Фракция – бір немесе бірнеше партия өкілдерінің ортақ принциптер мен идеялар төңірегіне бірігуі.
Х Халық – елдің барлық тұрғындары. Тарихи бірліктің келесі формалары белгілі: рулық қауым, тайпа, халық, ұлт.
Хан – тайпа көсемі, түрік және монғол халықтарындағы патша.
Хаомаварга – сақ тайпалары.
Харадж – жер салығы (астық өнімнің 1/10-1/15 бөлігі).
Хризматикалық тұлға – ерекше қасиеттермен көзге түскен саяси лидер.
Христиандық – (грекше – маңдайы майланған) – буддизм және исламмен қатар әлемде кең тараған діндердің бірі. Бұл атау осы діннің негізін қалаушы Иисус Христостың атымен байланысты. Христиандық I – ғ. юасында пайда болған, Ivғ. Рим империясындағы үстем діндердің біріне айналды. Иисус Христос – христиан дінінің негізін қалаушы, құдай – адам, адамзат күнәсынан арылу мақсаатында крестке қағылған, одан қайта тіріліп, аспаға ұшқан әлем құтқарушысы құдайдың екінші тұлғасы. Діни оқулардың басты көзі – Қасиетті жазу – Библия (Таурат).
Хронология(грекше уақыи-ғылым) – қосалқы тарихи пән, құжаттар мен оқиғалардың даму уақытының жүйесін зерттейді.
Ш Шангүй – 1) ғұндардың жоғарғы басшысы; 2) ғұн әскери көсемнің шені.
Шариғат– Құранда негізделген әділетті, діни нормалар жиынтығы, мұсылмандық құқық.
Шаруа – 1) қатарлы көшпелі – малшы; 2) ұсақ мал өсірушілер.
Шаруашылық есеп – КСРО-да енгізілген шаруашылықты жүргізудің әдісі.
Шовинизм –ұлттық ерекшелікті уағыздайтын саясат, ұлтаралық наразылық, қайшылықты тұтандырады. Шовинизм – импералистік буржуазия қаруы, фашизм саясатында толығымен байқалады.
Шіркеу – діни сенімдер мен ғұрыптар негізінде біріккен дінге сенушілер бірлестігі.
Э Эвакуация – (латынша-аластату) қауіп төнген аудандардан, кәсіпорындардан, мекемлерден халықты шығару; әскери мүлікті және т.б. шығару, әскерді аластату.
Эволюция – 1) даму процесінің өзгеруі; 2) философиядағы қоғам мен табиғаттағы қозғалыс дамуының формасы, революция – түбірлі, сапалы өзгерістерге қарағанда үздіксіз, біртіндеп сандық өзгеріс. Эволюция және революция–қозғалыстың, дамудың өзара байланысты, қажетті екі форма: эволюция революция үшін негізді дайындап, қалайды, ал революция эволюцияны нығайтып, оның одан әрі дамуына жағдай жасайды; 3) белгілі бір бірліктердің ауысуы, қайта құрылуымен байланысты әртүрлі қозғалыстар: әскери қайта құру жарғыларын бір тәртәппен екіншісіне көшіру.
Экономика – (грекше-шаруашылықты басқару) белгілі бір қоғамның өндіруші күштері мен өндірістік қатынастарының жиынтығы, өндіріс салалары мен түрлерінен тұратын елдің халық шаруашылығы.