М6 бп тк mtta «Мәтінді тілдік талдау әдістемесі» п ә н н І ң о қ у- ә дістемеліккешен І



бет34/66
Дата09.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#174066
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66
Байланысты:
bekitilgen 2023 matin pmno umkd

Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Оқудың қандай түрлері бар, олар қалай іске асады?
2. Оқуда қандай талаптар орындалады?
3. Дұрыс оқу деген не, қалай іске асырылады?
4. Түсініп оқудың маңызын, іске асыру жолдарын айт.
5. Шапшаң оқу не үшін керек?
6. Оқушылар мәнерлеп оқуға қалай дағдыланады?


Пайдаланылатын әдебиеттер:
4.Маретбаева М.Әңгімелеу мәтіні : Монография. - Қарағанды : "Болашақ-Баспа", 2013. - 165 б. ;
(ҚР Білім және ғылым мин-гі; Қарағанды "Болашақ" университеті)
5.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін] = Literary theory: An Anthology : Оқулық. 4-ші том / Дж. Ривкин мен М.Райанның ред.; Ауд.: Ә.Шәріп. - 3-ші басылым. - Астана : "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019. - 452 б. ; ("Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы)https://openu.kz/ru/book/adebiet-teoriyasy-antologiya-4-tom


Дәріс-8.Мәнерлеп оқу материалдары бойынша алдын-ала жүргізілетін жұмыстар


Жоспары:
8.1.Мәнерлеп оқудың барлық әдіс-тәсілдері.
8.2.Мұғалімнің дайындығы.
8.3. Мәнерлеп оқу кезінде жасалатын кідіріс түрлері.
8.4.Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру
Мәнерлеп оқу дегеніміз – қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу. Қарапайым сөйлеу деп күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде бір-бірімізбен қарымқатынас жасағанда алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп сөйлеуді айтып жүрміз. Өйткені адамдар бір-бірімен сөйлескенде әр түрлі оқиғалар, хабарлар, көріп-білгендері туралы әңгімелейді және сол әңгімелерін өте шебер, әсерлі жеткізеді. Бастауыш сынып мұғалімдері алдындағы оқушының оқуға қаншалықты төселгенін арнаулы есеп жүргізу арқылы бақылап отыратыны белгілі. Балалар саналы түрде түсініп, дұрыс оқуға төселгенде мәтінді қиындықсыз біршама жылдамдықпен оқиды. Мәнерлеп, әсерлі оқуға талаптанады. Көркем сөз шеберлерінің күйтабаққа жазылған сөздерін тыңдату арқылы да мәнерлеп оқу, көркем оқу дегеннің не екендігі туралы ұғымдар беруге болады.
Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдері балалар аудиториясында оқылатын әрбір көркем шығарманың көркемдігін сақтай отырып, мәнерлі оқып береді. Сонда ғана оқушы әрбір көркем туындыдан эстетикалық ләззат алады. Онсыз оқудың құны болмайды.
Оқушылардың мәнерлеп оқу іскерлігінің басты мақсаты - әрбір сөздің мәнін жете түсіну, оның табиғатын тану және сөйлеуге машықтану.
Ең алдымен, сөйлеу техникасы көркемдік түрінде жеткізіледі және іске асырылады. Сөйлеу техникасымен жаттығу кезінде шығармалардың бүкіл жүйелері анықталады. Мәнерлеп оқу кезінде оқушылар шығарманың маңыздылығын сол қалпында түсініп, оны мұғалімге жеткізуді үйренеді, оны түсініп білу және сезіну – оқушының негізгі ізденісі, басты жұмысы. Бұл ойөрісті кеңейтіп қалыптастырады, берілген сабақтың материалдарын бақылауға үйретеді. Ұсынылған материалды талдай отырып, ол туралы білімін кеңейтіп, тереңдете түсіп, көз алдына елестетіп, ойын қалыптастыруды бастайды.
Мәнерлеп оқу дегеніміз – дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп, кейіпкердің көңіл-күйін сезіне білу. С.Желдірбаеваның айтуынша, мәнерлеп оқу - қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу. Қарапайым сөйлеу деп күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде бір-бірімізбен қарым-қатынас жасағанда алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп сөйлеуді айтып жүрміз. Өйткені адамдар бір-бірімен сөйлескенде әр түрлі оқиғалар, хабарлар, көріп-білгендері туралы әңгімелейді және сол әңгімелерін өте шебер, әсерлі жеткізеді. Ал бастауыш сынып оқушылары дәл осылай көркем шығарманы мәнеріне келтіріп, әсерлі оқуы үшін алдымен өзінің анатомиялық мүшелерінің қызметін, соның ішінде дыбыстау мүшелерінің қызметін жетік біліп, әрбір тіл дыбысы қалай жасалады, қалай естіледі, қалай оқылады дегенге баса назар аударып жаттығуы қажет. Ана тіліміздегі 37 дыбыс қанша сөйлесек те қажетімізге жарап, оралымды сөз, әуезді үн болып естіліп жататыны ғажап емес пе?! Сол дыбыстардан сөз, сөзден сөйлем, сөйлемдерден күнделікті тұрмыстық қарым-қатынас жасайтын ой өрбіп, небір туындылар өркен жайып жатыр.
Мәнерлеп оқу– қандай мәтін болмасын дұрыс, сөздерді бұзбай, сөз қалдырмай, әрбір сөзді анық, ондағы дыбыстарды дұрыс атап оқу.
Мәнерлеп оқу грамматиканы оқып үйренуге (интонация – ой мен сезімді білдіретін грамматикалық тәсілдердің, сөйлемнің грамматикалық белгілерінің бірі), орфографияны (дыбыс пен әріптің өзара қатынасы орфоэпия), пунктуацияны (интонацияның кідірісіне сәйкес келуі) оқытуға қызмет атқарады. Ауызекі сөздің тартымдылығы мына сияқты іскерлік пен дағдыларды игеру нәтижесінде жүзеге асады:

  1. Оқушылардың тілдік дыбыстық жүйесін меңгеріп, әр дыбысты жеке тұрғыда да, басқа дыбыстармен тіркесте тұрғанда да әдеби тіл нормаларын сақтап айтуы. Бұл іскерлікті оқушылар фонетика, орфоэпиямен шұғылдану арқылы игереді.

  2. Сөйлегенде, барлық сөзді, қосымшаларды саралап айту іскерлігі. Сөзді ашық, нақпа-нақ айтушыларды дикциясы жақсы адамдар дейді.

  3. Сөйлемде логикалық екпінді дұрыс сақтап айту іскерлігі. Мұның өзі де сөзді де анық, ашық айтуға мүмкіндік береді.

  4. Интонацияны дұрыс қолдану дағдыларын игеру, сөйлеу қарқынын

анықтау іскерлігі
Оқушыны осы аталған дағдыларға үйретуде фонетика мен орфоэфияны дұрыс оқытудың орны ерекше екенін көрдік. Аталған фонетика мен орфоэфияның заңдылықтарын дұрыс меңгеру әдеби тілдің нормасына жатады, сөздердегі дыбыстардың айтылуын, естілуін, жазылуын, дұрыс айта білуге дағдыланады. Егер оқушы сөзді немесе дыбысты дұрыс айта алмаса, бір дыбыстың орнына екінші дыбысты ауыстырып айтатын болса, немесе жазса онда ол әдеби тілдің дағдысын бұзып, сол сөзді қате айтумен бірге, дұрыс сауатты жаза алмайтын болады.
Оқушыны мәнерлеп оқуға дағдыландыруда фонетика, орфография, орфоэфия, синтаксисті оқытуға орай дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылуындағы ерекшеліктерді, қатаң, ұяң, үнді дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін меңгерту, сөйлем соңына қойылатын (сұраулық, лептік, нүкте, сондай-ақ үтір, қос нүкте, сызықша) тыныс белгілерін дауыс ырғағы, айтылуына қарай дұрыс қоя білу, сөзді буынға дұрыс бөлу, тасымалдау, сөзге дұрыс екпін түсіріп айта білу, сондай-ақ үнтаспадан ертегілерді айтудағы ерекшеліктерді аңғарту, өлең – тақырыптарды, мақал-мәтелдерді тыңдату сияқты жұмыс түрлерін жүргізу зор рөль атқарады.
Сонымен қатар оқу сабақтарында мәнерлеп оқу жұмысы сөздің лексикалық жағына көбірек тоқталуды қажет етеді. Бастауыш сыныпта сөздердің көркемдігін, бояуын аша білу – ең маңызды жұмыс. Өйткені балалардың ой сезімін қорғауға көркем шығарма негіз болады.
Мәтіннің және көркем шығарманың негізгі ой - тірегін анықтап алмай, оқығандағы мақсат айқын болмайынша бірде бір жолды мәнерлеп оқу мүмкін емес.
Шығарманы дұрыс түсіну, сол арқылы тыңдаушыға дұрыс әсер ету дегеніміз – шығарманың ең негізгі ойын, негізгі идеясын түсіну, соны білу. Екіншіден, сол шығармада айтылғандарды жүрекпен сезіну, көз алдына келтіріп елестету. Үшіншіден, сол өзі меңгерген түсінігін тыңдаушыға жеткізу мүмкіндігін жасау, тыңдаушының шығармадағы әрбір оқиғаны, әрбір суреттеуді, әрбір фактіні дұрыс түсініп, дұрыс бағалауын қамтамасыз ету. Міне, осы айтылған үш талап бірдей орындалса, оқушы мәнерлеп оқуды игеруді деуге болады. Бұл талаптардың орындалуы, әсіресе, бастауыш мектепте мұғалім тарапынан арнаулы жұмыстың жүргізілуін керек етеді. Ол үшін мәнерлеп оқуға үйретуге керекті жағдайларды және мәнерлеп оқудың іске асырылуына керекті құралдарын мұғалім өзі жақсы біліп, олардың дұрыс орындалуын үнемі қадағалап отыруы шарт.
Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімі көбінесе өзі мәнерлеп оқу арқылы оны оқушыларға үйрете алады
Сондықтан балаларға мәнерлеп оқуға ұсынылатын шығарманы жан-жақты таңдап алып қана оқып береді. Оқу кезінде жоғарыда айтылған мәнерлеп оқудың барлық әдіс-тәсілдерін қолданып жеткізеді.
Мәнерлеп оқып беруге ұсынылатын шығарма бойынша алдын-ала мынадай жұмыстар жүргізуге болады.

  1. Балалар мәтіндіалдымен іштей бір оқып алады.

  2. Мәтіннің мазмұн-мағынасына сай қай жерге логикалық кідірістер жасау керегін белгілеп алады.

  3. Мәтіннің ішіндегі балаларға түсініксіз сөздер мен сөз тіркестері теріп жазылып, түсіндіріліп, сөздік жұмысы жүргізіледі.

  4. Шығарма мазмұнын мәнелеп оқу мен әңгімелеу арқылы оқушыларды мәтіндегі негізгі ойды ұғындыруға баса назар аударылады.

Мұғалім мәнерлеп оқуға ұсынылатын әрбір тақырыпты мазмұнына лайық талдап, даярланады. Сабақ барысында сыныптағы оқу сабағының әдістерімен іске асырады.
Сонымен қатар мұғалім «Әдебиеттік оқу» сабақтарында оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыруда үнтаспаларда ұжымдық тыңдауды жүйелі ұйымдастыру, соңынан ол туралы пікір алысу, тұтас мәтінге талдау жасап, оны жатқа айтқанда не естірте оқытқанда, қандай тартымдылық тәсілдері қолданылатынын анықтау және көрнекі құралдарда тартымды сөйлеу элементтерін пайдалану, интонацияны дұрыс айтуға жаттықтыру сияқты көптеген жұмыстар жүргізулері тиіс.
Мұндай тапсырма түрлері бастауыш сыныптың «Әдебиеттік оқу» оқулықтарында да көрініс тапқан. Мәтіннен кейін берілетін сұрақтар мен тапсырмаларда «Өлеңге сай ырғақты таңдап ал», «Өлеңді мәнерлеп оқыңдар», «Мәтіндегі шешендік сөздерді тауып, мәнерлеп оқы» деген сияқты тапсырмалар кездеседі.
Адам сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп қана қоймай, оларды тең мағынада сөз арқылы бейнелейді. Халқымызда «Көз жеткізбегенді сөз жеткізеді» деген тамаша мақал бар.
Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сөйлеу өз қызметін дұрыс атқара алмайды. Мұның біріншісі – сөйлеудің мазмұндылығы, екінші оның мәнерлілігі. Сөйлейтін сөзде мазмұны болмаса, ол өзінің сөздік мәнін жояды. Сөздің мазмұндылығы дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы. Ойы саяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.
Сөздің мәнерлігі дегеніміз – адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы.
Заттарды барында да, жоғында да дауыспен, қол сермеу, ишарамен (мылқаулар немесе артистер солай ететіні сияқты) немесе жазу мен түрлі белгілер; жарнамалар арқылы бейнелеу – сөйлеу болады. Ол үшін мыналар:

  1. Бір ойды басқаға беру үшін түйсіну.

  2. Ойды көрсете алатын сыртқы белгілер.

  3. Өзара түйсіну, сол арқылы ойды қалай беретін болса, сол күйінде қабылдап алу қажет. Ойсыз сөйлеу – сөйлеу емес, ал сөйлеу дегеніміз - ойдың бейнесі.

Сөйлеу – адамның ішкі ойларын жарыққа шығару. Ойдың тілі – сөз. Бір сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз. Атын атап, сөзбен бекітіп тастамасақ, жанда суреттер, ұғымдар тұрмас еді. Сөз болмаса, сөз бен адамзаттың бір-бірімен ұғысуы болмаса, жер жүзіндегі осы күнгі адамзат тұрмысы деген тұрмыс та болмаған болар еді...
Зерттеушілердің қорытындысында адамның маңызды психологиялық функциялары қатарында тіл қатысы мен сөйлеудің алатын орны ерекше екендігі дәлелденді. Сөйлеу арқылы адам өзінің ішкі дүниесін сыртқа шығарады, оны басқалар түсіне алады. Сөйлеудің мағынасы сананың ағымдағы бағыттарын баяндайды. Сөйлеу психикалық феномендікті психологиялық өнімге айналдырады яғни ой тіл арқылы көрініс табады. Сөйлеу адамның дербестік санасының феномені болып табылады. Сөйлеу әрекетінде тіл қолданылады. Сөйлеудің негізгі ерекшеліктері; ағымдағы өзектілігі, аумалылығы, құбылмалылығы, қостілділігі, яғни екі кісінің сөзі. Психология ғылымында сөйлеу іс-әрекет ретінде қабылданады, оның құрылымына, бағыт- бағдарлылық, жоспарлау, іске асыру және бақылау әрекеттері енеді.
Сөйлеу – тек адамға тән тіл қатынасының ең жетілген формасы.
Бастауыш сынып оқушылары көркем шығарманы дұрыс оқуда анатомиялық мүшелерінің қызметін және дыбыстау мүшелерінің қызметін ескеріп отырады. Оқушыларда мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру үшін алдымен сөйлеу техникасына жаттықтыру қажет. Сөйлеу техникасына мыналар жатады: тыныс алу (ауаны ішке жұту мен сыртқа шығару), дауыс, дикция. Мәтінді мәнерлеп оқуға дайындалғанда кідірістер, дауыс сазы, дауыс екпіні, интонация ескеріледі. Оны мәнерлеп оқудың нотасы мен партитурасы деп атайды. Әр шығарманың өзіндік ерекшелігі сақталып оқылады. Лирикалық шығармалардағы оқу жылдамдығы (темп), оқу құбылмалығы, драмалық шығармаларды оқудағы эмоциялық әсер, сюжетті шығармалардағы дауыс әуені әртүрлі болып келеді. Мәтін ынтамен, шабытпен оқылса, тыңдаушы тез ұғады.
Оқудың, сөйлеудің әсерлі де мәнерлі, құлаққа жағымды естілуі тек қана дұрыс, еркін дем алуға тікелей байланысты. Еркін дем алмаған жағдайда сөз анық естілмей, сөйлем мағынасы сақталмай, бір сөйлемнің аяғы екінші сөйлемнің басы қай жерден аяқталып, қай жерден басталғанын ажырату қиынға түседі. Сондықтан дем алу ерікті дем алу, еріксіз дем алу болып бөлінеді.
Ерікті түрде дем алғанда өкпеге енген ауадан көкірек пен қабырғаның жоғарғы жағы көтеріліп, қабырғаның төменгі жағындағы бүлкілдек еттері қозғалысқа түседі. Сонда еркін, терең тыныс алады. Қайтқан ауа мұрын қуысы арқылы шығады.
Еріксіз дем алу көбінесе сөйлеу тілінде асығыстықтан, жүріп келе жатып сөйлегенде жиі кездеседі. Шығарма оқу барысында өзінің дұрыс дем алуын басқара алмаған оқушы келістіріп мәнерлі оқи алмақ емес.
Мәнерлеп оқудауыстың өзіне де қатысты. Дауыс сөйлеуші адамның сөзін, өзіндік үнін, көңіл-күйін тыңдаушыға бағыттап отырады. Дауыстың естілуі - физиологиялық әрекеттің нәтижесі. Мәнерлеп оқу оқушыларды әсемдікке баулиды, көркем сөз маржандарының мағыналық мәнін, көркемдік сәнін игереді.
Мәнерлеп оқудауыстың өзіне де қатысты. Дауыс сөйлеуші адамның сөзін, өзіндік үнін, көңіл-күйін тыңдаушыға бағыттап отырады. Дауыстың естілуіфизиологиялық әрекеттің нәтижесі.
Адам сөйлеуге ыңғайланғанда тыныс алу мүшесі арқылы ауа жұтады. Осы кезде өкпе кеңейіп, сөйлей бастасымен, өкпедегі ауа сыртқа шығуға бағытталады. Өкпеден қайтқан ауа тамақтағы дауыс шымылдығының аз-кем тосқауылына кездеседі. Себебі дауыс шымылдығы дегеніміз - тамақтың ішкі жағында кеңірдектің екі жағынан бір-біріне қарсы біткен жиырылмалы ет. Ол бірде керіліп, бірде жымдасып тұрады. Өкпеден ауа қайтқанда осы дауыс шымылдығы керіліп тұрса, діріл пайда болып үн шығады
Ал, дауыс шымылдығы жиырылып тұрса, діріл пайда болмай, үннен гөрі баяу салдыр пайда болады. Енді ол қуыс мүшелеріне түседі. Онда мұрын қуысы мен ауыз қуысындағы дыбыстау мүшелерінің күшейткіштеріне (резонаторларына) тікелей байланысты болады. Себебі мұрын қуысындағы кеңсіріктің, ауыз қуысындағы кішкене тілдің, таңдайдың, тістің, жақтың, т.б. дұрыс орналасуы, түзу болуы дауыстың дұрыс шығуына мол әсер етеді. Мысалы, кеңсіріктің, кішкене тілдің өз орнынан сәл ауытқуы, қисаюы, ауруға ұшырауы дауысты бұзады. Біз өмірде сирек те болса естіп жүретін «маңқа», «мыңқылдап сөйледі», «дауысы қарлығып қалыпты», т.б. деген сөздер осы дауыс күшейткіштерінің қызметі мен дауыс шымылдығы ауруға ұшыраған жағдайда болады.
Әр адамның өзгеге ұқсамайтын өз даусы болады. Алайда сирек те болса ұқсас дауыстылар да кездеседі. Соның өзінде өзіндік өзгешелігі болады. Барлығы ортақ табиғи негізгі дауыспен қатар, әрбір адамда қосымша дауыс немесе обертондар болады. Сол обертондар арқылы адамның жеке-дара өз даусы жасалып, үні таза шығады. Бірақ менің даусым осындай деп, өзінің даусын оқу кезінде, сөйлеу кезінде аңғарып, жаттықтырмаса, көркем шығарманың түрлі жанрларын оқу кезінде мәтінге дауыс қоя алмайды.
Дауыс белгілі жаратылыс заңдылығымен бірде төмен, бірде жоғары, бірде орташа қалыпта сан рет алмасып, жылыстап қайталанып отырып сөйлеу әуенін түзейді. Дауыстың өзіндік сапалары – дауыстың күші, дауыстың тазалығы, дауыстың беріктігі, дауыстың икемділігі, тұрақтылығы мен шыдамдылығы. Дауыстың осы сапаларын жетілдіріп, байқап фонетикалық жаттығулар жасап отырылады. Бұл жаттығулар арқылы оқушылардың дыбыстау мүшелері жетіліп, тіл дыбыстарын дұрыс айту дағдысы, яғни оқушының дикциясы қалыптасады.
