«Макроэкономика» пәнінен ДӘріс жинағы шымкент


Тақырып 4. Жалпы макроэкономикалық тепе-теңдік



бет15/68
Дата11.12.2021
өлшемі1,81 Mb.
#79106
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68
Байланысты:
Конспект лекций по макро каз 2020
1 лекция — студент ЭМР
Тақырып 4. Жалпы макроэкономикалық тепе-теңдік.


  1. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс және оларды анықтайтын факторлар

  2. Макроэкономикалық тепе-теңдік

3.Жиынтық сұраныс пен ұсыныс сілкіністері.
Жиынтық сұраныс – АD (aggregate demand) экономикада өзіндік түпкі тауарлардың қызымет көрсетулерге кететін барлық шығындардың сомасын береді.

Жиынтық сұраныс дегеніміз – сатып алушының сұранысы, өндірілген өнім саны мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік.

Басқа сөзбен айтқанда, жиынтық сұраныс қисығы әрбір берілген баға деңгейінде сатып алатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер санын көрсетеді.

Бұл қисық жиынтық сұраныс қисығы деп аталады.

Жиынтық сұраныс қисығы деп бұл әрбір мен болатын баға деңгейінде тұтынушылардың сатып алуға дайын өнімдерінің санын береді.



б аға деңгейі

Р Жалпы жиынтық сұраныс АD құрылымына

мыналар кіреді:

1)тұтынушылардың тауарлар мен

қызмет көрсетулерге сұранысы(С)
АD

У өнім шығару деңгейі

3.1сурет.- Жиынтық сұраныс қисығы

2) мемлекет тарапынан тауарлар мен қызмет көрсетулерге сұраныс (G).

3)инвестициялық тауарларға сұраныс (I)

4)шетелдер тарапынан біздің экспортқа сұраныс(Xn)

АD – қисығынын жылжу жалпы баға динамикасына қарапайым көрінісін көрсетеді.Бұл тәуелсіздіктің қарапайым көрінісін ақшаның сандық теориясы теңдеуінен алуға болады. Біз жиынтық сұраныстың сандық ақша теориясының базасында қарапайым теңдеуін құра аламыз.

MV = PY


Мұнда: М – ақша ұсынысы;

V - ақша айналымының жылдамдығы (мұнда ол тұрақты);

P - баға деңгейі;

Y - өндірілген өнім және көрсетілген қызмет саны.

Ақша ұсынысының бұл теңдеуі өндірістің атаулы көлемін анықтайды, ал ол өз кезегінде баға деңгейіне және өндірілген өнім санына тәуелді.

Сандық ақша теориясының теңдеуі ақша қаражатының сұранысы мен ұсыныс көрсеткіштері түрінде нақты көрсетілуі мүмкін..



d

М / Р = ( M/P) = kY

Мұнда: к = 1/V. d

Бұл теңдеу нақты ақша ұсынысы M/P = (M/P ) сұранысқа тең және сұраныс өндірілген өнім Y санына пропорционалды екенін көрсетеді. Әрбір берілген ақша ұсынысының деңгейіне (РҮ) өнім шығару көлемінің белгілі бір мәні сәйкес келеді. Егер Р баға деңгейі көтерілсе, Ү өнім шығару көлемі қысқаруы керек. Р және Ү арасындағы кері тәуелділік механизмін анықтау үшін, ақша ұсынысы және жалпы шығарылған тауарлар мен қызметтер көлемінің арасындағы тәуелділікті қарастыруға болады.

Ақша айналымы жылдамдығы тұрақты болғандықтан, шығарылған тауарлар мен қызметтердің ақшалай көлемі ақша ұсынысының мөлшерімен анықталады. Баға деңгейі көтерілгенде тауар мен қызмет көрсетуге көп мөлшерде ақша қажеттігі туындайды, сондықтан сатып алынатын тауарлар мен қызметтер саны азаяды.

Ақша нарығындағы сұраныс пен ұсынысты талдау да осыны көрсетеді. Өндіріс көлемі өскен сайын жасалатын мәмілелер саны да көбейеді, демек, М/Р нақты сипатында ақшаның көп қоры қажет. Тұрақты ақша ұсынысы кезінде ақша қаражатының қоры нақты күйінде керісінше, ең төменгі баға дейңгейіне ақша қаражатының көп қорлары сәйкес келеді, ақша көлемінің өсуі жалпы үлкен сомаға мәмілелер жасауға көмектеседі, яғни өнім өндіру көлемін ұлғайтуға көмектеседі.

Ақша ұсынысы тұрақты болғанымен Р баға дейгейі мен өндірілген өнім Y саны арасындағы тәуелділік теріс екендігін сандық ақша теориясының теңдеуінен көреміз. Р және Ү әр түрлі мәндерінің байланысы келтірілген, олар сандық теорияны, белгілі бір тұрақты ақша ұсынысы теңдеуін қанағаттандырады.

Жиынтық сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторларға мыналар жатады:

1)тұтынушының әл – ауқаты ;

2)тұтынушылардың болжамы;

3)салықтар;

4)% ставкасының тербелісі;

5)субсидиялар,несиелер,инвесторларға жеңілдіктер,валюта бағасының тербелісі;

6)сыртқы нарықтағы жағдайлар;

2)Жиынтық ұсыныс - бұл сатушылардың әр түрлі баға деңгейінде ұсынатын тауарлар саны мен көрсетілетін қызметтер мөлшерін көрсетеді. Жиынтық ұсыныс AS(aggregate supply) – бұл экономикада сатып алынатын барлық соңғы тауарлардың қызметтерінің жалпы саны .Бұл ұғым жиі ЖІӨ-ң синонимі ретінде қарастырылады. AS жиынтық ұсыныс қисығы жиынтық өнім көлемі экономикада баға деңгейінің әртүрлі көлеміндегі өндірушілердің ұсынысын береді.Жиынтық ұсынысының бағалық емес факторлары технологияның өзгерістері,ресурс бағалары,фирманың салықтық салымы және т.б. және олар AS қисығының өзгерісін береді.

Мысалы:мұнай және мұнай өнімдеріне бағаның өсуі,шығындардың өсуіне алып келіп AS қисығын солға жылжытады және өндіріс көлемін төмендетеді(мұнай шогы).

AS қисығының формасын классикалық және кейнсиандық мектептерде әртүрлі түсіндіреді. Сондықтан жиынтық ұсыныс қисығының екі түрін ажырата білу қажет: ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныстар.

Ұзақ мерзімдік кезеңде экономиканың функциясы классикалық үлгімен сипатталатындықтан , жиынтық ұсыныс қисығы соның негізінде өндірілген өнімнің, көлемнің, еңбектің және классикалық теория бойынша тұрғызылады.



  • өнім өндіру көлемі тек қана қолданылатын факторлар санына, яғни капитал мен еңбекке, технологияға байланысты, ал баға деңгейіне байланысты емес;

  • өндіріс факторы мен технологиядағы өзгерістер баяу болады;

  • экономикадағы барлық өндіріс факторлары қолданылады, яғни өнім шығару көлемі әлуетті өнім көлеміне тең;

  • баға және атаулы еңбекақы икемді және олардың өзгеруі нарықтағы теңдікті қамтамасыз етіп отырады.

Y = F (K , L)

Сонымен, классикалық үлгі негізінде өнім шығару көлемі баға деңгейіне тәуелді емес. Сондықтан 3.2-суретте көрсетілгендей жиынтық ұсыныс кисығы тік сызық болып табылады. Жиынтық сұраныс қисығының жиынтық ұсыныстың тік қисығымен қиылысу нүктесі баға деңгейін анықтайды.



баға деңгейі LRAS

У өнім шығару деңгейі

3.2-сурет. Жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімдік қисығы.

Егер жиынтық ұсыныс қисығы тік болса, онда жиынтық сұранысының өзгерісі бағаға әсер етеді, өндіріс көлеміне әсер етпейді. Мысалы, егер ақша ұсынысы қысқарса, онда 6-суретте көрсетілгендей жиынтық сұраныс қисығы төменге қарай ығысады. Экономикада жиынтық сұраныс пен ұсыныс қисықтары қиылысуының ескі нүктесінің жаңа нүктесінен ауысу жағдайы болады. Жиынтық ұсыныс қисығы тік болғандықтан, жиынтық сұраныс қисығының жылжуы баға деңгейінің өзгеруіне әкеледі.

баға деңгейі LRAS

Р

У өнім шығару деңгейі



3.3-сурет. Ұзақ мерзімдік кезеңдегі жиынтық сұраныстың өзгеруі

Егер жұмыспен толық қамтылған жағдайындағы өндірілген өнім көлемі болса немесе шығарылған өнім көлемі өндірісте жұмыссыздықтың табиғи деңгейі кезінде өндірілсе, онда бұл экономика ресурстарының толық пайдаланылғаны кезеңіндегі өндіріс деңгейі.

Классикалық үлгі және жиынтық ұсыныстың тік қисығы тек ұзақ мерзімдік талдауға ғана қолданылады.Ал қысқа мерзімдік кезең ( кейнстік): жиынтық ұсыныс қисығы көлденең түзумен берілген.Қысқа мерзімдік кезеңде кейбір тауарларға деген бағалар икемсіз болады және сондықтан олар сұраныстың өзгеруіне бейімделмеген. Бағалардың икемсіз болуына байланысты қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы тік түзу болмайды. Бағалар деңгейі өзгермейтіндіктен, оны (3.4-сурет) графикте жиынтық ұсынысының көлденең қисығымен суреттеуге болады.

Қысқа мерзімдік кезеңде жиынтық сұраныс қисығының және көлденең жиынтық ұсыныс қисығының қиылысу нүктесі экономикалық тепе-теңдік нүктесі болып табылады. Енді жиынтық сұраныс мөлшерінің өзгеруі өнім шығару көлеміне әсер етеді.

Р баға деңгейі

У өнім шығару деңгейі

3.4 сурет.- Қысқа мерзімдік кезең( кейнстік): жиынтық ұсыныс қисығы

Мысалы, егер Ұлттық банк ақша ұсынысын азайтса, жиынтық сұраныс қисығы 3.5-суретте көрсетілгендей, солға қарай жылжиды. Баға деңгейі өзгермейтіндіктен, жиынтық сұраныстың өзгеруі өнім шығару көлемінің төмендеуін тудырады.



баға деңгейі

Р

У өнім шығару деңгейі

3.5-сурет.Кейнстік жиынтық ұсыныстың қысқа мерзімді кезеңде жиынтық сұраныс қисығының ығысуы

Сұрақтар:



  1. Жиынтық сұраныстың мәні және құрылымы.

  2. Жиынтық сұранысқа әсер ететін факторлар. ҚР жиынтық сұранысқа баға беру.

  3. Жиынтық ұсыныстың кейнсиандық моделі.

  4. Жиынтық ұсыныстың классикалық моделі

  5. Қысқа және ұзақ мерзімді периодтағы жиынтық ұсыныс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет