – белгілі бір саяси функцияларды орындайтын мемлекеттік және әлеуметтік реттеу функцияларын атқарды, олардың үлкен интеллектуалдық мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жиынтығы.
Саяси партия – қоғамды құрылым, билікті ұйымдастыру және барлық мемлекеттік өмірді жетілдірудің белгілі бір бағдарламасын ұсынатын саяси бірлестік.
Саяси режим – билеушілер жағынан ұсынылған мемлекетті және қоғамды басқарудың құралдары мен әдістерінің жиынтығы. Әдетте демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық режимдерді атап көрсетеді.
Саяси элита – саяси басшылықта жүзеге асырып, мемлекеттік билікке ықпал ете алатын артықшылығы бар топ.
Себеп – басқа бір құбылстың пайда болуына әсер ететін негіз, құбылыс.
Сегрегация– рассалық немесе ұлттық қатыстығына байланысты адамдарды күшпен бөлу саясаты.
Сепаратизм – ұлттық аз топтардың жеке мемлекет немесе автономияға бөлінуіне бағытталған саяси қозғалыс.
Сепараттық бейбіт келісім – одақтастарының келісімінсіз бір мемлекеттің қарсылығымен жасасқан бейбіт келісім.
Сібір хандығы – XV ғасырда Алтын Орда ыдырауы кезінде құрылған мемлекет. 1580 – 1590жж. Ресейге қосылған болатын.
Синантроп – архантроптың бір түрі, оның қалдықтары алғаш рет Пекин маңындағы Чжай – Куяань үңгірінен табылған, кейде оны «пекиндік адам» деп те атайды.
Солютре – кейінгі палеолит мәдениеті, ориньяк пен мадлен арасында болған. 35-30мың жыл бұрын Францияда болған.
Соғыс - өз үсемдігін жүргізу немесе территориялық таластыруды шешу мақсатындағы мемлекеттердің бір-бірімен қарулы қақтығысы.