Мәнерлеп оқуда дикцияның мәні зор. Дикция - айтудың анықтығы мен тазалығы. Егер оқушы әрбір тіл дыбыстарының артикуляциясын (жасалуын) дұрыс меңгеріп дыбыстаса, әрбір тіл дыбысы анық айтылады. Дыбыстың анық, ашық, таза айтылуы буындардың анық, ашық айтылуына, буындардан тұратын сөздердің анық айтылуына, сөздер мен сөз тіркестерінен тұратын сөйлемдердің анық, таза естілуіне жағдай жасайды. Сол арқылы мәтіннің мән-мағынасын түсініп оқуына жетелейді.
Сөз, сөйлем, ауызша дұрыс айту орфоэпия нормасын яғни сөйлеу мәдениетін жақсы игерумен байланысты. Орфография мен орфоэпия ережесі үнемі сай келе бермейді. Әсіресе бүл үндестік заңымен байланысты мәнерлеп оқу сабақтары – қазақ тілінен тіл дамытуға байланысты өтіледі. Мәнерлеп оқу дегеніміз – дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп, кейіпкердің көңіл-күйін сезіне білу.
Қазақ тілі сабағында мұғалім оқушыдан сөйлемді, жеке сөзді, сөз дыбыстарын ашық, анық сазына келтіріп оқуды талап етеді. Сөйлемдегі сөздердің мағыналық тобын құратын, тұтастық жігі синтагма деп аталады. Мәнерлеп оқудағы негізгі дауыс жүйесі - кідірістер. Дауыс кідірісі негізінен, сөйлемнің тыныс белгілеріне сәйкес келеді.
Кідіріс (пауза) деп сөз түйдегі немесе сөйлем аралығындағы толасты айтады. Кідіріс мәнерлеп оқуда немесе әңгімелеуде, баяндауда мәтіннің мағынасын ашып, айқындап береді.
Психологиялық кідіріс арқылы оқушы кейіпкердің іс-әрекетіне өзінің көзқарасын білдіріп, орындаушының толғанысын білдірсе, логикалық кідіріс аяқталған, тиянақталған ойды білдіреді. Кідірістің түрленуі дауыс толқындарының мөлшеріне байланысты.
Сабақта мәтінді мәнерлеп оқыту мәтін мазмұны, өлең, жаттығу, тіл дамыту сабақтарына байланысты өтіледі. Оқушылар нормативтік дауыс ырғағын игереді. Дауыс ырғағы бір секунд ішіндегі дірілдің мөлшеріне, дірілдің қарқынына байланысты. Дауыс күші дегеніміз үннің биіктеуі мен төмендеуі, қарқынның бірде жылдамдап, бірде баяулауы. Дауыстың жоғары, орташа, төмен ырғаққа жеңіл жылжуын дауыс икемділігі дейміз. Мәнерлеп оқу құралдарына интонация, екпін, кідіріс, дауыс күші, дауыс сазы жатады..
Нормативтік дауыс ырғағына сұраулы, лепті, хабарлы сөйлем, қыстырма сөйлем, қаратпа сөйлем, бірыңғай мүшелерді оқыту интонациясы жатады. Мәтінді мәнерлеп оқуға дайындағанда оқу мен сөйлеуде бақылаушының сөзі қалай шығуы керектігі шартты белгілермен көрсетіп қойылады. Олар:
Логикалық екпін түскен сөздің астын бір сызу - Бір сөзді айрықша даралап, ерекше әуенмен айту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет