«Макроэкономика» пәнінен ДӘріс жинағы шымкент



бет13/68
Дата11.12.2021
өлшемі1,81 Mb.
#79106
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68
Байланысты:
Конспект лекций по макро каз 2020
1 лекция — студент ЭМР
Жұмыссыздар – бұл жұмыспен қамтылмай қалған экономикалық белсенді халықтың бір бөлігі және жұмысты белсенді түрде іздейтін және жұмысқа тез арада кірісуге дайын адамдарды айтамыз.

Еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабілетті белсенді халық жасы Қазақстанда ер адамдарға 16 – 63 жас , әйел адамдарға 16-58 жас аралығы.

Жұмысы бар сонымен қатар толық емес жұмыс күнін атқаратын адамдар жұмыспен қамтылғандарға жатады.Жұмыс іздеп түңілген адамдар жұмыс күшіне алдағы уақытта жатпайды.

Жұмыспен қамтылғандар + жұмыссыздар жиынтығы жұмыс күшін береді.Жұмысы жоқ және оны белсенді түрде іздемейтін адамдарды жұмыс күші құрамынан шыққандар болып есептеледі.

Жұмыссыздық деңгейі (%)=жұмыссыздар саны ∙ 100

Жұмыс күші

Ресми жұмыссыздық деңгейі (%) =Ресми тіркелген жұмыссыздар саны

экономикалық белсенді халық саны

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі (NAIRU)-ол жұмыссыздың тұрақты деңгейі инфляцияны тұрақтандырады деген тұжырымға көңіл бөледі.Ол жұмыссыздың нақты орташа деңгейінің өткен 10 жылдағы көрсеткішінің кейінгі 10 жыл көрсеткіштерінің орташа нәтижесі арқылы анықталады.Табиғи жұмыссыздық деңгейін келесі себептермен байланыстырады:

1)жұмыссыздық бойынша қамсыздандыру жүйесі(пособия) жағдайында жұмысты іздеу уақытысының өсуі;

2)жалақының тұрақтылығы “күту жұмыссыздығын” туғызады. “Күту жұмыссыздығы ” – нақты жалақы деңгейінің оның тепе – теңдік мәнінен асуы кезінде пайда болады.

Нақты жалақы Жалақының тұрақтылығы



жұмыс орындарының

W жеткіліксіздігін әкеледі . Ол

P мыналарға байланысты:

1)заңда бекітілген жалақының

ең төмен мөлшері;

Ls Ld

.
2)жеке еңбек шарттары мен ұжымдық келісімдердегі жалақы деңгейінің бекітілуі;

3) Фирманың жақсы маман жұмысшысынан айырылмас үшін фирманың жалақыны төмендетпеуі

Артур Оукен жұмыссыздық деңгейі мен ЖІӨ-ң арасындағы байланысты көрсеткен.

Оукен заңы – ол егер жұмыссыздың нақты деңгейі табиғи деңгейден 1 % асса, онда өндірістің нақты көлемі (ЖІӨ) потенциалдыдан В% (2,5%) төмен болады (2-3 арасы)

У-Ух = -В(u-ux) немесе У-У1=+3%-2%(u-u-1)

Ух У-1

У- ағымдағы нақты өндіріс көлемі

У*-потенциалды ЖІӨ

u-ағымдағы жалақы нақты жұмыссыздық деңгейі

u*-табиғи жұмыссыздық деңгейі

У-1-өткен жылғы нақты өндіріс көлемі

u-1-өткен жылғы нақты жұмыссыздық деңгейі

В-циклдік жұмыссыздық динамикасына эмпирикалық коэффициенті

Соңғы уақытқа дейін  біздің санамызда «инфляция»  деген ұғым капитализмнің  кеселі ретінде орнықты. Инфляция термині латын сөзі – inflatio – (вздутие) – қампаю  деген мағына береді. Құн заңы әрекетімен анықталатын тауар-ақша қатынастарының болуы инфляциялық процестерді тудырады. Инфляция себебі, әрекет ету механизімі, көрінуі және оның зардаптары мен күресу жолдары бұрын соңды біздің елде терең зерттелмеген. Инфляцияның басты ерекшелігі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық  факторларына қатысты сан алуан себептерден турады. Басқаша айтқанда, инфляция бүкіл шаруашлық механизімінің қызметінен туындайды.

Инфляция азамат  тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай тарихы бар. 1775-1783 жылдары  Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін  болған соғыс доллардың  құнсыздануына әкеліп  соқты. Франция 1789-1794 жылдары революция кезінде  өндірілген қағаз асигнаттар 7 жылда 883 есе құнсызданды.

Алғашқы рет «инфляция»  деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та азамат соғысы кезінде (1851-1865 ж.)  орасан зор гривналар ақша орнына  қолданылған күміс кесек (450 млн. доллар)  шығарылуына байланысты қолданыла бастады, ол оның төлем  қабілеті екі жылдың ішінде 60 %  дейін төмендеді.

Инфляция – бұл жалпы (орташа) баға деңгейінің тұрақты өсу тенденциясы немесе ақшаның құнсыздануы.Дефляция – бұл жалпы баға деңгейінің тұрақты кему тенденциясы.Дезинфляция – бұл инфляция деңгейін кеміту.

Жай – 10%

Үдемелі – 50-60 %

Гиперинфляция(ұшқыр) – 200%

Инфляция деңгейі бұл орташа немесе жалпы баға деңгейінің қатысты өзгерісі
π= Р-Р1 Р – ағымдағы жылғы орташа баға деңгейі

Р-1 Р-1 - өткен жылдағы орташа баға деңгейі

Орташа баға деңгейі баға индексі арқылы есептеледі.Көбіне инфляция деңгейін есептеуде тұтыну бағалары индексін ТБИ немесе CPI қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет