Өзінің көркемдігі жағынан ол пьесадан әлдеқайда биік тұр деп есептеймін және нағыз шебер Европа прозашыларының романдарымен қатар тұр.
Қайталап айтамын, роман жақсы, екінші бөліміне де сондай сәттілік тілеймін.
Бізде. «Тарихи тақырып» деген сөздің өзін құбыжық көретін адамдар бар, бұл тарихты бағаламау. Мәселе, не туралы емес, қалай жазуда. Егерде тарихи тақырыпты марксизм-ленинзм идеологиясы тұрғысынан жазса – онда тұрған жаманшылық жоқ, керісінше, тамаша ғой. Ондай еңбекті бағаламау – оңбағандық. «Абай» романында сен толыққанды совет жазушысы есебінде сөйлейсің, мен мұны еш қызғанышсыз-ақ мәлімдеймін. Бірақ бұл соңғы пікір емес. Сен нақты тарихи дәуірде өмір сүріп отырсың, сондықтан да сол дәуір туралы оқырмандар сенен «Абаймен» пара-пар шығарма күтеді және олары орынды да.
Менің тарихқа тіксіне қараған кездерім де болды. Жоғарыда айтқанымдай, баяғыда өтіп кеткен сол күндеріме сын көзбен қараймын. Материалистік диалектикаға негізделген менің қазіргі пікірім бойынша, менде – әке де, шеше де, халық та жоқ (тек тап бар – Т. Ж.) деген адам нағыз сатқын. «Мен – қазақпын, өз халқымды сүйемін» деп айту – коммунизм принципіне қайшы келмейді. Лениннің өзі де ұлы орыс халқының ұлы екенін мақтанышпен айтты ғой. Өте жақсы әрі күшті айтылған. Тек өз халқыңа деген махаббаттың коммунизм принципіне қарсы келмесе болғаны. Біздің халқымыздың кейбір тарихи кезеңдеріне үрке қарағаныммен, мен ешқашанда халқыма дұшпан болған емеспін. Мен өзім шыққан халықты сүйдім, қазір де сүйемін, өйткені ол – көпшілік, оның да қанаушылары бар. Бұрынғы кездерімдегі Абайды жете бағаламауым және басқалары менің халыққа қарсы екендігімнің дәлелі бола алмайды. Өзін халықтың жоқшысымын дейтіндермен бұрын да жарысқа түсіп келдім, қазір де жарысуға (қызмет етуге – Т. Ж) дайынмын». Мұндай жалаң даңғазаға құрылған желөкпе сөздерді әлі де естіп қалуға болады. Ол өсектер Сәбит Мұқановтың тірі кезінде де айтылған. Әрине, жаңылмайтын жампоз, сүрінбейтін тұяқ жоқ. Тек қана Кенесары Қасымовтың ұлт азаттық көтерілісі туралы бірде оны қостап, бірде оған қарсы шығып, үш рет мақала жазыпты Сәбит. Оның ішінде, Мұхтардың «Хан Кене» пьесасын тек сыни пікірінде тілге тиек етіп, Кенесарыны мақтаған тұсында оны қалыс қалдырған. Осы хаттың бас жағында «Кенесары, Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты халықтың нағыз достарына да қамшы ойнаттым. Ол менің теориялық білімімнің жетімсіздігінен еді», – деген сөздер бар. Бұдан кейін де, тура он жыл өткен соң Сәбит Мұқанов Кенесары көтерілісіне: